29.Шаршау және қалжырау.
Клеткаларда, органдар мен тұтас организмде белгілі бір жұмыс атқару барысында олардың жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуі мен дем алғаннан кейін бастапқы қалпына қайтып оралу қабілетін шаршау деп атайды. Денеден бөлініп алынған еттерді ұзақ уақыт тітіркендіру нәтижесінде пайда болатын шаршау екі себептен тууы мҥмкін:
1) тітіркендіру барысында еттерде фосфор, сҥт қышқылдары сияқты зат алмасу продуктылары көптеп жинақталады. Бұл заттар ет талшықтарының жұмысын әлсіретеді. Тҥзілген заттардың біразы және К+ иондары талшықтан сыртқы ортаға (клетка айналасындағы кеңістік) өтеді де клетка мембранасының негізгі қасиеттерін бұзады.
2) ұзақ уақыт тітіркендіру барысында ондағы энергетикалық қордың көзі азаяды.
Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сондай –ақ бүкіл ағзаның қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткаларда тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен, ағза қызметінің кез – келген түрі белгілі – бір уақыт өткеннен кейін шаршау тудырады.
Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл әсіресе төменгі сынып оқушыларында айқын байқалады: Балалар жан–жағына алаңдап, сөйлесе бастайды, есінейді керіледі.
Шаршауды қалжыраумен шадастыруға болмайды қалжырау- шаршаудың субьективті көрінісі, әрі ол ағзаның әлсіреуі, аздап мең- зеңдікті сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді. Шаршаудан және қалжыраудан басқа тағы да болдырғыштық бар. Бұл термин,мен адамның шаршауға азды-көпті бейімділігі немесе қабілетін білдіреді.
Шаршаудың нәтижесінде көздің өткірлігі төмендейді, есітуі нашарлап, айқын көру тұрақтылығы және көздің электр сезгіштігі өзгереді. Шаршау- кез-келген қызу жұмыстың заңды салдары, сондықтан одан қауіптенбеген жөн жұмыс істемеген адам ғана шаршамайды.
30.И.П.Павловтың анализаторлар туралы ілімі. Анализаторлардың негізгі үш бөлімі.
Анализатор – (талдағыш) – анализатор (грек. аnalysis – қаз. бөлшектеу, жаю) талдама (сыртқы түйсікті мүшелерден бастап, миға дейінгі күрделі жүйке механизмі; ол дүниедегі сыртқы құбылысты,әсерді қабылдайды және талдайды). И.П.Павловтың ұсынған ұғымы. Тітіркендіргіштерге әсерлену мен қабылдауда, өңдеуде қатысатын афференттік және эфференттік жүйке құрылымының жиынтығын білдіреді. Көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері, қимыл-қозғалыс (кинестетикалық ) т.с.с. талдағыштар (анализаторлар) бар А. – организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін тітіркендіргіштерді талдау және синтездеу қызметін атқаратын жүйке аппараты. Түйсіктердің физиологиялық негіздері болып табылатын – ол тітіркендіргіштің оған сәйкес анализаторға (сезім мүшесіне) әсері нәтижесінде пайда болатын жүйке процесі. И.П.Павлов бойынша, анализатор – бұл тітіркендіргіштерді қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттік және эфференттік жүйке жолдарының жиынтығы.
Әр түрлі сыртқы және ішкі тітіркенгіштерді қабылдайтын және оларды талдап жауап қайтаратын сезгіш жүйкелер жүйесін – сенсорлық жүйе немесе анализаторлар (талдағыштар) деп атайды. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, дәм, және висцеральды.
Әрбір анализатордың 3 бөлімін ажыратады:
Рецепторлық бөлім – сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады.
2. Өткізгіш бөлім рецепторда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
3. Талдағыштың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |