1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет35/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Минералкортикоидтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. Бұл топқа альдостерон мен одан белсенділігі 20-30 есе төмен 11-ші дезоксикор-тикостерон жатады. Минералкортикоидтар бүйрек ұлпасында, тер және сілекей бездерінде, ас қорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы су мен түздардың алмасуын реттейді. Бұл топтың басты гормоны альдостеронның әсерінен натрийдің алғашқы несептен бүйректің нефрондарына қайта сіңуін күшейтеді және калийдің қайта сіңуін азайтады. Натрийден кейін іле-шала су бүйрек каналшаларына қайта сіңеді, яғни альдостерон гормоны натрийдің қайта сіңуін күшейту арқылы судың алмасуына да әсерін тигізеді. Альдостерон жеткіліксіз болған жағдайда бүйрек арқылы организмнен натрий көптеп шайылады және дене сусызданады. Ал оның көбеюі денедегі қабынуларды күшейтеді.
Адренокортикоидтар – андростерон, эстрол және прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы (торлы) зонасының клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гормондарына қарағанда Бұл ар анағұрлым әлсіздеу келеді. Дегенмен Бұл ардың әсері жыныс бездерінің гормондары тәрізді. Олар жас өспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Олардың маңызы, әсіресе балалық және қартайған шақта күшті болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші қүрылым болып қалады.

Бүйрек үсті бездерінің м и л ы қабатының гормондары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады.


Адреналинның жүрек-қан тамырлар жүйесіне ықпалы юр. Ол жүректің жұмыс ын күшейтіп, соғу ырғағын гездетеді, қозғыштығын үлғайтып, импульстердің өткізгіш жүйесіарқылы қозғалысын жақсартады. Қантамырларын тарылтып, ондағы қысымды өсіреді. Адреналиннің қан қысымына әсері көбінесе қысқа мерзімде басылады. Дененің әр жеріндегі қан тамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, ішкі мүшелерді қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының қабырғасын босатады, ал оған байланысты қаңқа еттеріне келетін қанның мөлшерін молайтады. Жүректің қан тамырлары адреналиннің әсерінен кеңейеді де жүрек еттерін қанмен қамтамасыздандыру жақсарады.
Адреналин ішек еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын басады, бронх еттерін босатады, көздің қарашығын кеңейтеді, жүкті әйелдердің жатыр еттерін жиырады, тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтан күшті эмоция кезінде адамның төбе шашы «тік» тұрады , көмірсутегінің алмасуына әсер етеді, бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкөзурияны тудырады. Майдың алмасуына әсер етеді, оның тотығуын күшейтеді. Мұның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған. Әсіресе қауырт қиын жағдайларда Бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың сезімталдығын, әсіресе көру, есту, вестибулярлық сезімдерді күшейтеді. Бұл өзгерістер қиын жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімделуге бағытталған. Сондықтан бүйрек үсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші гормондар дейді.

Бүйрек үсті бездерінің гормондарының мөлшері гипофиздің АКТГ гормоны арқылы реттеледі. Оның үстіне қанның мөлшері азайғанда ондағы натрийдің мөлшері кеміп, калий көбейгенде қыртысты қабаттың гормон-дарының түзілуі артады. Милы қабаттың гормондарының мөлшерін жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі реттейді. Бұл бездердің қызметін жоғары дәрежеде гипоталамус, торлы қүрылым және ми қыртысындағы нерв орталықтары реттейді






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет