1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет33/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Қозғалтқыш нейрон (латын тілінен мотор – нейронды қозғалысқа келтіреді; мотор нейрон) – жұлынның алдыңғы мүйіздеріндегі үлкен жүйке жасушасы. Қозғалыс нейрондары қозғалыс координациясын және бұлшықет тонусын сақтауды қамтамасыз етеді
Бұлшық ет талшығы жиырылуының механизмі
Бұлшық етке мотонейроннан импульстер келмей тұрғанда олар тыныштық күйінде болады.Тыныштық күйдегі ет талшығында миозин белогы, оған қажетті Mg2+ ионы, аденозин үшфосфат( АҮФ) қышқылы бар, бірақ АҮФ қышқылын миозин ыдыратпайды,себебі;
1) Са2+ иондары «босаңсу факторы» саркоплазма ретикулумдерінің цистерналары мен түтікшелерінде болады.
2) Актин белогі(жіңішке протофибрилдерді құрайтын) тыныштық күйінде тропонин белогімен қосылып белсенділігін жояды;
3) Тропонин белогі сонымен қатар миозинніңАҮФ қышқылын ыдырату қабілетін төмендетеді.


Баяу және шапшаң мотонейрон ерекшеліктері



32.Бүйрек үсті безі. Оның милы қабаты гормондарының физиологиялық маңызы.
Бүйрек үсті – қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады (яғни қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең.
Бұл – салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Егер жануарлардың екі безін де сылып алып тастаса, ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп, астан қалады, арықтап, салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын қүсып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің несеп шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.
Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын сылып алып тастаса, жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап, қыртыс қабатын қалдырса, айтарлықтай өзгеріссіз ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар бүйрекүсті безінен басқа кейбір ірі қан тамырларының бойында, шеткі ганглияларда кездеседі. Оған қоса, нервтердің ұштары норадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормондары тәрізді әсер етеді.
Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық түрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады.
Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет