43.Тыныс жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі, маңызы.
Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегісіз бірнеше минуттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Организмде оттегінің қоры жоқтың қасы – не бары бірнеше минөттік қана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді.
Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Тыныс маңыалу жүйесінің маңызы. Организмге тотығу процесіне қажет оттегі кіріп, организмдегі зат алмасудың соңғы өнімі көмірқышқыл газы шығады.
Тыныс алуды шартты түрде 3 процеске бөлуге болады:
Сыртқы орта мен өкпе арасындағы газ алмасу (сыртқы тыныс алу);
Өкпедегі альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу;
Қан мен ұлпа аралық сұйықтық арасындағы газ алмасу (ұлпалық тыныс алу).
Тыныс алу жүйесі екіге бөлінеді. Тыныс алу жолдарынан және тыныс алу орнынан тұрады.
Тыныс алу орны өкпеден тұрады.
Тыныс алу жолдары екіге бөлінеді. Жоғарғы және төменгі болып.
Жоғарғыға мұрын қуысы ауыз қуысы және жұтқыншақтың төменгі бөлігі жатады.
Төменгі бөлігіне: көмей,кеңірдек бронхыларды жатқызамыз.
Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді:
а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары;
ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат. альвеолус — ойма қуыс, науа).
Тыныс алуды шартты түрде 3 процеске бөлуге болады:
1) сыртқы орта мен өкпе арасындағы газ алмасу (сыртқы тыныс алу);
2) өкпедегі альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу;
3) қан мен ұлпааралық сұйықтық арасындағы газ алмасу (ұлпалық тыныс алу).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерімен сақтау үшін жылытылады. Ауа танay арқылы мұрын қуысына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |