1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет89/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Сол жақ жарты шар

Оң жақ жарты шар

Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты байқау, болжау, бағдарлау, тұжырымдау, жоспарлау

Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, олардың функциялық ұқсастықтарын байқау, заттардың алыс-жақындығын байқау.

80.Жүйке жасушасы, құрылысы.
Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Нейрон жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Оның құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасы-денесі (сома), қысқа өсінділер дендриттер, ұзын өсінді нейрит, немесе аксон, және аксон ұшы, немесе терминалдар. Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады.
Нейрон тұлғасы (сома) синтез процесін жүргізеді. Оның құрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық тор және баска қосындылар болады. Мұнда медиаторлар, торша белоктары және баска компоненттер түзіледі. Сома нейронның әрекетін, біртұтастығын қамтамасыз етеді. Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі бұзылады.
Аксон тітіркеністі басқа торшаларға жүйке, ет немесе секреторлық торшаларға, жеткізеді. Аксон жүйке торшасының ұзын өсіндісі. Ол ОЖЖ-ін шеткі ағзалармен байланыстырады. Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тітіркеністі шеткі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізеді. Қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны тітіркеністі ОЖЖ-нен дене еттеріне жеткізеді. ОЖЖ-сі ішкі ағзалармен де аксон арқылы байланысады. Аксонның қызметі тітіркеністі өткізу. Тітіркеніс электр потенциалының туындауы нәтижесінде пайда болады да, аксон бойымен сомадан нерв ұшына дейін толқын сипатта таралады. Аяқталар жерінде аксон тарамданып, жіңішке тармактар (терминалдар) түзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар синапс, құрайды.
Дендриттер нерв торшасының қысқа өсінділерінің бұтақтана тармақтануының нәтижесінде пайда болады. Олар басқа нейрондар әсерін синапс арқылы қабылдайды. Әрбір нейрон дендриттерімен жүздеген, тіпті мыңдаған аксон терминалдары жалғасады. Әрбір қозған терминал медиатор бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне әсер етіп, электр потенциалын тудырады. Дендритте пайда болған синапстық потенциал одан әрі сома арқылы аксонның басқа сегменттеріне үшына беріледі.
Нейрондар атқаратын қызметіне карай үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізетін нейрондар жатады. Оларды сезімтал, афференттік, немесе сенсорлық нейрондар, деп атайды. Бүл нейрондардың тітіркеністі өткізетін үзын өсінділерін сезімтал, немесе орталыкка тепкіш, жүйке талшықтары дейді.
Нейрондардың екінші тобы қозуды ОЖЖ-нен баска торшаларға, үлпаларға, мүшелерге жеткізеді. Оларды эфференттік, немесе қозғағыш, нейрондар деп атайды. Бүл нейрондардың шеткей жүйке тамырлар құрамына енетін ұзын өсінділерін орталықтан тепкіш, немесе қозғағыш, жүйке талшықтары дейді.
Нейрондардың үшінші тобына сезімтал және қозғағыш торшаларды бір-бірімен байланыстыратын аралық, немесе жалғастырушы, жүйке торшалары жатады. Жалғастырушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет