1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі



бет88/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

79.Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Мидың ең маңызды бөлімі. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар.

Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.


Үлкен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан. Ол ми қыртысы деп аталады, оның қалыңдығы 2-4 мм.
Ми жарты шарының жалпы көлемі 1700-1800см3

Қыртысты қабаттың астыңғы жағындағы ақ затты сырты миелин қабығымен қапталған нейрондардың аксондары құрайды. Олар ассоциативті, коммисуральді және проекционды талшықтар деп бөлінеді.


Ассоциативті талшықтар әр жарты шардың жеке бөліктерін байланыстырады.
Комиссуральды талшықтар екі жарты шардың симметриялы бөліктерін байланыстырады.
Проекционды талшықтар жарты шардан тыс шығып кетеді.

Ми жарты шарының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:


1. Молекулярлық қабат – ең үстіңгі қабат, ол ұсақ нейрондардан тұрады.
2. Сыртқы түйіршікті қабат. Нейрондардың пішіні дән тәрізді.
3. Сыртқы пирамидалы қабат. Нейрондардың пішіні пирамида тәрізді, мөлшері әртүрлі.
4. Ішкі түйіршікті қабат.
5. Ганглиозды қабат. Ірі пирамдалы Бец жасушаларынан тұрады.
6. Полиморфты (көп пішінді) қабат. Нейрондардың пішіні әртүрлі.
7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нейрондардан тұрады.


Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады:
1. Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2. Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшеледрің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.


Ми сыңарларының қызметі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет