1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет9/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

12.Біріңғай салалы еттер

Бұлшық ет ұлпасы – организмнің қозғалысы мен ішкі органдарының жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпалар. Бұлшық еттердің негізгі физиологиялық қасиеттері:


1. Қозғыштық ;
2. Өткізгіштік;
3. Жиырылғыштық;
4. Эластикалық (созылғыш,майысқақтық);
5. Пластикалық;
Бұлшық ет ұлпасы адам денесі салмағының шамамен 35-40% құрайды. Бұлшық еттің үш түрін ажыратады:

• Бірыңғай салалы бұлшық ет ;


Көлденең салалы бұлшық ет ;
• Жүрек бұлшық ет.

Бірыңғай салалы бұлшық ет . Көлденең жолағы болмауына байланысты бірыңғай салалы деп атаған. Бұлшық еттің бұл түрінің жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Бірыңғай салалы бұлшықет қабат құрап орналасады. Кейбір қуыс органдардың қабырғаларында, мысалы, қан тамырларында, өкпенің ауа жүретін жолдарында, қуықта, өт қабында, ас қорыту жолдарында бір немесе екі қабат құрайды.


Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының құрылымдық элементі бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасы. Клетка мағынасында “талшық” деген термин де қолданылады. Оның пішіні ұршық тәрізді ядросы клетканың жалпақ бөлігінде орналасқан.
Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас бірыңғай салалы ет ұлпасының жасушалары —миоциттер құрайды. Миоциттер бір-бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып, ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті қабықтары мен қабаттарын түзеді.
Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады. Оның паренхимасын миоциттер, ал стромасын — дәнекер ұлпалы аралықтар құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет — эмбриондық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі. Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі жүйкелендіреді. Сондықтан, бірыңғай салалы бұлшықет — автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет