1. Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері



бет20/21
Дата19.12.2022
өлшемі87.6 Kb.
#467470
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
1. Физиологиялы ызметтерді зерттеу дістері

Ринненің тәжірибесі
- сүйек пен ауа өткізгіштігінің қабылдау ұзақтығын салыстыру. Зерттелетін құлақтың самай бөлігіндегі емізікше тәрізді өсіндісіне аяғы бар дыбыстық төмен жиілікті камертон орнатылған. Дыбысты сүйек арқылы қабылдауды тоқтатқаннан кейін оны есту түтігіне алып келеді. Әдетте, адам ауадан ұзақ уақытты баптонды естиді, бұл Ринненің тәжірибесі оң деген сөз. Егер дыбыс өткізгіштігі нашарласа, онда сүйек арқылы шығатын дыбыс ауадан гөрі ұзақ қабылданса, Ринне тәжірибесі теріс (кондуктивті кереңдік). Бастапқыда алынған ауа мен сүйектің өткізгіштігін қабылдау туралы мәліметтерді бірнеше секунд ішінде салыстыруға болады.
Швабахтың тәжірибесі
пациент пен сау адамның сүйек өткізгіштігін бастың ортасында немесе емізікше тәрізді өсіндінің ортасында орнатылған С128 камертонымен зерттегенде, салыстыру арқылы есту анализаторының дифференциалды диагностикасының әдісі; пациенттің дыбысты қабылдауының ұзақтығы неғұрлым қысқа болса, дыбыс қабылдайтын аппараттың зақымдалуын, ал дыбыс өткізгіш аппараттың ұзақ естуі, есту аппаратының сау екендігін көрсетеді.
Федерици тәжірибесі
С128 камертонымен дыбыс есту қабілетін емізік тәрізді өсіндімен және құлақ бүртігі арқылы сыртқы есту жолын бітеген кезде тексеріп ,салыстырады. 1-ші емізік тәрізді өсінді арқылы, сосын құлақ бүотігіне қойып тексереді.
Нормада және дыбыс қабылдағыш бөлімі зақымдалғанда Федеричи тәжірибесі *+* немесе камертонның құлақ бүртігі арқылы естілуі ұзағырақ болады.;
Дыбыс өткізгіштігі зақымдалса, Федеричи тәсілі *-* болады.


Желле тәжірибесі
Үзеңгі сүйектің қималдауына байланысты дыбыс өткізудің бұзылуын зерттейді.
Құлақта ауа қысымы көбейгенде нормада тексерілуші есту қабілетінің төмендегенін байқайды. Ол дыбыс өткізгіштік бөліміндегі үзеңгі табанының кіреберіс терезесіне қысым келтіруімен сипатталады. Бұл Желле тәсілінің *+* болғанын көрсетеді.
Сыртқы есту жолында ауаның қысымын көбейткенде үзеңгі табаны қозғалмаса, Желле тәсілі *-* болады.
Аудиометрия- Электроакустикалық аппараттарды қолдана отырып зерттейтін әдістер жинағы.Бұл әдістер барлық жағынан есту қабілетін бағалауға, оның әр түрлі құлақ ауруларында есту тереңдігін, жеке тондарды қабылдауын анықтауға көмектеседі. Жалпы қабылданатын дыбыс күшін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет