1. Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері


Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу



бет10/21
Дата19.12.2022
өлшемі87.6 Kb.
#467470
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
1. Физиологиялы ызметтерді зерттеу дістері

19. Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу.
Негізгі алмасу – стандартты жағдайда қолданылған энергияның мөлшері. Негізгі алмасу процессін зерттеу жүргізу үшін:

  • Адам физиологиялық тыныштық қалпында болуы тиіс;

  • Ауа температурасы 18-20 градус;

  • Адамның қарны аш, тамақтанғаннан кейінгі 12-14сағаттан кейін болуы керек.

Негізгі алмасу деңгейін анықтар алдында зерттелушінің жасын, бойын, салмағын, жынысын анық білу керек. Негізгі алмасу – адамның 1кг салмағына жұмсалатын энергия мөлшерімен анықталады.
Негізгі алмасудың ауытқуларын анықтау- Рид формуласымен жүзеге асырылады. Бұл формула қан қысымы, жүрек соғу жылдамдығы және ағзадағы жылу өндірісі арасындағы байланыстың болуына негізделген..
Қажетті құрал-жабдықтар: сфигмоманометр, фонендоскоп, секундомер.
Жұмыстың жүзеге асырылу барысы: арнайы кестелермен зерттелушінің негізгі алмасуының нормасын анықтап, тәуліктік зат алмасуының ккал-ын есептеп аламыз. Кейін, зерттелушінің пульс жиілігін, артериялық қан қысымын Коротков әдісі бойынша 2минуттық интервалмен анықтаймыз. Анықталған деректерді Рид формуласына салып, есептейміз:
Негізгі алмасудың ауытқу мөлшері
Рид формуласымен есептеуді жеңілету үшін номограмманы қолдануға болады. Номограммалық кестеде пульс жиілігі мен қан қысымын сызғышпен байланыстырып, негізгі алмасудың ауытқу мөлшерін анықтауға да болады.
Қорытынды: Рид формуласының көмегімен нақты ауытқу мөлшерін анықтай алмаймыз, формула шамамен негізгі алмасудың ауытқу мөлшерін көрсетеді. Нормадан 10 % дейін ауытқу қалыпты деп есептелінеді. Бұл формуланы кейбір ауруларға диагноз қою үшін тексеріс ретінде клиникада қолданады.
20. Идеалды массаны номограмма мен Брок формуласымен анықтау
Идеалды дене салмағын өлшеуді 1871жылы француз хирургы Брок ұсынған болатын. Брок формуласы бойы 155см-ден жоғары және 185см-ден кіші адамдар үшін жүргізіледі.
Әйелдер үшін Брок формуласы : Идеалды масса =
Ерлер үшін Брок формуласы : Идеалды масса =
Мәселен, менің бойым 155 см, мен үшін идеалды маасасын анықтайтын болсақ:
Идеалды масса =
Сондай-ақ, Брок формуласымен есептегенде адамның жасын да есепке алу керек. 20 жастан кейін әрбір қосылған 10жас сайын Брок формуласымен анықталған көрсеткіштің 3%-ын қосып отырамыз. Мәселен: жасы – 50де ер адам, бойы – 170см деп алсақ,ол үшін идеалды масса:
1)Брок формуласы =
2) Идеалды дене массасы :

Идеалды дене салмағын өлшеудің келесі әдәсә – номограмманы қолдану. Номограммлық кестеде 3 көрсеткіш беріледі:


1 көрсеткіш – бойды анықтайды;
2 көрсеткіш – дене салмағын анықтайды,
3 көрсеткіш – нормадағы салмақтан ауытқуды анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет