12-Дәріс
Тақырыбы: Коммуникативтік мақсат және оқырман дүниетанымы
Тiлдiк коммуникацияда табысқа жетудiң логика, психология және тiл сияқты үш категориясы бар. Аталған үш категорияның iшiнде барлық ақпарат тек сөз арқылы жеткiзiлетiндiктен тiл – тiлдiк қарым-қатынаста мақсатқа жетудiң ең маңызды құралы.
Пiкiрталаста көбiнесе шындықты жақтайтындар емес, қарсыласының ойын тез, нақтылы анықтап, қарсы айтатын ойын жинақы, шебер жеткiзетiн адам жеңiске жететiнi белгiлi. Бұл пiкiрталасқа қатысушылардың тiлдiк стратегия мен тактикаларды жылдам, ұтымды ұйымдастыра бiлуiнiң нәтижесi.
Бұл жерде бiз коммуникативтiк мақсатқа сай қолданылатын коммуникативтiк тактикалар жайында айтпас бұрын тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн айта бiлген қазақ халқына тән шешендiк өнер жайлы ой бiлдiрудi жөн көрдiк. Сонау ерте заманнан бастау алып, бүгiнгi саяси-әлеуметтiк өмiрiмiзге жеткен шешен сөйлеу дәстүрiнiң маңыздылығы бүгiн арта түскен.
Қазiр шешендiк өнер ұжымды, қоғамды басқарудың, заң органдарындағы қызметкерлердiң, ғалымдар мен оқытушылардың, сайлау науқаны кезiндегi кандидаттардың сенiмдi өкiлдерiнiң, телерадио хабарларды жүргiзушiлердiң, газет тiлшiлерiнiң маңызды құралы болып отыр, өйткенi айтар ойларын әсерлi, ұтымды, жинақы жеткiзе бiлсе, тiлдiк коммуникацияға қатысушылардың барлығы да көздеген мақсаттарына жетедi.
Бiрақ шешендiк өнердiң нәтижесi тыңдаушыларға айтылған ақпараттың қажеттiлiгiне, шынайылығына, сөйлеушiнiң негiзгi мақсатына да байланысты болады. Газет тiлшiсi оқырманға айтар ойын пәрмендi жеткiзу үшiн қанатты сөздердi, мақал-мәтелдердi, әйгiлi адамдар айтқан құнды сөздердi келтiредi.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?
2. Тілдік қарым-қатынастың мақсатқа жетуі үшін қандай тактикалар қолданылады?
3. Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?
5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
13-Дәріс
Тақырыбы: Прагматикасының хабарламалық аспектілері.
Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын айқындау мақсатында бiз тек тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш мүмкiндiктерiн талқылап қана қоймай, мәтiн құруға қатысатын синтаксистiк құрылымдар мен тыныс белгiлерiнiң прагматикалық функциясын ашып көрсетудi мақсат еттiк.
Оқырмандарға жасырын әсер ету үшiн лексикалық, синтаксистiк, морфологиялық әдiстермен қоса графикалық құралдарды да қолдануға болады. Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға берудiң сан қырлы әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi мұндай ерекшелiктерге талдау жасап, iрiктеу барысында адресанттың коммуникативтiк мақсатын iс жүзiне асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.
Бiздiң мақсатымыз – тыныс белгiлердiң мәтiн құрылымында адресанттың адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты жеткiзу үшiн қолданылатындығын, тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқара алатындығын дәлелдеу болды.
Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi сөйлеуде дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал болып табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен берiледi. Әдетте тырнақшаның ерекше ырғақты көрсететiн тiлден тысқары ролi бар. Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.
Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар тырнақшаны қолдану арқылы берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi мақсатын тырнақшаға алынған сөздi қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып, анықтауға болады.
Тыныс белгiлердiң стилистикалық мүмкiндiктерi аз зерттелгендiгiне байланысты бiз тек тырнақша және жақша сияқты графикалық құралдардың прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша мен жақшаны тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз деп ойлаймыз, өйткенi олар мәтiнде «тыныс белгiсiнен» де ауқымды қызмет атқара алады. Көркем әдебиет пен публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң әсер ету мүмкiндiгi мол. Тырнақша мен жақша – адресанттың ойын астарлы жеткiзуiне ықпал ете алатын тiлдiк құрал.
Зерттеу жұмысының барысында тырнақшаға алынған сөздерге мәтiн iшiнде ерекше логикалық екпiн түсiп тұратындығы байқалды. Логикалық екпiн қызығушылықты арттырудың негiзi болып табылатындықтан, тырнақша тек логикалық екпiндi берушi ғана емес семантикалық өзгерiске, оқырманның мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Газет мәтінінде графикалық құралдардың прагматикалық функция атқару мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?
-
Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық қызметі неде?
-
Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?
-
Газет мәтінінің прагматикалық функциясының атқаратын қызметі туралы айтыңыз
-
Леп белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?
14-Дәріс
Тақырыбы: Прагматикалық қызметтің көркем мәтіндегі қолданысы.
Мәтiннiң прагматикалық мүмкiндiгiн арттыра түсетiн микрокомпоненттердiң бiрi – мәтiннiң тақырыпаты. Газет мәтiнiнде тақырыпат тек синтаксистiк ерекшелiктi көрсетпейдi. Ол – бiрнеше қызмет атқаратын мәтiннiң негiзгi компонентi. Бұл қызметтердiң негiзгiсi – белгi, хабар беру, қызықтыру және мәтiндi ұйымдастыру. Сондықтан мәтiн мен қоршаған ортадағы оқырмандар арасындағы байланыстың негiзгi күшi тақырыпатқа түседi.
Прагматиканың тиiмдiлiгi адресаттың сана-сезiмiне мақсатты түрде ықпал ету болып табылатындықтан газет мәтiнi тақырыпатының маңызы артады.
Газет мәтiндерiнiң тақырыпаттарына талдау жасау кезiнде соңғы жылдары газет мәтiнiнiң прагматикалық қызметiне сай келетiн өзгерiстер көп екендiгi байқалды, мұндағы басты мақсат – оқырмандарға әсер ету.
Газет мәтiнiнiң тақырыпаты – мәтiндi түсiнiп оқудың негiзi деуге болады. Кейбiр тiлшiлер тақырыпатты мәтiннiң сыртқы орта мен мазмұны арасындағы шекара (тура мағынасында) деген пiкiр айтады.
Тақырыпат – газет мәтiнiнен бөлек айқындалып берiлетiн ерекше құрал. Тақырыпаттың маңыздылығы мәтiннiң коммуникативтiк бағытына да байланысты болады. Көбiнесе газет мәтiнiн оқу әр түрлi шрифтармен берiлген тақырыпат пен айдарды оқудан басталады. Тақырыпаттардың жасырын, ашық мағынасы газет мәтiнiнiң көлемiне қатысты болып келуi мүмкiн. Газет мәтiнiнiң көлемi шағын болса, тақырыпаттың мазмұны ашық берiледi, ал мәтiннiң көлемi үлкен болса тақырыпаттың жасырын, астармен (подтекспен) берiлуi байқалады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Мәтіннің тақырыпаты дегеніміз не?
2. Газет мәтінінің тақырыпатына қандай талаптар қойылады?
3. Тақырыпаттың соңына көп нүтке қою әдісінің прагматикалық мақсаты неде?
4. Мақал-мәтелдермен берілетін тақырыпаттардың прагматикалық ерекшелігі қандай?
15-Дәріс
Тақырыбы: Прагматиканың өзекті мәселелері
Оқырмандарға жасырын әсер ету үшiн лексикалық, синтаксистiк, морфологиялық әдiстермен қоса графикалық құралдарды да қолдануға болады. Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға берудiң сан қырлы әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi мұндай ерекшелiктерге талдау жасап, iрiктеу барысында адресанттың коммуникативтiк мақсатын iс жүзiне асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.
Бiздiң мақсатымыз – тыныс белгiлердiң мәтiн құрылымында адресанттың адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты жеткiзу үшiн қолданылатындығын, тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқара алатындығын дәлелдеу болды.
Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi сөйлеуде дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал болып табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен берiледi. Әдетте тырнақшаның ерекше ырғақты көрсететiн тiлден тысқары ролi бар. Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.
Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар тырнақшаны қолдану арқылы берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi мақсатын тырнақшаға алынған сөздi қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып, анықтауға болады.
Тыныс белгiлердiң стилистикалық мүмкiндiктерi аз зерттелгендiгiне байланысты бiз тек тырнақша және жақша сияқты графикалық құралдардың прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша мен жақшаны тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз деп ойлаймыз, өйткенi олар мәтiнде «тыныс белгiсiнен» де ауқымды қызмет атқара алады. Көркем әдебиет пен публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң әсер ету мүмкiндiгi мол. Тырнақша мен жақша – адресанттың ойын астарлы жеткiзуiне ықпал ете алатын тiлдiк құрал.
Зерттеу жұмысының барысында тырнақшаға алынған сөздерге мәтiн iшiнде ерекше логикалық екпiн түсiп тұратындығы байқалды. Логикалық екпiн қызығушылықты арттырудың негiзi болып табылатындықтан, тырнақша тек логикалық екпiндi берушi ғана емес семантикалық өзгерiске, оқырманның мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.
Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын зерттеу барысында жеке тараулар мен тармақшаларда қаралған мәселелерге байланысты қазақ тiл бiлiмiнде зерттелуге тиiстi бiрқатар өзектi, тың тақырыптарды атап өттiк. Олардың әрқайсысы қазақ тiл бiлiмiнде мәтiн лингвистикасын, лингвистикалық стилистиканы, коммуникативтiк лингвистика мен прагматикалық лингвистиканы дамытуға үлес қосатын өзектi тақырыптар. Аталған мәселелер болашақта қазақ тiлiнiң ерекшелiктерiн зерттейтiн тiлшi ғалымдардың еңбектерiне негiз болатынына сенiмдiмiз. Өйткенi мәтiн лингвистикасы, прагматикалық лингвистика қазақ тiл бiлiмiнде жаңа дамып келе жатқан салалар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Газет мәтінінде графикалық құралдардың прагматикалық функция атқару мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?
-
Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық қызметі неде?
-
Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?
-
Газет мәтінінің прагматикалық функциясының атқаратын қызметі туралы айтыңыз.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
р/с
|
Тақырыбы мен мазмұны
|
Тәжірибелік
|
1
|
Прагмалингвситика семиотика мен лингвитиканың аралығында пайда болған ілім екендігі. Прагмалингвистиканың лингвистикалық зерттеу саласына айналуы.
|
1
|
2
|
Прагмалингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаттары, негізгі ұғымдары, мәселелері. Қазақ прагмалингвситиканың зерттелу жайы.
|
1
|
3
|
Семантиканың семантика, синтактика, прагматика деп үш топқа бөлінетіндігі. Олардың прагматикабағытындағы орны мен рөлі.
|
1
|
4
|
Прагмалингвистиканың мәтіннің эмоционалды әсер ету теориясының мәселелері.
|
1
|
5
|
Ғылыми сөздің прагматикалық аспектісі.
|
1
|
6
|
Публицистикалық стильдегі ақпаратты жеткізуші тілдік бірліктер.
|
1
|
7
|
Прагматикалық лингвитиканың қатысымдық табиғаты
|
1
|
8
|
Газет мәтініндегі әсер ету қызметінің көрінісі.
|
|
9
|
Газет мәтінінің әсер ету қызметінің көрінісі.
|
1
|
10
|
Прагматикадағы тілге әсер ететін экстралингвитикалық мәнділері (коммуникативтік жағдаят, мақсат, стратагиялық, тактика)
|
1
|
11
|
Мәтінді прагматикалық аспект негізінде зерттеу мәселесі жайында
|
1
|
12
|
Коммуникативтік мақсат және оқырман дүниетанымы
|
1
|
13
|
Прагмалингвитиканың хабарламалық аспектілері
|
1
|
14
|
Прагмалингвистикалық қызметтің көркем мәтіндегі қолданысы.
|
1
|
15
|
Прагмалингвистиканың өзекті мәселелері
|
1
|
5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1. Прагмалингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаттары, негізгі ұғымдары, мәселелері. Қазақ прагмалингвситиканың зерттелу жайы.
5.2 Семантиканың семантика, синтактика, прагматика деп үш топқа бөлінетіндігі. Олардың прагматикабағытындағы орны мен рөлі.
-
Прагмалингвистиканың мәтіннің эмоционалды әсер ету теориясының мәселелері.
-
Ғылыми сөздің прагматикалық аспектісі.
-
Публицистикалық стильдегі ақпаратты жеткізуші тілдік бірліктер.
-
Прагматикалық лингвитиканың қатысымдық табиғаты
-
Газет мәтініндегі әсер ету қызметінің көрінісі.
-
Газет мәтінінің әсер ету қызметінің көрінісі.
5.9 Прагматикадағы тілге әсер ететін экстралингвитикалық мәнділері (коммуникативтік жағдаят, мақсат, стратагиялық, тактика)
5.10 Мәтінді прагматикалық аспект негізінде зерттеу мәселесі жайында
-
Коммуникативтік мақсат және оқырман дүниетанымы
5.12 Прагмалингвитиканың хабарламалық аспектілері
6 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Өзгерістің рет нөмірі
|
Құжаттың тарауы пункті
|
Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)
|
Хабарламаның нөмірі және күні
|
Өзгеріс енгізілді
|
Күні
|
Аты-жөні, қолы, қызметі
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |