1. глоссарий аудиторлық стандарт



бет10/12
Дата17.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#141510
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Негізгі әдебиеттер:


1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы. Центраудит-Казахстан 2003.

2. Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г


Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит жөне бухгалтерлік есеп . Алматы 2005.



2. Нидлз Б., Андерсон Х. және басқалар. «Бухгалтерлік есеп принциптері», Москва, 2006.
Тақырып 2. Бухгалтерлік баланс

Тәжірибелік сабақ жоспары :

1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен құрылысы.

2. Бухгалтерлік баланстағы өзгерістердің төрт типі.
Сабақ мақсаты: бухгалтерлік баланстың мазмұнын, құрылымын және шаруашылық операциялар әсерінен болатын баланстағы өзгерістерді оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Есептер

1. Келесі шоттардың соңғы қалдықтары бойынша мамыр айына баланс құрыңыздар:1.Негізгі құралдар (ғимараттар)-1400000 тенге; 2.Жарғылық капитал-1829000 теңге; З.Бөлінбеген табыс-250000 теңге; 4.Шикізат пен материалдар-62000 теңге; 5.Кассадағы акшалай қаржылар-400 теңге; б.Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар-90000 теңге; 7. Есеп айырысу шотындағы акшалар-840000 теңге; 8.Банк несиелері-60000 теңге; 9.Жабдықтаушылармен есеп айырысулар-73400 теңге.


2. Кәсіпорынның активтері жыл басында 300000 теңге, меншікті капиталы 80000 теңге болды. Жыл ішінде активтері 25000 теңгеге көбейді, ал міндеттемелері 10000 теңгеге азайды. Жыл соңындағы меншікті капитал сомасын анықтаныздар.
З. Келесі шаруашылық операциялар баланстағы өзгерістердің қай типіне жататынын анықтаңыздар:

а) банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді;

б) алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды;

в) кассадан еңбек ақы берілді;

г) көмекші өндірістен өнім қабылданды.
Негізгі әдебиеттер:

1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы .Центраудит-Казахстан 2003.

2. Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп Алматы 2005.

Қосымша әдебиеттер:

1.Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп. Алматы 2005.

2. Нидлз Б., Андерсон Х. және басқалар. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Москва, 2006.



Тақырып 3. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Тәжірибелік сабақ жоспары:

1. Бухгалтерлік шоттар түсінігі, олардың құрылысы.

2. Екі жақты жазу жүйесі.

3. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.



Сабақ мақсаты: бухгалтерлік шоттар, активті және пассивті шоттар, екі жақты жазу, синтетикалық және аналитикалық шоттрады оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Есептер

1. «Шыңғыстау» қоғамының 1.09.09 жылға бухгалтерлік балансы жэне ай ішінде болған шаруашылық операциялары берілген.

Берілген операцияларды тіркеу журналына жазып, шоттар коррес-понденцияларын беріңіздер. Шоттарға сәйкес сомаларды таратып жазып, ай-налымдарын және соңғы қалдықты есептеңіздер.

Айналым ведомосын құрып, 1.10.09 жылға бухгалтерлік баланс жасаңыздар.




Баланс 1.09.09 жылына

Баптар

Сомасы, теңге

Сомасы, теңге

1. Негізгі құралдар (ғимараттар)

2. Шикізат пен материалдар

3. Кассадағы ақшалай қаржылар

4. Ағымдағы банктік шоттағы ақшалар

5. Жарғылық капитал



6. Табыс

7. Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар



8. Банк несиелері

9. Жабдықтаушылармен есеп айырысулар

1520000

62000


400

840000


1929000

250000


100000
60000

83000


Баланс

2422400

2422400



Қыркүйек айындағы шаруашылық операциялар

Күні

Шаруашылық операциялар мазмұны

Сомасы, теңге

1.09.05
4.09.05
9.09.05

15.09.05

19.09.05
20.09.05
25.09.05
29.09.05


Ағымдағы банктік шотынан банк несиесі қайтарылды.

Ағымдағы банктік шотынан еңбек ақы төлеу үшін кассаға ақша алынды

Кассадан персоналдарға еңбек ақы берілді

Табыстан резервтік капиталға аударылды

Ағымдағы банктік шотынан жабдықтаушыларға қарыз қайтарылды

Кассадан командировкалық шығындар үшін аванс берілді

Жабдықтаушылардан материалдар түсті (есеп айырысу жүргізілген жоқ)

Материалдар үшін жабдықтаушыларға төленді



60000
100000
98000

50000


53200
120
46800
46800

Негізгі әдебиеттер:


1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы. Центраудит-Казахстан 2003.

2.Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы 2005.

3.Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп Алматы 2000.



Тақырып 4. Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және

олардың эквиваленттерінің есебі
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Ақшалай қаражаттардың және олардың эквиваленттерінің түсінігі.

2. Кассалық операциялар және олардың есепте бейнеленуі.

3. Ағымдағы банк шотындағы ақшалай қаражаттардың есебі.

4. Валюта шотындағы ақшалардың есебі.

5. Банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу.


Сабақ мақсаты: - ақшалай қаражаттардың түсінігі, құжатталуы мен шоттарда бейнеленуі және түгендеу жүргізудің тәртібін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Негізгі әдебиеттер:

1) Нидлз Б, Андерсон К., Колдуэл Д. Принципы бухгалтерского учета- М., ФИС, 2006.

2) Попова Л.А. Финансовый учет (план счетов бухгалтерского учета, основанный на Международных стандартах финансовой отчетности ) - Караганда, 2007.

3) Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004.

4) Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006.

5) Тасмағамбетов Т.А. және басқалар. Қаржы есебі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003.

6) Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.- Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2003

Қосымша әдебиеттер:

1) Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет.- Караганда, 2004.

2) Радостовец В.К, Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии, Алматы, 2003.

3) Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов/Под ред. Н.К. Мамырова – Алматы, 2005.


Есептер

1. Келесі шаруашылық операцияларына шоттар байланысын беріңіздер:

а) ағымдағы банктік шотына түсімдер алынды;

б) ағымдағы банктік шотына сатып алушылардан алынды;

в) ағымдағы банктік шотынан арнайы шоттарға алынды;

г) банк несиесі қайтарылды;

д) кассаға ағымдағы банктік шотынан ақша түсті;

е) кассада ақшалардың артықшылығы анықталды жэне кіріске алынды.


2. Берілген операцияларға шоттардың байланыстарын беріңіздер. Касса шоты бойынша шаруашылық операциялар журналы негізінде №1 журнал- ордер және №1 тізімдемені құрыңыздар.
Есепті шығару үшін берілген мәліметтер

Айдың басына сальдо 25 000 теңгені құрайды.



Операциялар мазмұны

Сомасы

Дебет

Кредит

1.Есеп беруге тиісті тұлға Ивановқа шаруашылық шығындары үшін берілді

10000







2. Ағымдағы банктік шоттан еңбек ақы беру үшін алынды

90000







3.Төлем тізімдемесі бойынша еңбек ақы берілді

75000







4.Петровқа шаруашылық шығындары үшін берілді

6000







5.Иванов пайдаланылмаған соманың қалдығын қайтарды

3000







6.Кассаға тауарларды сатудан табыс қабылданды

50000







7.Табыс есеп айырысу шотына аударылды

50000







8. Ағымдағы банктік шоттан шаруашылық шығындарына алынды

40000







9.Кассадан материалдық көмек берілді

4000







10.Киреевке іс-сапар шығындары үшін берілді

5000








№3. 1. Кассалық кітапты толтырыңыздар: корреспонденттелетін шоттарды көрсетіздер және күннің соңына қалдықты есептеңіздер.

  1. №1 журнал- ордер және №1 тізімдемені құрыңыздар.



Есепті шығару үшін берілген мәліметтер
Кассалық кітап 1-31 желтоқсан 2009 жыл

Кімнен алынды немесе кімге берілді

№ корр.шот

Кіріс

Шығыс

Күннің басына қалдық




300




№505100 чегі бойынша есеп айырысу шотынан еңбек ақы төлеу үшін – 2000 теңге, шаруашылық шығындарға – 4000 теңге кассаға берілді




6000




№12 төлем тізімдемесі бойынша желтоқсан айына басқарма жұмыскерлеріне еңбек ақы берілді







10000

№13 төлем тізімдемесі бойынша желтоқсан айына компрессорлық цех жұмысшыларына еңбек ақы берілді







30000

Жабдықтау бөлімінің бастығы К.Л. Гришинге Краснокамск қаласына іс-сапарға баруға кассадан берілді







3000

Л.Д.Савельевадан желтоқсан айындағы №12 аванстық есеп бойынша пайдаланылмаған сома қалдығы алынды




1000




№12 қойма бойынша №144 түгендеу актіне сәйкес тауарлық-материалдық бағалықтардың жетіспеушілік сомасын жою үшін Д.М.Симоноваға жазылды




300




М.М.Мироновқа шаруашылық шығындары үшін берілді: скрепка, карандаш және дыракол алғаны үшін







500

Өнімдерді сатудан түсім түсті




314000




Хабарлама бойынша есеп айырысу шотына П.И.Ивановтың және Н.А.Смирнованың депоненттелген еңбек ақысы аударылды







10000

Нақты ақшаға хабарлама: түсім есеп айырысу шотына аударылды







314000

Күндегі жиыны




?

?

Күннің соңына қалдық

?








№4. Темірден жасалған бұйымдар сататын дүкен Д.Дайрабаевтың меншігінде. 1- маусымда оның банктік шотында 2500 теңге болды. Мамыр айында оның дүкенінде операциялар келесідей болды:




теңге

Чекпен төленген қайта сату үшін тауарлар сатып алынды.

330

Қолма-қол ақшаға сату

1560

Л.Беріков қарызды түпкілікті жабу үшін чекпен төледі (300 теңге).

290

С.Лебаев чекпен төледі

120

Дайрабаевтың алулары

400

Чекпен жал үшін төленді

1500










теңге

Мамыр 7

Айдың басында Лестеровтан тауарлар 360 теңгеге сатып алынды және Дайрабаев түпкілікті есеп айырысу үшін чекпен төледі.

324

11

Қолма-қол ақшаға сатулар

1350

12

Алулар

240

17

Д.Гейлимов 1 мамырда сатып алынған тауарлар үшін чекпен төледі

260

18

Қолма-қол ақшаға сатулар

Саидов несиеге сатып алған тауарлар үшін төледі, минус қолма-қол ақшамен төлегені үшін 10% жеңілдік



1650

180


19

Алулар

260

25

Қолма – қол ақшаға сату

1440

26

Алулар

200

31

Чекпен төленген жергілікті салықтар

470

Табу керек:

Жоғарыда көрсетілген ақпарат негізінде Дайрабаевтың банктік операцияларының Кассалық кітабын құрыңдар.


Тақырып 5. Дебиторлық борыштардың есебі
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1.Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі.

2.Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарыздарының есебі.

3. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.

4. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі.

5. Болашақ кезеңдердің есебі.



Сабақтың мақсаты - дебиторлық борыштар, оның түрлері бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі және құжаттық рәсімделуі, алынуға тиісті шоттар есебінің жүргізілуін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет