Тақырып 16. Аудиттің мәні, пәні мен әдістері
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аудиттің мәні, пайда болуы мен дамуы.
2. Аудиттің негізгі принциптері мен функциялары.
3. Аудит пәні, объектісі және міндеттері.
4. Аудит әдістері мен әдістемелік тәсілдері.
1. Аудиттің мәні, пайда болуы мен дамуы.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болды, соның бірі- аудит. Сол кездерде елімізде акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар, коммерциялық банктер, тағы басқаларының құрыллуы, көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етті.
Нарық экономикасы қатынастары жағдайында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы керек. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек аудитор анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге олардың келісімі немесе шақыруы бойынша қызмет етеді. Бұл тек ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі.
Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Қытайлардың көне жазулары бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, өзінің міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүліктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған.
Кейбір деректерде аудиттің тарихы 17 ғасырда пайда болды делінген. Барлық ақпараттарды қорыта келе, аудиттің көне заманда пайда болғаны байқалады.
1773 жылы Шотландияның орталығы- Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудиторлардың есемі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде , Шотландияда 19 ғасырдың ортасында пайда болды деген ұғымға келеді.
Аудиттің одан әрі дамуына 1862 жылы Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен есептерін ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексеруі қажет делінген. Америка Құрама Штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 жылы Нью-Йорк штатының заңды орындары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.
Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 жылы Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған, 1887 жылы АҚШ-та дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда- аудиторлар Институты, т.б.
Аудит Қазақстан республикасында жаңадан пайда бола бастады. 1990 жылы алғашқы аудиторлық фирма ҚР министрлер Кеңесінің 15.02.1990 жылғы №60 қаулысына байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан –аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 жылдан бастап ол өз бетінше ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.
Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 18.10.1993 жылы шыққан «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет» туралы заңы әсерін тигізді.
2. Аудиттің негізгі принциптері мен функциялары
Аудиторлық қызметті жүргізу үшін, олар аудиттің негізгі принциптерін қолдануы тиіс. Өйткені бұл принциптер аудиторлық тексерудің барлық бағыттары мен жолдарын анықтауға көмектеседі.
Аудит туралы Қазақстандық бірінші “Қаржылық есеп аудитінің бағыты және жалпы принципі” стандарты бойынша негізгі принциптерге келесілер жатады: тәуелсіздік; шындық; объективтілік; ұқыптылық және кәсіби мамандылық; құпиялылық.
Аудиторлардың жұмысы стандарттың техникасына, бухгалтерлік есептің стандартына және заңға сәйкес болуы қажет.
Тәуелсіздік принципі келесілерді сақтау керек:
тексеру жөніндегі жоспардың тәуелсіздігі. Аудитор өзінің орындайтын жұмысына тексеретін кәсіпорынның басшыларының араласпауын талап етеді. Себебі, олар аудиторлық жұмысты өз ыңғайларына қарай бағыттауы мүмкін.
- тәуелсіз түрде зерттеу. Аудитор бухглтерлік регистрлерге , қарапайым жазуларға , ақпараттарға еркін пайдалануы қажет.
- тәуелсіз түрде қорытынды беру.
Осы айтылған принциптерден басқа төмендегі принциптерді пайдалануға болады: ғылымилық; нақтылық; құндылық; жылдамдық; толықтық және жүйелік; пікірлік.
Аудиттің атқаратын функциялары келесідей: эксперттік; аналитикалық; кеңес беру; өндірістік.
3. Аудит пәні, объектісі және міндеттері
Аудит пәні және объектілері олардың алдына қойылған мақсаттар және міндеттер арқылы анықталады.
Аудит пәні дегеніміз шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына , нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Егер аудит объекті шаруашылық субъектінің финанстық қызметі болса, онда оның мақсаты — есеп берушіліктің толықтығын, нақтылығын, бекітілгендігін тиянақты түрде қарайды. Аудиттің мақсаты финанстық есеп бойынша аудиторлық қорытынды жасау, финанстық есептің бухгалтерлік есеп нормаларына және әрекет ететін заңдылықтарға сәйкестігін және нақтылығын тексеру болып табылады.
Егер аудит объекті бухгалтерлік есеп болса, онда аудит мақсаты барлық кәсіпорындарға мемлекетпен бекітілген заңдылықтарға, жалпы нормаларға, стандарттар мен ережелерге сәйкестігін тексеру болып табылады.
Егер аудит объекті барлық шаруашылық қызметі болса онда оның мақсаты осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығындарды азайту мүмкіншіліктерін айқындау, еңбек өнімділігін және өндірістің рентабельділігін арттыру, кәсіпорын қызметін жақсарту үшін рекомендациялар өңдеу болып табылады.
Консалтингтік қызметті жүзеге асырудағы аудит мақсаты аудиторлық фирма клиенттерінің коммерциялық қызметін жақсартуда (үшін) жоғары дәрежеде консультациялық қызмет көрсету және аудиторлардың беделін арттыру болып табылады. Аудит қызметі басқа қызметтер сияқты пайдасы көп болу керек. Осы мақсаттарыды жүзеге асыруда аудитор алдында келесідей негізгі міндеттер тұр:
-
Кәсіпорынның финанстық есеп берушілігінің нақтылығын қамтамасыз ету және финанстық есепті пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелділіктің деңгейін төмендету.
-
Компоненттік мәліметтерді жинау және бағалау.
-
Кәсіпорынның немесе оның жеке түрлерінің экономикасын жүйелі және жан-жақты талдау.
-
Кәсіпорын қызметінің оның уставына, бизнес-жоспарына сәйкестілігін тексеру.
-
Заңдылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп, есеп берушіліктердің жүргізілуін және мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектінің финанстық жағдайы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етілуін бақылау.
-
Алғашқы құжаттарды тексеру.
-
Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және жүргізуде клиенттерге консультациялық қызметтер көрсету.
-
Клиенттермен қатынасты нығайту және өсуіне әрекет жасау.
4. Аудит әдістері мен әдістемелік тәсілдері
Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Аудит экономикалық ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке әдістемесі диалектика принциптері мен жалпы ғылыми теориялық зерттеу зандылықтарынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу.
Талдау -ғылыми зерттеу әдісі, оньң негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұн, мағынасын анықтап, өз кезегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми зерттеу әдісі оның негізі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұн, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.
Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық-табыстылық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция - индукция әдісі қолданылады. Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) - ақыл-ойға салып, жалпы көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап, логикалық тұжырымдау, қорытынды жасау. Индукция - ақыл-ойға салып жеке объектілерге талдау жасап, жалпы көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс.
Аналогия (ұқсастық) - ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасайды.
Жүйелі талдау - талдау объектілерін жүйеге келтіріп, оны құрайтын бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап, оларға әсер ететін факторларды талдап олардың бірлескен түріндегі объектілерге әсерін бір жүйеге келтіреді.
Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың дамуы барысында өндіріс талабына сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін, шығындарды оптималды мөлшерде есептеу үшін қолданылады.
Аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді: 1) аналитикалық анықтау, есептеу; 2) құжаттау; 3) қорытындылау.
Аналитикалык анықтау-есептеу әдісі - ол негізінде экономикалық талдау (топтау, салыстыру т.б.), аналитикалык тексеру және статистикалық, экономика-математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған әдістемелік әдісі - ол шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық есебін тексеру.
Әдістемелік құжаттау әдісі - өз кезегіне үш топқа бөлінеді; 1) мәліметтік модельдеу; 2) нормативтік құқылық жолын анықтау; 3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін альш түгелдеу. Өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында әдістемелік тексеру әдістері үлкен орын алады. Оның ішінде қазіргі кезде тексеру барысында компьютер қолдану, тапсырушының компьютер құрылымымен жұмыс істеуі ерекше орын алады. Әрине ол үшін аудитор компьютер бағдарламасын жақсы білуі қажет.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Аудиттің пайда болуы және дамуы туралы не білесіз?
2.Аудит пәні не, оның қандай объектілері бар?
3.Аудиттің қандай принциптері бар?
4.Аудиттің қандай мақсаттары мен міндеттері бар?
5.Аудиттің қандай әдіс-тәсілдері болады?
Тақырып 17. Аудиттің стандарттары және аудиторлардың
мамандық этикасы
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аудит стандарттары.
2. Аудиттің мамандық этикасының кодексі.
1. Аудит стандарттары
Шаруашылык субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады. Аудиттің стандарты және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріп отырады. Олар өз кезегінде аудит теориясынын үшінші элементі деп саналады. Аудит постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын анықтайды. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның, міндеті мен мақсатын орындайды.
Аудиттің стандарты және нормативтері деп "аудит принциптерінің талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже-нұсқауларды" айтады. Сол ереже-нұсқаулар аудиторға өз жұмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін анықтауға әртүрлі шаруашылық жағдайларына орынды баға беруге, аудитор қортындысын жасауға негіз болады. Себебі, аудиторлар сол стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып қажет болса ғылыми зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырады. Өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді: 1) жалпы стандарттар; 2) жұмыс стандарты; 3) ақпарат стандарты. Осы стандарттар аудит қызметінің құрылымын, схемасын анықтайды.
Жалпы стандарттар. Жалпы стандарттар мазмұны аудитор мамандығын, іскерлігін, мамандық сапасын, мамандықпен өз міндетін атқару, мақсатына жету жолындағы аудитордың мамандық бейнесін құрайды. Аудиторға жалпы стандарттар тұрғысынан қойылатын талаптар мен міндеттер: мамандық; қызметкерлік; дербес тәуелсіздігі мен объективтігі; аудит қызметіне дайындық деңгейі, мәлімет жинау; ақпарат жасау; қызмет көрсету барысында түсініктеме беру.
Жалпы стандарттың аудитке қоятын үлкен талабының бірі - ол дербес тәуелсіздігі. Аудитор өз қызметін белгілеген бағдарламасы бойынша жүргізеді, оның тәуелсіздігі аудит қызметі заңының талабына сәйкес жоғарыда айтылған аудит принциптеріне негізделген, аудит әдістеріне сәйкес өз құқысына сүйене отырып аудиторлық тексеру жүргізеді. Сондықтан да ешкім, ешқандай мемлекет құрылымы аудит фирмасына өз тарапынан заңсыз немесе қысымшылық жолымен аудитор шешімін өзгертуге, аудитордың қызметіне немесе оның аудитор қорытындысына ешқандай әсер ете алмайды.
Жұмыс стандарты. Жұмыс стандарты дегеніміз ол - аудит қызметін жүргізу үшін дайындалган ереже-нұсқаулар жинағы. Оған жататындар: аудит қызметін жүргізу жоспары, ағымдағы бақылау әдісі мен бағдарламасы, мәліметтер жинау жүйесі, ішкі бақылау жұмысына баға беру. Аудиттің негізгі мақсаты - оның жаппай тексеру жүргізу арқылы негізгі міндетін орындау, аудиторлық қорытынды жасау болса жұмыс стандарты сол аудит процесінің барлық ағымына қажет әдіс жолын аныктайтын аудит құралы.
Аудит қызметінде ерекше орын алатын стандарттың ең соңғы сатысы ол - қорытынды жасау, немесе ақпарат стандарты. Шаруашылық субъектілерінің, белгілі бір уақыт кезеңіндегі өндірістік немесе коммерциялық әйтеуір кәсіпкерлік шаруашылығының нәтиже көрсеткіштері өткен уакытқа сәйкес (айлық, тоқсандық, жылдық) қорытынды жасалынып бір жүйеге келтіріледі. Бұл процесс өте күрделі. Мысалы, өндірістік кәсіпорынды алатын болсақ оның кәсіпкершілік қорытындысында қанша өнім шығарғаны, қанша өнім сатқаны, қанша табыс тапқаны, қанша өндірістік шығын болғаны, қанша коммерциялық шығын болғаны тағы сол сияқты болып жатқан шаруашылық нәтижесінің көрсеткіштері бір жүйеге келтіріліп ақпаратқа тіркеледі. Ақпарат стандарты мазмұны жағынан аудит қызметінін қорытындысын жасауға арналған ереже-нұсқау. Онда ақпараттың мазмұны, мәліметтерді жүйелеу тәртібі, аудит материалдарын тапсыру тәртібі, аудиторлық қорытындының мазмұны анықталған.
Шаруашылық субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес аудитор ақпараты бірнеше түрде төменде келтірілген түрде жасалынады: тұжырымдау - аудит қорытындысын жасау үшін аудит қызметінің материалдарының ақпараты, қаржы ақпараты; аудитор қорытындысын жасау үшін кәсіпорын шаруашылық көрсеткіштерінің ақпараты; кәсіпорын басшысына хат; кәсіпорын басшысына жазбаша түрде берілетін ескертулер, кемшіліктер туралы мәлімет. Ақпарат стандартының негізгі мақсаты бухгалтерлік есепте, есеп кестелерінде, бухгалтерлік ақпараттарда жіберілген кемшіліктерге, қателерге, болған заң бұзушылыққа, ішкі бақылауда жіберілген кемшіліктерге, қателерге түсініктеме беру. Аудитордың міндеті - нақты жіберілген қателерді, қылмыскершілікті анықтап, соны түзету жолдарын жүйелі түрде түсіндіру, оз ойын тұжырымдап нақты қорытынды беру.
Аудит стандартының мәліметі анық, түсінікті, сенімді, дербес тәуелсіз, әділ мазмұнды тапсырушылар өз жұмысында басшылыққа пайдалануға жарайтын мағыналы болуы қажет.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасыңда аудиторлар палатасының арнайы комиссиясы халықаралық бекітілген нормативтер мен стандарттар үлгісіне сүйене отырып, нарықты қатынас экономикасының заңдылығына үйлестіре отырып Қазакстан Рсспубликасының ұлттық аудит стандартын дайындады. 1995 жылы 20-21 шілде айында өткен кезектен тыс Республикамыздың аудитор Палатасының конференциясында ұсынылган 28 ұлттық стандарттың 12-сі қабылданды. Жан-жақты талдаудан кейін келесі аудит стандарты қабылданды:
1.Қаржы ақпаратының аудиті, оның мақсаты мен принциптері.
2.Аудит жүргізу талабы (хат-міндеттеме).
3.Аудит қызметін сапасын бақылау.
4.Құжаттау.
5.Аудиттің қаржы ақпаратын тексергені туралы анықтамасы.
6.Қаржы ақпаратының аудиттік тексеру жасағандығы заңдылықты және нормативтік тәртіпті сақтауы.
7.Ақпарат-жоспар.
8.Тапсырушының кәсіпкерлігін білу.
9. Ішкі бақылау және күдіктілікті бағалау.
10.Аудитор дәлелділігі.
11.Бірінші аудиторлық тексеру. Тексеру алдындағы қалдық.
12.Кәсіпорын басшысына берілетін мәлімет.
Қабылданған "Қазақстан Республикасындагы аудиторлық қызмет туралы" заң және осы жоғарыда келтірілген ұлттық аудит стандарттары еліміздегі аудит қызметінің дамуына, бір жүйеде жүргізілуіне әсерін тигізетіні сөзсіз.
2. Аудиттің мамандық этикасының кодексі
Аудит қызметінің негізгі мақсаты - ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этика деген грек сөзі, оның мағынасы - нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. Өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек. Этикада мамандардың әлеуметтік көзкарасы да ерекше орын алады.
Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған.
Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол - жалпы жан дүние этикасы және мамандық (жұмыс) этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұргыдан анықталған. Профессор Дж. Робертсонның айтуынша: "мамандық этикасының кодексінің жалпы этика теориясынан айырмашылығы онда нақты мамандық проблемаларына жауап анықталған. Мамандық этикасының кодексінде нақты мамандарға қойылатын талаптар анықталған. Онда мамандарга қойылатын этикалык, талаптармен қатар әдептілік, ізеттілік түсініктері де анықталған. Ал мамандар өз кезегінде сол көрсетілген этика талаптарын орындауға міндетті болған. Оны орындамаған жағдайда мамандық саласында тәртіп болмайды". Осы келтірілген мамандар этикасы аудит қызметкерлеріне де тән.
Батыс елдерінде этика мәселесінің шешімі арнайы мамандар этикасының кодексімен қарастырылған. Онда аудитор этикасынын құрамы, оларға қойылатын этикалық талаптар атап көрсетілген. Осындай мамандар этикалық кодексінің бірі ол -Ұлыбритания елінде қалыптасқан. Онда ең алдымен аудиторға қойылатын талаптар: адалдық, дербестік және объекттивтік қасиеттер.
Аудитор өз жұмысында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс барысында барлық фактілерге әділ көзбен қарап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы қажет.
Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, тәуелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу. Себебі, көптеген факторлар күдіктілік туғызады, содан кейін ол объективтілікке әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар этикалық кодексінде күдіктіліктен алшақ болу жолын, оған жол бермеу үшін не істеу керек екенін қарастырған.
Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста тәуелді болу жағдайына немесе аудит принциптерін бұзу жағдайына жол бермеу керек. Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін тапсырушылармен туыстық, семьялық, таныстық қатынасының жоқ екеніне күмәнсіз болуы керек. Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол - аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы кәсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы керек. Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге ақша алудан тікелей бас тартуы қажет.
Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол - соттасу немесе сот тергеуінен аулақ болуы керек.
Ұлыбритания елінің аудит этикасы кодексінде қойылған қатал талаптың бірі ол - конфеденциалдық принципті сақтау.
Аудит қызметінің құпиялылығын қатал сақтау қажет. Аудит тексеруі барысында анықталған кемшіліктер немесе әртүрлі қылмыстылық фактілерді аудитор тек қана тапсырушыға хабарлап және сол кемшілік немесе қылмыстылық фактілерді қалай түзетуге болатынына толық түсініктеме беруі қажет. Яғни, тексеру барысындағы анықталған кемшіліктер туралы тек қана тапсырушы және аудитор ғана білуі керек.
Еуропа этикасының кодексінде тағы бір ерекше орын алатын нәрсе олардың өзара қарым қатынасы. Ол елдердегі аудит фирмаларының үлкен бәсекелестігіне қарамастан олар өзара сынаушылық немесе сыйласпаушылыққа бармайды. Мүмкіншілігінше бір-біріне көмектесу жолымен аудит жұмысын жүргізеді.
Американың дипломды бухгалтерлер қоғамының институты 1988 жылы жаңа вариантпен аудитор мамандарының тәртібі кодексін қабылдады. Оның алты түрлі қарастырылған анықтамасы аудитор мамадарының этикасын дәріптейді. Оларға жататындар: дипломды бухгалтерлер қоғамының институт мүшесі, аудиторлар міңдетті түрде жоғарғы деңгейдегі маман және моралді болуы кажет; қоғам мүддесі, аудитор өз мойнына қоғамдық мүддені алып, соны актау үшін қайта жоғары білгірлігін танытуы керек; адалдық, қоғамның сенімін ақтау үшін аудиторлар адал қызмет істеп өзінін білгір маман екенін көрсетуі қажет; тәуелсіздігі және объективтілігі.
Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр. Этика кодексінің анықталған тәртібі мыналар:
адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет; конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ; білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет; аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандықты жағынан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті.
Қорыта келгенде, дүниежүзілік әртүрлі аудит этикасын қарастырғанда, оған үлкен мағына берілетіні қатал талап қойылатыны айқындалды. Олар өз кезегінде әділетті эксперт деңгейінде жұмыс істейді, оған үлкен сенім артылады, ол өз кезегінде соны ақтауға міндетті.
Талап қоятын ереже (міндетті этика).
Аудитордың алдына қойылатын осы топтағы талап-міндеттер: біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру; шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардын, қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу; тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу; ұжымдағы қызметкерлермен сенімді, сыйлы катынаста болу; өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделін көтеру; келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру; аудит тапсырушның үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Аудит стандарттары деген не?
2.Аудиттің қандай стандарттары бар?
3.Жұмыс стандарттары дегеніміз не?
4.Қазақстандық аудит стандарттарын атаңыз.
5.Аудиторлардың мамандық этикасы дегеніміз не?
Тақырып 18. Аудит жүргізудің дәйектілігі және сапасын бақылау
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аудиторлық тексеру жүргізуге келісім-шарт.
2. Аудиторлық дәлелдеулер, оның түрлері.
3. Құжаттамалар және аудит сапасын бақылау.
1. Аудиторлық тексеру жүргізуге келісім-шарт
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме — хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
Міндеттеме хаттың түрі және мазмүны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:
-
қаржы есебін тексерудің мақсаты;
-
тапсырушылардың тексеретін мәліметтерінің дұрыстығына жауапкершілігі;
-
аудит жүмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданатын заң қүжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;
-
тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;
-
жүргізілетін аудит жүмысының бағдарламасы;
-
аудит жұмысының төлем ақысы.
Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.
Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жүмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық қүпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері көрсетіледі.
Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жүмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтында беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.
Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына бірінші хаттама тіркеледі. Онда аудит жүмысына төлем нақты көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.
Шартта қажет болған жайғдайда қосымша төлем жасау мүмкіңдіктері келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысында шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.
Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.
Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған себеп тапсырушы шарт талаптарын орындамаудан болады.
2. Аудиторлық дәлелдеулер, оның түрлері
Аудиторлық дәлелдер дегеніміз аудиторлардың сараптама жұмысы немесе клиенттерді және үшінші тұлғаларды тексеру барысында алған , жиналған ақпарат және аудиторлық қорытындының негізіне қызмет етеін нәтиже болып табылады. Бұл ақпараттар арқылы аудитор қорытынды жасап, өз көзқарасын білдіре алады.
Аудиторлық дәлелдер құжаттар мәліметтерінің қайнар көздерінен , бухгалтерлік есеп құжаттарынан , мамандардың қорытындыларынан және тағы басқа қайнар көздерден құралады.
Аудиторлық дәлелдер релевантты және жеткілікті болуы керек. Дәлелдің релеванттілігі – бұл қандай да бір мәселені шешу үшін оның бағалылығы. Дәлелдің жеткіліктілігі- бұл нақты әрбір жағдайда ішкі бақылау жүйесін және аудиторлардың тәуекелді бағалау негізінде анықталады.
Аудитор кез келген жағдайларда объективті негізделген қорытынды жасау үшін қажетті дәлелдер санының жиналғандығына сенімді болуы керек. Аудиторлық дәлелдердің сапасы оның қайнар көздеріне тәуелді болады.
Аудиторлық дәлелдер ішкі, сыртқы және аралас болып бөлінеді:
- ішкі дәлелдер- клиенттерден алған ақпараттар;
-сыртқы дәлелдер- үшінші тұлғалардан, басқа да ұйымдардан алынған ақпараттар;
-аралас дәлелдер- клиенттерден алынған және де сыртқы қайнар көздермен бекітілген ақпараттар болып табылады.
Аудиторлық дәлелдердің сапасы оның қайнар көздеріне тәуелді. Аудиторлық дәлелдер тексерілетін кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің құжаттары, есептік регистрлері негізінде, статистикалық есеп, салық есебі, келісім –шарттар және т.б. қайнар көздерден алынады.
Аудиторлық дәлелдер жинауда келесідей процедуралар іске асырылады: 1) клиенттің арифметикалық есебін тексеру жоспарына тәуелді ішкі бақылау жүйесі және аудиторлық тәуекелді бағалау; 2) клиенттің әртүрлі активтерінің түгендеуіне қатысу немесе бақылау; 3) жекt шаруашылық , бухгалтерлік операциялардың орындалуын бақылау; 4) басқа үшінші жақтардан жазбаша растау алу жолымен шаруашылық операциялардың дұрыстығы және шоттар бойынша қалдықтар және есеп берушіліктің жеке баптарының дұрыстығын тексеру; 5) клиент кәсіпорыны жетекшілерінен ауызша немесе жазбаша түсініктеме алу; 6) үшінші жақтан клиенттермен алынған құжаттарды тексеру; 7) клиенттің кәсіпорында дайындалған құжаттарын тексеру; 8) аналитикалық процедуралар, яғни фактілер мен көрсеткіштерді және олардың пайда болу себептерін зерттеуді айқындау мақсатында маңызды қаржылық көрсеткіштерді зерттеу.
Жиналған аудиторлық дәлелдер аудитордың құжаттарында бейнеленеді. Ал аудитордың жұмыс құжаттарының мазмұны, сақталуы, безендірілуі аудиторлық қызметтің «Аудиторлық дәлелдер» ережесінде бейнеленген.
3. Құжаттамалар және аудит сапасын бақылау.
Аудиторлармен жұмыс алдында дайындалған барлық құжаттар оның жұмыс қағаздарын ажыратады және аудитті жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар аудиторлық жұмыстың дәлелі болып табылады. Аудитті тексеру барысында аудитор әртүрлі мәліметтерді пайдаланады. Оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәліметтер көзі деп бөледі.
Тікелей мәлімет көзі фактілерді тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар- бухгалтерлік есеп кестелері, түгендеу құжаттары және түгендеу қорытындысы, акті.
Қосалқы мәліметтер көзі олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорынның шаруашылық жұмысына қатысты мәлімет.
Бухгалтерлік есеп құжаттарын дәлел көзі мағынасы ретінде 4 топқа бөледі: алғашқы, топтаушы, ерікті, қосымша.
Алғашқы есеп құжаттары- бұл шаруашылық операциялардың нақты орындалғанын немесе оның орындалуына негіз болатын жазбаша анықтама. Топтаушы құжаттар-олар шаруашылық арасындағы өзара ішкі мағынасы бірдей өлшемдермен топтастырылғандарын жинақтап, бір жүйеге кетірілген құжаттар. Ерікті құжаттар- ол құжаттарға материалды-жауапты жұмысшының немесе басқадай қызметкерлердің өз еркімен жасайтын құжаттары. Қосымша құжаттар- кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасаушы жеке қызметкерлердің пікір-ойын көрсететін негізде экономикалық фактілерді, құбылыстарды анықтайтын аудиторлық тексеруде көптеген мәліметтер көзі болатын құжаттар.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Аудитті жүргізуде жасалатын келісім-шартта не көрсетіледі?
2.Аудитті жүргізудің бағдарламасы деген не?
3.Аудиторлық дәлелдемелер деген не, оның қандай түрлері бар?
4.Аудит жүргізудегі жұмыс құжаттарына не жатады?
5.Аудиторлық әдістемелер деген не?
Тақырып 19. Аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуекелділік
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аудиттегі мәнділік, қателіктер мен заңсыз әрекеттер.
2. Аудиторлық тәуекелділік.
-
1. Аудиттегі мәнділік, қателіктер мен заңсыз әрекеттер
Аудиттің халықаралық «Аудиттегі мәнділік стандарты» стандарты бойынша «Ақпарат мәнді болып табылады, егер де оны қалдыру немесе бұрмалау қаржылық есеп берушілік негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етсе».
Аудитор фактілерден ауытқудан басқа қаржылық есеп берушілікте бұрмалаушылықты болдыратын жағдайлардың екі түрі болады: - бухгалтерлік есеп стандарттарын дұрыс қолданбау; - қажетті ақпаратты қалдырып кету.
Қаржылық есеп берушілікті тексеруде аудитор аудиттегі мәнділіктің екі жағын ескеру керек: - сапалық, яғни Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік актілердің талаптарынан операциялардың ауытқуы;
- сандық, яғни мәнділік деңгейімен сипатталатын.
Мәнділік деңгейі- бұл қаржылық есеп берушілікте , оның дұрыстығына әсер етпейтін максимальді жіберілетін бұрмалаушылықтар сомасы.
Мәнділік деңгейін анықтауда екі шама қолданылады: қателіктердің нақты және қатысты шамасы.
Нақты шама – сомадағы қателік, қатысты шама- проценттік қатынаста қабылданған базалық шамаға сәйкес анықталады.
Мәнділік деңгейін анықтауда тәсілдерді өңдеу үшін әрбір аудиторлық фирмаларда есептеулердің тәртібін өңдеу және оларды ішкіфирмалық стандарт бойынша рәсімдеу керек.
Мәнділік деңгейін анықтауда аудитор келесідей факторларды ескеруі қажет: қаржылық есеп берушілікті құру шарттары; бір клиент үшін мәнділік басқасы үшін мәнділікпен сәйкес келмегенде пайдаланушылар үшін қаржылық есептің мақсаты.
Аудитор мәнділікті анықтай отырып, клиентпен есептеулердің деңгейі мен тәртібін талқыламайды , біріншіден, өзіне жұмыс көлемін және қабылдайтын тәуекелдерді анықтап алады.
Жоспарлау кезеңінде мәнділік келесілерде қаралады: -шоттар қалдығы деңгейінде; -қаржылық есеп деңгейінде.
Аудиттің халықаралық стандартында «Алаяқтық және қателіктерде» аудитор қаржылық есеп берушілік үшін мәнді болып табылатын алаяқтық және қателіктер фактілері туралы қажетті аудиторлық дәлелдер алуға ұмтылатындығы көрсетілген. Егер де есеп берушіліктерде мұндай қателіктер болып, оның салдарынан қаржылық есеп берушілік дұрыс жасалмаса, қателіктер түзетілуі керек.
Алаяқтық- әдейі дұрыс көрсетпеу және есептің және есеп берушіліктің мәліметтерінің басқарушылар құрамының немесе үшінші жақтардың қызметкерлерімен бір немесе бірнешеуімен көрсетілуі.
Бухгалтерлік құжаттар мен жазбалардың жалғандығы- бухгалтерлік есептің құжаттарын әдейі дұрыс толтырмау және бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбаларды бұрмалап жазу.
Шаруашылық операциялар нәтижелерін жою- негізгі бухгалтерлік жазбалардың мазмұны және сомасы бойынша бірдей түзетілген жазбалар.
Қателіктер- қаржы-шаруашылық қызмет фактілерін дұрыс көрсетпеу, есептің толықтығын дұрыс қарамау; есептік жазбаларда және топтарда арифметикалық және логикалық есептеулер нәтижесінде қаржылық есп берушіліктердегі әдейі жасалмаған бұрмалаушылықтар.
Кездейсоқ қателер- кездейсоқ жіберілген дұрыс емсе жазбалар жатады, олар бухгалтерлердің қаржы-шаруашылық қызметінің қандай да бір фактілеріне дұрыс емес әдісті қолданғанда туады. Сондай-ақ бухгалтерлік есептің стандарттарын және салықтық заңдылықтарды білмеумен байланысты қателіктер де жіберілуі мүмкін. Мұндай қателіктердің болуына кәсіпорындардың жетекшілері жауап береді.
2. Аудиторлық тәуекелділік
Қандай да бір істі, жұмысты бастағанда тәукел әрқашанда болады. Сол сияқты аудитте де дұрыс емес аудиторлық қорытынды беру тәекелі бар. Есеп берушілікте және бухгалтерлік есеп беруде табылмаған қателер жоқ екеніне 100 пайыз сенімді болу мүмкін емес. Ең бастысы- тәуекелдің белгілі бір деңгейін есепке ала отырып, есеп берушіліктің дұрыстылығы туралы жеткілікті сенімді болу.
Жалпы, аудиторлық тәуекел дегеніміз экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп берушілігінде табылмаған нақты қателер. Сонымен қатар аудит тәуекелі- аудит жүргізу кезіндегі мүмкін болатын тәуекел. Аудитор аудиторлық тәуекелді бағалау кезінде және осы тәуекелді азайту үшін аудиторлық процедураларды орындаған кезде кәсіби тұжырымдарды пайдалануй керек. Аудитор тексеру жұмысын бастамас бұрын, аудиторлық жоспарлауға қажетті бухгалтерлік есеп жүйелері және ішкі бақылау жүйесі туралы жеткілікті ақпарат, мәлімет жинау керек. Аудиторлық тәуекел ешқашан жойылмайды, бірақ оның деңгейін азайту үшін іс-шаралар ұйымдастыруға болады.
Аудиторлық тәуекел үш құрамдас бөліктен тұрады: бөлінбейтін тәуекел, ішкі бақылау тәуекелі, таба алмау тәуекелі.
Ішкішаруашылық немесе бөлінбейтін тәуекел- бухгалтерлік шоттың, баланс бабының, экономикалық субъектінің есеп берушілігінің ішінде нақты қателердің бар болуы. Ішкі шаруашылық тәуекелдің деңгейін аудитор клиенттің бизнестің спецификасына қарап біледі. Бұл тәуекел түрі ішкі шаруашылық бақылау құралдары мен тексеруге келмейтін клиент ісінің ішкі мазмұнына байланысты. Бұл тәуекелден айырылу мүмкін емес. Баланс және есеп берушілікке қатысты ішкі шаруашылық тәуекелді бағалаған кезде келесідей факторларды есепке алу қажет:
-
экономикалық субъект қызмет жасайтын саланың ағымдағы жағдайы және қызметінің ерекшелігі;
-
экономикалық субъект іске асыратын қызметінің спецификалық ерекшеліктері;
-
экономикалық субъект жұмысшыларының адалдығы;
-
есеп жүргізуге, есеп дайындауға міндетті жұмысшылардың тәжірибесі және мамандығы.
Нақты шоттарға және шаруашылық операциялардың біртектес топтарына қатысты ішкі шаруашылық тәуеклді бағалаған кезде мына факторларды ескеру керек:
-
есептің жеке шоттарының бар болуы;
-
орындаушылардан жоғары мамандануды талап ететін шаруашылық операцияларды есепке алу күрделілігі;
-
аз кездесетін бірдей емес операциялардың бар болуы.
Ішкі бақылау жүйесінің тәуекелі- кәсіпорында бар және күнделікті қолданылатын бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің құралдары дер кезінде қателерлі тауып, түзете алмау ретінде аудиторлармен анықталатын мүмкіндік. Ішкі бақылау жүйесінің тәуекелі кәсіпорында қызмет ететін және күнділікті қолданылатын бухгалтерлік және ішкі бақылау жүйелерінің құралдары бұзушылықтарды дер кезінде тауып, түзету мүмкіндігі. Аудитор аудит процесі барысында ішкі бақылау жүйесін зерттеп, бағалау керек. Оны екі кезеңде жасау қажет:
-
ішкі бақылау жүйесімен жалпы танысу; 2) ішкі бақылау жүйесінің тұрақтылығын
бастапқы бағалау.
Бақылау жүйесінің тәуекелін бағалау үшін аудитор арнайы аудиторлық процедураларды қолдану керек. Ол бақылау жүйесін тестілеу деп аталады. Бақылау құралдарын тестілеуге мыналар жатады:
-құжаттарды тексеру;
-операцияларды тіркеу бойынша сұраулар және бақылау;
-басқа аудиторлық процедуралар нәтижелерін қолдану.
Аудиторға ішкі бақылау тәуекелін бағалау үшін бақылау тестілері арқылы дәлелдер жинау қажет. Аудит бойынша қорытынды жасамас бұрын аудитор ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін нақтылау қажет.
Таба алмау тәуекелі дегеніміз тексеру барысында аудитор қолданатын процедуралар нақты қателерді таба алмау мүмкіндігі. Таба алмау тәуекелі аудитор жұмысының тиімділігі мен сапасының көрсеткіші болып табылады. Аудитор ішкі шаруашылық бақылау құралдарының тәуекелін бағалау негізінде өзінің жұмысындағы таба алмау тәуекелін азайту керек. Таба алмау тәуекелі аудиторлық процедуралар операциялардың шоттары сальдосындағы қателерді таба алмау мүмкін.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Аудиттегі мәнділік деген не?
2.Аудиторлық тексеру кезінде қандай қателіктер мен заңсыз әрекеттер кездеседі?
3.Аудиторлық тәуекел деген не?
4.Аудиторлық тәуекелдің қандай түрлері бар?
Тақырып 20. Аудиторлық қорытынды есеп беру
Дәріс сабағының сұрақтары:
1. Аудиторлық қорытынды есеп және оны дайындау тәртібі.
2. Аудиторлық қорытынды есеп құрылымы мен түрлері.
1. Аудиторлық қорытынды есеп және оны дайындау тәртібі
Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесінде есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізілуі керек. Аудитормен келісімнің орындалуы Қазақстандық 5 стандарт бойынша қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы және сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің аудиторлық қорытындысымен анықталады.
Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:
-
есептің басқалардан ерекшеленетін тақырыбы болуы керек;
-
есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;
-
егер аудит есебі басылымға ұсынылса, оған қоса негіз болатын қаржы құжаттары да жариялануы керек;
-
есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде тексерудің жалпы көлемі, мазмұны көрсетіліп, оның құқықтық жақтары сәйкес стандарттарға жүргізілгендігі көрсетіледі.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі: 1. Тест арқылы талдау жасау- қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу; 2. Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету; 3. жалпы қаржылық есепке баға беру.
Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын , оның заңдарға , нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.
2. Аудиторлық қорытынды есеп құрылымы мен түрлері
Қазақстандық аудит стандарттарының талаптарына сай аудит қорытындыларының түрлері мен мазмұны бір жүйеге келтірілген шетелдік тәжірибеге сүйене отырып елімізде аудиторлық қорытынды төрт түрге бөлінеді. 1) күдіксіз сенімді аудиторлық қорытынды- аудиторлық тексеруде ешқандай қателіктер жоқ, қаржылық есептің жасалуы дұрыс болғанда, бухгалтерлік есеп заңдарға, мемлекеттік ереже нұсқауларға сай, бухгалтерлік есеп стандарттарға сәйкес жүргізілгенде беріледі. 2) күдіксіз ескерту келтірілген қорытынды – аудит жүргізудің барысында әртүрлі себептердің кездесуіне байланысты болады. 3) күдікті сенімсіз аудиторлық қорытынды- аудит тексеруі барысында қаржылық есептің , бухгалтерлік есептің, есеп саясатының орындалмауына байланысты берілетін қорытынды. 4) теріс қорытынды- субъектінің қаржылық есебі, бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі мен аудит стандарттарына сай жүргізілмеген мемлекеттік заңдарға, нұсқау ережелерге сәйкес келмеген жағдайда жазылады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Аудиторлық қорытынды есеп дегеніміз не?
2.Аудиторлық қорытынды есепте не көрсетіледі, оның қандай бөлімдері бар?
3.Аудиторлық қорытынды есептің қандай түрлері бар?
4.Аудиторлық қорытынды есепті дайындаудың тәртібі туралы не айтасыз?
Тақырып 21. Қаржылық есеп беру және оның аудитінің дәйектілігі
Дәріс сабағының сұрақтары:
1. Қаржылық есеп беру, оның маңызы мен ролі.
2. Қаржылық есеп беруді тексерудің дәйектілігі.
1. Қаржылық есеп беру, оның маңызы мен ролі
Қаржылық есеп берушілікті аудиторлық тексеру аудитор қызметінің маңызды кезеңі. Қаржылық есеп берушілікті аудиторлық тексеруде мынадай сұрақтар қарастырылады:
-
Бухгалтерлік балансты тексеру
-
Пайда мен зияндар туралы есепті тексеру
-
Ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есепті тексеру
-
Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады. Аудитор қаржылық есеп берушіліктің дұрыс толтырылуына көңіл бөледі.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өндеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері қүжатталады (іскерлік мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру т.б.).
Төртінші кезең. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі талданады. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде анықталады.. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Баланстық және басқа берілетін есептердің көрсетіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Кәсіпорындар (бүған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты қүнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Аудитор қаржылық есеп берушіліктің дұрыс толтырылуына негіз болатын алғашқы құжаттардың негізділігі мен дұрыстығын тексереді.
2. Қаржылық есеп беруді тексерудің дәйектілігі
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады,сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есеп ш аруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірак, іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін.
Түгендеу бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-' материалдық қүндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі қүралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының қүрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жүмыс істеп тұратын комиссия болады және оның қүрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жүмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықгауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық қүндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы үсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңцеу орындарындағы тауарлы-материалдық қүндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жүмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі.
Түгендеу кезінде жене басқа да тексерісңдаің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі.
Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру және түсіңдірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Аудитор қаржылық есеп берушіліктің дұрыстығын тексеру барысында түгендеу қорытындыларымен де танысады. Дұрыс жүргізілген түгендеу жұмыстары қаржылық есеп берушіліктегі қателіктердің болмауына әсер етеді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Қаржылық есеп беру деген не?
2.Қаржылық есеп берудің қандай нысандары бар?
3.Бухгалтерлік балансты дұрыс құрылғандығын қалай тексереді?
4.Ақшаның қозғалысы туралы есеп қалай тексеріледі?
5.Меншікті капиталдың өзгеруі туралы есепті тексеру тәртібі қандай?
6.Табыстар мен шығындар туралы есеп берудің дұрыстығы қалай тексеріледі?
3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тақырып 1. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары (принциптері)
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1.Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері.
2. Қаржылық есеп берушіліктің сапалық сипаттамасы.
Сабақ мақсаты: - бухгалтерлік есептің концептуалдық негіздерін, бухгалтерлік есептің принциптерін оқыту, қаржылық есеп берушіліктің сапалық сипаттамаларын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |