1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі


биологиялық рөлі жəне медицинада қолданылуы



Pdf көрінісі
бет39/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
РК химия

биологиялық рөлі жəне медицинада қолданылуы.
38. Беттік энергия жəне беттік керіліс. Беттік белсенді жəне беттік
инбелсенді заттар. Беттік керіліс изотермасы. Беттік белсенділік.
Дюкло-Траубе ережесі.
Беттік құбылыстар фазалардың бөліну бетінде жүретін жəне беттік (жанасу)
қабаттың құрамы мен құрылысының ерекшеліктерімен сабақтасқан процестер.
Фазаның меншікті беттік қабаты (S
мен
– бұл фазаның жанасу бетінің қосынды
ауданының (S
қос
) оның көлеміне (V) қатынасына тең шама:
Беттік керілу (σ) – бұл дененің бірлік беттік қабатына келетін Гиббстің бос
энергиясымен өлшенетін шама (Дж/м
2
). Ол сандық жағынан тұрақты температурада
фазалардың бөліну бет бірлігін түзу үшін атқарылатын жұмысқа тең (энергетикалық
анықтау).
Беттік керілу (σ) – дененің беттік қабатына жанама бойынша əсер ететін
жəне бос беттік қабатына берілген көлемде минимумға дейін қысқартуға ұмтылатын
күш (Н/м) (күштік анықтау).
Беттік энергия 
S
) Е
S
= σS, σ – беттік
керілу коэффициенті, Дж/м
2
; dS – фаза аралық беттік қабаттың ауданы, м
2
.
Беттік активтілік (g) – бұл еріген заттардың еріткіштің беттік керілуін өзгерте
алатын қабілетін сипаттайтын шама (Дж·м/моль, Н
.
м
2
/моль)
Беттік активтік заттар — сұйық пен газдың немесе екі сұйықтың бөліну бетінде
адсорбталып, оның беттік керілісін төмендететін заттар. Беттік активтік заттардың
молекуласы көбіне зарядты жəне зарядсыз бөліктен тұрады. Зарядсыз бөлігі көбіне
органикалық (көмірсутекті) радикал болады. Беттік активтік заттардың органикалық
радикал тізбегі ұзарған сайын беттік активтігі күшейіп, судағы ерігіштігі кемиді. Беттік
активтік заттар үш топқа бөлінеді:
● ионсыз (молекулалық) беттік активтік заттар — электр бейтарап, сулы ортада
олар иондарға ыдырамайды;
● аниондық беттік активтік заттар — молекулалары сулы ортада ионданады,
катиондарының активтігі нашар;


● катиондық беттік активтік заттар — аниондардың активтігі нашар, молекулалары
ионданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет