1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет37/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
РК химия

Кальций (Ca
2+
- макроэлемент (ағзадағы мөлшері 1,4 %). Топографиясы:

сүйек жəне тіс ұлпасы (гидроксилапатит Ca
10
(PO
4
)
6
(OH)
6
жəне фторапатит
Ca
5
(PO
4
)
3
F түрінде);

жүрек;



бүйрек;

бауыр;

ми;

қан;
лимфа; жұмсақ ұлпалар.
Ca2+- иондарының биологиялық ролі:

бұлшық еттерінің, оның ішінде жүрек, жиырылуы жəне релаксациясын
реттеу;

қанның қалыпты ұюын қамтамасыз ету;

нерв импульстарын тасымалдау;

жасушалық мембраналардың өткізгіштігіне əсер ету;

ұлпалар тургорын арттыру;

аллергияға қарсы əсер ету.
Тіс ұлпасының (дентин) минеральды негізін құрайды:

гидроксилапатит Ca
5
(PO
4
)
3
OH;

хлорапатит Ca
5
(PO
4
)
3
Cl;

фтороапатит Ca
5
(PO
4
)
3
F.
35. s-Блогы элементтерінің жалпы сипаттамасы. s-Элементтері
қосылыстарының
биологиялық рөлі жəне оларды медицинада қолдану. Сутегі пероксиді.
Сутегі пероксидінің бактерицидтік қасиеттері.
Сілтілік металдар І топшада орналасқан:
литий Li
,
натрий Na
,
калий К
,
рубидий Rb
,
цезий Cs
,
франций Fr
. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік
электрондарының жалпы формуласы ns
1
(n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік
металдар — сумен əрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған .
Сілтілік металдарда валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан, сондықтан
оларды s-элементтері деп те атайды. S элементтері қалыпты жағдайда кристалдық
күйде болады, басқа металдарға қарағанда тығыздықтары төмен (27-кесте). Литий,
калий жəне натрий судан жеңіл (0,53 - 0,86 г/см3), сондықтан су бетінде қалқып жүреді.
Олардың балқу жəне қайнау температуралары төмен, бұл олардың кристалдық
торларындағы металдық байланыстың əлсіз болуынан. Бұл металдар жəне олардың
қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий — кармин қызыл, натрий -
сары, калий - күлгін түске бояйды.
Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында тек бір ғана электрондары бар,
оларды оңай беріп жіберіп, өзінің алдында тұрған бекзат газдардың аяқталған
электрондық құрылысын қабылдайды. Қосылыстарында үнемі бір валентті, тотығу
дəрежелері -0, + 1, күшті тотықсыздандырғыштар. Тотықсыздандырғыштық қасиеттері
топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады, себебі атом радиустары осы бағытта
өседі. Литий сумен енжарлау, ал натрий белсендірек, калий шабытты əрекеттессе,
рубидий қопарылыс бере реакцияласады. Бұл элементтердің оксидтері – негіздік
оксидтер, ал гидроксидтері суда жақсы еритін сілтілер, олардың қасиеттері жоғарыдан
төмен қарай артады.
Литий ұшақ құрылысында қолданылатын қорғасынды, алюминийлі құймалар алу үшін
пайдаланылады, құймаларға қаттылық қасиет береді.


Рубидий мен цезий фотоэлементтерді жасауда қолданыс табады, өйткені жарық
əсерінен ядросымен нашар байланысқан электрондары оңай үзіліп кетеді.
Натрий
Толық мақаласы: Натрий
Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік
металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз.
Табиғатта таралуы
Табиғатта таралуы бойынша натрий 6-шы орын алады, ол тек қосылыстар күйінде
кездеседі: NaNО
3
- чили селитрасы; NaCl - галит, ас тұзы; Na
2

3
• 10Н
2
О - сода;
Na
2

4
• 10Н
2
0 – глаубер тұзы; NaCl*KC1 - сильвинит, т.б. Ең маңызды қосылысы NaCl
– ас тұзы, тұзды көлдердің негізгі құраушысы (Арал, Балқаш).
Атом құрылысы
Na - үшінші периодта, бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан.
23
11
Na ядросында
11 протон бар, яғни ядро заряды +11, электрондарының жалпы саны да 11,
нейтрондарының саны 12-ге тең. Натрий атомының электрондық формуласы;
ls
2
2s
2
2p
6
3s
1
, валенттілік электроны - 3s
1
. Натрий үнемі I валентті, тотығу дəрежесі 0, +1.
Физикалық қасиеттері
Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, г/см
3
), жаңа кескен кезде
жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық
сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен
жылуды өте жаксы өткізеді.
Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды,
себебі ол терідегі сумен əрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген
жерге тастауға болмайды.
Химиялың қасиеттері
Натрий химиялық белсенді элемент, себебі валенттілік электроны ядросымен əлсіз
байланысқан, олай болса, валенттілік электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыштық
қасиет көрсетеді. Сонда мына үдеріс жүреді:
Na
0
- е —> Na
+
Натрийдің қосылыстары
Натрий гидроксидінің алынуы
Зертханада натрий гидроксидін натрийді жəне оның оксидін сумен əрекеттестіру
арқылы алады:


2Na + 2Н
2
0 = 2NaOH + Н2
Na
2
O Н
2
O = 2NaOH
Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нəтижесінде
түзіледі.
Физикалық қасиеттері
NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді.
Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан
жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий
гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кəрлен
ыдыста еріту керек.
Химиялық қасиеттері
1. Бейметалдармен əрекеттескенде екі түрлі қышкылдың тұзы түзіледі.
2. Қышкылдық жəне екідайлы оксидтермен тұз жəне су түзе əрекеттеседі.
3. Қышқылдармен де осы тектес заттар береді;
4. Тұздармен реакцияласуы:
○ a) орта тұздармен: 3NaOH + ҒеС13 = NaCl + Ғе(ОН)3У
○ ə) қышқыл тұздармен: NaOH + NaHS04 = Na2S04 + Н20
○ в) негіздік тұздармен: 2NaOH + А1(ОН)С12 = А1(ОН)3 У+ 2NaCl
Натрийдің қосылыстарының қолданылуы
Натрий ғылым мен техниканың əр алуан саласында қолданылады: ядролық
реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі,
медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады.
Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дəрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай
өнімдерін тазартуда қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет