1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі


Катализ – катализатордың əсерінен реакция жылдамдығының өзгеру құбылысы. Катализдің негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет9/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
РК химия

Катализ – катализатордың əсерінен реакция жылдамдығының
өзгеру құбылысы.
Катализдің негізгі заңдылықтары:
катализатор реакцияның қарапайым (элементарлық) актісінде
қатысады; əрбір химиялық актіден соң катализатор регенерацияланып, келесі
əрекеттесуші заттардың молекулаларымен химиялық байланысқа түсе алады;
катализатордың қатысы химиялық теңдеудің стехиометриялық
коэффициенттеріне əсер етпейді;
катализатор талғампазды, кейбір реакциялардың жылдамдығына
əсер етіп, өзге біреулеріне əсер етпеуі де мүмкін;
катализатордың қатысуында реакция жылдамдығы артқан сайын,
оның активтендіру энергиясының шамасы төмендей береді;
катализатор химиялық реакцияның тепе-теңдік қалпын бұзбайды,
тура жəне кері реакция жылдамдықтарын бірдей өзгертеді;
оң жəне теріс катализ болып ерекшелінеді.
Гомогендік катализ – əрекеттесуші заттар мен катализатор бірдей
агрегаттық күйде болатын каталитикалық процесс.
Гетерогендік катализ – əрекеттесуші заттар мен катализатор əр түрлі
агрегаттық күйде болатын каталитикалық процесс.
Ингибиторлар – химиялық реакцияның жылдамдығын тежейтін
катализаторлар (теріс катализ).
Промоторлар (активаторлар) – өздері катализатор болмаса да,
катализатордың активтілігін арттыратын заттар.
Каталитикалық улар – активті комплекстерді бұзып немесе активті
орталықтардың беткі қабатын құрсаулау арқылы катализатордың активтілігін
төмендететін заттар
9. Химиялық кинетика жəне оның міндеттері. Жай жəне күрделі, гомогенді,
гетерогенді реакциялар. Гомогенді химиялық реакцияның жылдамдығы жəне
оған əсер ететін факторлар.
Химиялық кинетика
-
химиялық реакциялардың жылдамдығын;
-
химиялық реакциялардың жүру механизмін;
-
реакция жылдамдығының түрлі факторларға тəуелділігін зерттейтін ғылыми
сала.
Кинетиканың фармация үшін маңыздылығы:
•ауруға дəрілік заттардың əсері көп жағдайларда ағзада жүретін
реакциялардың жылдамдығы мен жүру механизміне сəйкес анықталады;
• əрбір дəрілік препараттың жарамдылық мерзімі сақтау кезінде
жүретін химиялық реакциялардың жылдамдығына тікелей байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет