Сурет 10- Қалыптастыру кезеңінің нәтижелері
Жасөспірімдермен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі ата-аналардың балаға ықпал ету әлеуетінің күшті екендігін көрсетеді. Сондықтан да, балалармен тәрбие жұмысын құрғанда ата-аналардың маңыздылық деңгейінің жоғары екендігін сөзсіз ескеруіміз керек. Сол себепті зерттеуге қатысқан оқушылардың ата-аналарына да сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнаманың мақсаты отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау, ата-анасының баласы жөніндегі пікірін білу. Зерттеуге барлығы 15 отбасы қатысты.
Зерттеу жұмысы барысында қойылған мақсатқа қол жеткізіліп,зерттеу болжамы расталды. Жоғарыда айтылған анықтау,коррекция жұмыстарының нәтижесін және отбасына жүргізілген сауалнаманың қорытындысын талдай келе мінез-құлықында ауытқушылығы бар жасөспірімдермен жұмыс атқару кезінде қажетті болатын ұсыныстар мен кеңестерді ұсынуды жөн көрдім.
Кесте 10
Оқушылардың ата-аналарының сауалнамаларының көрсеткіштері
Ата –аналарға қойылған сұрақтар.
|
Берілген жауап көрсеткіштері. %
|
|
Ия
|
Жоқ
|
1. Балаңыздың қалыпты дамуына отбасы факторы әсер етеді деп ойлайсыз ба?
|
70, 5 %
|
29,5%
|
2. Сіз балаңызға ескертуді көбірек бересіз бе? Оны балаңыз қалай қабылдайды?
|
28%
|
72%
|
3. Балаңызбен өзіңізге тең адамдай сөйлесесіз бе?
|
18,2%
|
81,8%
|
4. Балаңыздың тәртібі- сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі екенін ойланып көрдіңіз бе?
|
80%
|
20%
|
5. Балаға қоршаған ортасы өте үлкен әсер етеді дегенмен келісесіз бе?
|
68,5%
|
31,5%
|
6. Сізді балаңыздың өмірі қызықтырады ма?
|
95.5%
|
4,5%
|
7. Кейде өз балаңызды жеккөретіндей сезім пайда бола ма?
|
4%
|
96%
|
8. Сіздің отбасында балада теріс мінез-құлық белгілерінің қалыптасуына әсер ететін адам бар ма?
|
9%
|
91
|
Мінез-құлықында ауытқушылық белгілері көрінетін жасөспірімдермен тек арнайы даярланған мамандар ғана емес, кез-келген ересек жұмыс жасай алады. Соның ішінде ата-ананың рөлі ерекше. Бала үшін отбасы факторы ерекше әсер ететінін зерттеу жүргізу барысында анықтадық. Сол себепті ата-аналарға арналған арнайы дәрістер оқылды. Ол мынандай тақырыпта болды: отбасының адамгершілік құндылықтары, жасөспірімдердің зиянды заттарды пайдалануларының алдын алу, мінез-құлық тәрбиелеу және тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жасөспірімдердің қарым-қатынас шеңбері және оның мінез-құлық қалыптастыруға ықпалы.
Достарыңызбен бөлісу: |