1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде



бет18/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
киын бала - дипл

2 кезең ( 15.01.2012 - 12.02.2012). Бұл зерттеу жұмысында түзету әдісі ретінде тренинг қолданылды. Тренингті өткізу 2 этаптан тұрды, яғни 2 күн өткізілді. Әрбір кезеңнің ұзақтығы 1 сағаттан. Тренингті өткізу схемасы: бірінші күн танысу, әлеуметік дағдыларын үйрену, автоматталған пікірлерін тану, үй тапсырмасы беріледі, екінші күн үй тапсырмасы тексеріледі, қорытындысында болашаққа нұсқау беріледі.
Зерттеу нәтижесі бойынша алынған мәліметтер ескеріле отырып, тұлғаның өзіндік танымын, өзіне деген сенімділігін, өзін сыйлауын, тұлғалық қалыптасуын дамытып, болашаққа деген оң көзқарасын, «Менін» қалыптастыру мақсатында төмендегідей түзету жұмыстарын (тренингтер, медитация мен рөлдік ойындар) жүргізілді.
Олар: «Таныстыру» тренингі . Мақсаты жеке тұлғаның өзіндік танымына, өзін-өзі айқындауына, қарым-қатынас іскерлігін арттыруға бағыт беру. Қатысушылар дөңгелене отырады. Кезекпен кезек әр қатысушыға өзін-өзі таныстыруға уақыт беріледі. Таныстыру барысында әр қатысушы аты-жөнін, жасын, қызығып айналысатын әрекетін, өмірлік мақсатын, арман тілегін, өмірде нені жоғары қоятындығын айтуы тиіс. Өз еркіне қарай мақсаты мен арманының орындалуы үшін қандай әрекеттер орындау үстінде және орындайтынын айтады. Осылайша барлық тренингке қатысушылар өздерін таныстырады.
«Айту жақсы...» тренингі. Мақсаты өзіндік ашылуын, өзіндік танымын дамыту. «Менін» анықтап, беркіту, жағдайды талдау білігін қалыптастыру. Жүру барысы: келіңіздер барлығымыз бір-бірімізге жақын тұрып шеңбер жасайық. Қолымызды шеңбердің ортасына созайық. Менің нұсқауым бойынша барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз, бірақ та жанымызға тұлғаның қолын ұстауға болмайды. Ал бастайық: бір...., екі....., үш. Енді бір-бірімізге жағымды сөз айтамыз.
«Маяк медитациясы» . Мақсаты өздерінің күшті жақтарын ашуға, жеке қасиеттерін көрсетуге медитация арқылы психологиялық көмек беру, «Мен- қожайын тренингі». Мақсаты өзіне деген сеніміділігін арттыру, сенімді мінез-құлық белгілерін көрсетуге бағдарлау, «Антоним» тренингі. Мақсаты өзіне деген сенімділігін арттыру, ренішті жеңу қабілетін дамыту. Топ ішіндегі жағымды эмоциональды байланыс орнату, «сенің болашағың тренингі» мақсаты жасөспірімнің өзіндік танымын, өз болашағына деген сенімін қалыптастыру. «Арманыма саяхат» (рөлдік ойын) мақсаты жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын түзету және олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет