1 Жалпы ережелер


Тарау. Мемлекеттік мұрағаттың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздерінің Тізіміне жаңа ұйымдарды тіркеу тәртібі



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#138272
1   2   3

5. Тарау. Мемлекеттік мұрағаттың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздерінің Тізіміне жаңа ұйымдарды тіркеу тәртібі
49. Мемлекеттік мұрағаттың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздерінің Тізіміне жаңа ұйымдарды тіркеу үшін келесі іс-шаралар өткізіледі:

1) жаңа ұйымдарды мақсатпен іздеу;

2) ұйымның құжаттамасының мазмұны мен құрамын, қызметті құжаттамалық қамтамасыз етуін, ұйымдастырушылық құрылымының ерекшелігін зерттеу;

3) мемлекеттік мұрағаттың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздерінің тізіміне ұйымды кіргізу туралы анықтама құрастыру;

4) мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйыммен құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы және мұрағат іс жөніндегі өзара қарым-қатынастар келісім-шарттың жасалуы.

50. Жаңа ұйымдарды мақсатпен іздеу оларды мемлекеттік мұрағаттардың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздерінің Тізіміне мақсатпен енгізу үшін тұрақты негізде жүргізу ұсынылады.

Іздеу мемлекеттік мұрағаттың жинақтау аймағында орналасқан салық қызметі, қаржы, мемлекеттік мүлікті басқару, заң және статистика органы, әкім аппараты арқылы жүзеге асырылады. Бар құрылымдардың жаңа құрылуын немесе қайта құрылуын анықтайтын орталық және жергілікті өкімет органдардың нормативтік құқықтық актілермен (заңдармен, жарлықтармен, қаулылармен, шешімдермен және тағы басқалары) танысу, іздеуде маңызды көмек көрсетуі мүмкін.

Статистикалық жинақтар, бюллетеньдер, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасы ақпараттарың көмекші арналары ретінде қызмет ете алады.

51. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, жүктелген міндеттер мен мақсаттары, ұйымдар құзырының саласы (деңгейі) туралы мәліметтері кейінге қалдырылған ұйымдастырушылық-басқару (жарлықтарды, ережелерді, бұйрықтарды, өкімдерді және тағы басқалары) және нормативтік құқықтық құжаттамаларды анықтау ұйымдастырушылық құрылымның ерекшелігін зерттеу, қызметтің құжаттамалық қамтамасыз етуі, ұйымның құжаттамалық құрамы және мазмұнын қамтиды. Осы құжаттар мен бекітілген штаттық кестенің негізінде ұйымдардың ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы, оған қарасты жүйесінің бар болуы анықталады.

Зерттеу барысында ведомстволық мұрағаттың, қызметті құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің бар болуы, іс жүргізу ерекшелігі орнатылады, ұйымдардың қызметінде қалыптасатын басқармалық, ғылыми-техникалық, дыбыс-бейне және машиналық нұсқамен оқылатын құжаттамалардың түрлері мен әр түрлілігі, құжаттамалық жиынтықтың құрамы мен мазмұны анықталады.

52. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік мұрағаттардың жинақтау дереккөздерінің Тізіміне кіргізу туралы анықтама құрастырылады. Осы Әдістемелік ұсыныстардың 1-қосымшасына сәйкес. Анықтамада ұйымастырушылық-құқықтық нысаны, құрылған мерзімі, міндеті, негізгі міндеті мен мақсаты, құзырет аясы, ұйымастырушылық-өндірістік құрылымы, мұрағат ісі және іс жүргізу жағдайы, ұйымның құжаттамалық жиынтығының мазмұны мен құрамы міндетті түрде көрсетіледі. Анықтама 3 данада жасалады: біріншісі – жергілікті атқарушы органының (орталық мемлекеттік мұрағаттың) сараптау-тексеру (сараптама-тексеру-әдістемелік) комиссиясының іс жүргізуінде қалдырылады, екіншісі – бақылау ісіне салынады, ал үшіншісі – сараптау-тексеру (сараптау-тексеру-әдістемелік) комиссиясының (бұдан әрі – СТ (СТӘ) хаттамасының көшірмесімен бірге ұйымға жіберіледі. Жергілікті атқару органының осы СТК (ЖСТК) анықтамасы негізінде жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері Тізіміне осы ұйымдарды кіргізуді немесе кіргізуден бас тарту туралы шешім шығарады.

53. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйыммен құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы және мұрағат іс жөніндегі өзара қарым-қатынастар келісім-шарттың жасалуы мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, қорлар және партиялармен жұмыс істеуде міндетті ерекше белгі болып табылады. Осы Әдістемелік ұсыныстардың 2-қосымшасына сәйкес келісім-шарттағы келтірілген үлгілік мәтін: шарттың мәні, тараптардың жауапкершілігі, сонымен қатар шарттың қолданылу мерзімінің сипатын табу керек. Келісім-шартқа реттік нөмірлер беріледі. Келісім-шарттың нөмірі екі бөліктен тұрады: бірінші бөлік жалпы реттік нөмір болып табылады, екінші дефис бөлік дефис арқылы қойылады, осы ұйыммен келісім-шарттың мерзімін ұзарту санын білдіреді. Мысалы, 36-3 нөмірі осы келісім-шарт есепке алу журналындағы отыз алтыншы келісім-шарт және алдыңғы келісім-шарттың аяқталуына байланысты бұл ұйыммен үшінші келісім-шарт болып табылады.

Келісім-шарт 2 данада жасалады: біріншісі – ұйымның бақылау ісіне салынады, ал екіншісі – ұйымға жіберіледі. Осындай келісім-шарттарды есепке алу мақсатында мемлекеттік мұрағаттардың ұйым мұрағаттарымен және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысы бойынша құрылымында арнайы журнал жүргізіледі.

6. Тарау. Ұйымдардың Тізімін құру және ресімдеу тәртібі
54. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты және орталық мемлекеттік мұрағаттар екі бөліктен тұратын ұйымдардың Тізімін дайындауды ұйымдастырады:

1) мемлекеттік мұрағаттардың жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдар Тізімі;

2) мемлекеттік мұрағаттардың әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдар Тізімі.

55. Ұйымдар Тізімі парақ түрінде осы Әдістемелік ұсыныстардың 4-қосымшасына сәйкес немесе дерекқор түрінде жүргізіледі. Ұйымдар Тізімі қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

56. Екі бөліктен тұратын ұйымдардың біріңғай тізімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, орталық мемлекеттік мұрағаттар құрайды.

57. Ұйымдардың Тізімі «Мемлекеттік мұрағаттардың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдар түрінің үлгілік тізімдерінің» негізінде жүргізіледі.

58. Нақты мемлекеттік мұрағат мекемесінің жинақтау аймағында орналасқан ұйымдар туралы қосымша мәлімет республикалық және жергілікті статистика, әділет органдарынан, орталық және жергілікті өкімет органдарының нормативтік құқықтық актілерінен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасынан алуға болады.

59. Ұйымдар тізімде анықталған «Мемлекеттік мұрағаттардың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдар түрінің үлгілік тізімдерінің» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдар тізімінің орналасу схемасы» негізінде тәртіпке сай орналасады Осы Әдістемелік ұсыныстардың 3-қосымшасына сәйкес.

Тізімнің бөлімдері экономиканың іріленген салалары, мемлекеттік және қоғамдық салалары болып табылады; бөлімшелер – ведомстволық жүйелер немесе экономика саласының бірі. Әрбір бөлімшелердің ішінде ұйымдар түрі «Мемлекеттік мұрағаттардың жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдар түрінің үлгілік тізімдерінде» қарастырылған сол тәртіппен, бір немесе әр түрлі деңгейдегі ұйымдар тобының ішінде – олардың ресми атауына сәйкес, қатаң алфавиттік тәртіпте орналасады.

60. Алматы және Астана қалаларының, облыстардың мемлекеттік мұрағаттарының тізімдері тиісті төменгі мемлекеттік мұрағаттық мекемелердің жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдарды да қамтиды. № 11-бағанда осы ұйымның кіретін жинақтау аймағындағы мемлекеттік мұрағатының атауы туралы белгі қойылады.

61. Ұйымдардың Тізім нысанын толтыру кезінде № 1-бағанда ұйымның жалпы реттік нөмірі қойылады, және де екі бөліктің де дербес нөмірі болады (жинақтау дереккөздері және әлеуетті жинақтау дереккөздері). № 2-бағанда, ұйымдардың бір түрінің екі немесе одан да көп болған жағдайда (әр түрі), қойылған индекс нүктемен бөлінген төртінші санмен толықтырылуы керек, мысалы, нүктелермен бөлінген, 3.6.11.1.; 3.6.11.2.; 3.6.11.3.; 3.6.11.4. және тағы басқа. № 3-бағанында салалардың атауы, саланың ішкі саласының және ұйымның ресми атауы көрсетіледі. №№ 5, 6, 7 және 8-бағандарда ұйымдардан қабылданатын құжаттардың барлық түрлерін қысқартылған түрінде белгілеу керек: басқару құжаттамасы (бұдан әрі – БҚ), ғылыми-зерттеу құжаттамасы (бұдан әрі – ҒЗҚ), жобалық-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі – ЖСҚ), ақпараттарды электронды тасығыштағы құжаттар (бұдан әрі- ЭҚ); немесе толық нысанда жазылуы: патентті-лицензиялық құжаттама, фотоқұжаттар, фоноқұжаттар және т.б. № 9-бағанда ұйымдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын қысқартылған түрінде: акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ), республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (бұдан әрі – РМКК), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС); немесе ұйымның ресми атауын толық нысанда көрсетілуі рұқсат етіледі. Сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттың нақты атауының жазылуына № 11-бағанын қолдану рұқсат етіледі.

62. Ұйымның Тізіміне алғы сөз жасалалып жинақтау дереккөздері және әлеуетті жинақтау дерекккөздеріндегі ұйымдарды анықтау бойынша, мемлекеттік емес құрылымдармен ынтымақтастық туралы келісім-шарттың жүргізілуі, туындаған мәселелер және оларды шешуге қолданған шаралар туралы қысқаша мінездеме беріледі. Сондай-ақ осы Тізімге ұйымның осы түрінің (әр түрлі) барлық жиынтығының нақты ұйымдарын кіргізуге негіз және дәлелдеме келтіру қажет. Мысалы: неліктен мына колледж немесе мектеп енгізілген. Алғысөзге міндетті түрде ұйым тізімінің барлық бағанының екі бөлігінде кездесетін қысқартылған сөздердің (қысқартылған сөздер) толық тізімі енгізілуі керек және олардың мағынасын ашып жазу керек.

63. Ұйымының Тізімінің екінші бөлімін (әлеуетті жинақтау дереккөздері), салалардың орналасу тәртібін, саланың тармағын, ұйымның түрі және әр түрлігін құрастырғанда «Мемлекеттік мұрағаттардың жинақтау дереккөздері және әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйым түрлерінің үлгілік тізімінде» келтірілген қатаң тәртіпке сәйкес келу керек. Және де әлеуеті жинақтау дереккөздеріне құнды құжаттар топтамасы құралатын мемлекеттік емес ұйымдарды, бірақ ынтымақтастық келісім-шарты әр-түрлі себептерге байланысты жасалмаған ұйымдарды кіргізу ұсынылады. Сонымен қатар, құжаттардың мазмұны мен құрамы әліде зерттелмеген, бірақ бұдан былай Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының әлеуетті жинақтау дереккөздерінің құрамына кіруге қабілетті жаңа құрылымдар әлеуетті жинақтау дереккөздерінің құрамына кіреді.

64. Өз құжаттарын толық жинақта мемлекеттік мұрағатқа тікелей өткізуші ұйымның сандық құрамын анықтау барысында, бір мағыналы ұсыныстар болмайтынын ескеру қажет. Іріктелген жиынтықтың көлемі әрбір мемлекеттік мұрағатпен оның жинақтау аймағын ескре отырып, салалық (ведомстволық) жүйедегі құжаттық ақпараттың қайталануымен, сонымен қатар жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздерін анықтау белгілер мен ықпалдарды топтық қолдану негізінде анықталады.



7. Тарау. Ұйымдардың Тізімін бекіту және келісу тәртібі
65. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты және орталық мемлекеттік мұрағаттары ұйым тізімдерін құрастырады және анықтайды, оларды өздерінің СТ (СТӘ) комиссиясында қарастырып оны келіседі, және оны Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына қарастыруға және бекітуге жібереді.

66. Республикалық деңгейдегі облыстық, астаналық және қалалық мемлекеттік мұрағат жергілікті атқарушы органмен бірігіп, сол облыста (қалада) орналасқан мемлекеттік мұрағат мекемелерінің жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдардың бірыңғай Тізімін анықтау және құруды ұйымдастырады, өзінің жергілікті атқарушы органының сараптау-тексеру комиссиясында қарастырылады және келісіледі, Әкім аппаратымен келісіліп, Қазақстан Республикасының уәкілетті органына қарастыруға және бекітуге жолдайды.

67. Ұйымның тізімдерін қарау және бекіту үшін Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың мемлекеттiк өкілетті органына 2 данада жіберіледі.

8. Тарау. Ұйымның Тізімдеріне өзгертулерді енгізу тәртібі
68. Ұйымдар Тізімдерін анықтау жұмысы барлық деңгейдегі мемлекеттік мұрағаттармен тұрақты деңгейде жүргізіледі. Тізімдер кем дегенде бес жылда бір рет бекітіледі және келісіледі.

69. Ұйымдардың тізіміне өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін:

1) ұйымдардың тізімдерін өзгерту немесе анықтау сұрақтары бойынша мемлекеттік уәкілетті органның бағдарлық нұсқаулары;

2) бөлек ұйымдардың немесе басқару органдарының құрылуы, қайта құрылуы немесе жабылуы, олардың қызметіндегі өзгертулер, қызметіндегі мақсаттардың, міндеттердің, құзіретінің және қызмет ауқымының деңгейі,

3) еліміздегі, облыс, қала, аудандарыының әкімшілік-аумақтық бөлінуіндегі өзгерістері;

4) мемлекттік мұрағат мекемелірінің жүйесіндегі қайта құрулар;

5) мемлекеттік мұрағат қызметіндегі қызметкерлермен, нақты ұйымдардың қызметінде қалыптасатын құжаттардың махмұны мен құрамын терең және жан-жақты зерттеу және оларды осының негізінде тізімге кіргізу;

6) мұрағат ісі және құжаттау саласында мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасу болып табылады.

70. Ұйымдардың Тізіміне өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар негізінде мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері:

1) нақты ұйымның құрылуы (қайтадан құрылуы) туралы құжаттарды және нормативтік құқықтық актілерді (жарлықтарды, қаулыларды, өкімдерді, шешімдерді, бұйрықтарды, жарғыларды, ережелерді және т.б.) зерттейді;

2) ұйымның қызметінде құрылатын құжаттардың құрамы мен мазмұнына тікелей сараптамалық бағалау жүргізеді;

3) ведомстволық тиістілігіне (бағыныштылыңы) және салааралық байланыстарына қарай ұйымның қызметi туралы құнды құжаттық ақпаратын сіңіруін (қайталануын) зерттейді.

71. Сонымен бірге, құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидасы, жоғары тұрған органның ұйымдастыру-басқарушылық құжаттамасы, осы сияқты қатар бағынатын ұйымдарының да үлгілік, нақты номенклатуралары белсенді қолданылады.

72. Жергілікті атқару органының сараптау-тексеру (сараптау-тексеру әдістемесімен) комиссиясының қарауына ұйымның Тізіміне өзгерістерді енгізу ұсыныстары анықтамамен бірге ұсынылады:

1) ұйымның тарихы;

2) ұйымның қызметінде құрылатын құжаттың құрамы мен мазмұны, олардың хабарландыру құндылығы және сіңіру деңгейі;

3) ұйымдардың мұрағат ісі және іс жүргізу жағдайының бағасы;

4) Тізімге ұйымдарды кіргізу туралы сараптамалық қорытынды (орынсыз енгізу) оның құжаттарын қабылдау нысанын және салалық тиістілігін анықтауы жоғарыда аталған анықтамада сипатталуы қажет.

73. Ұйымдардың тізіміне өзгертулер енгізу туралы шешімді сараптау-тексеру (сараптау-тексеру әдістемелік) комиссиясы қабылдайды, сол шешімді жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары бекітеді.

74. Ұйымдардың тізімінің барлық даналарына өзгертулер енгізу туралы мәлімет тек қана жергілікті атқарушы органының сараптау-тексеру комиссиясының (сараптау-тексеру-әдістемелік) шешімімен бекітіледі.



9. Тарау. Қорытынды ережелер
75. Осы Әдістемелік ұсыныстағы баяндалған белгілелер мен өлшемдер кез келген ұйымдардың түріне (әр түріне) және оның меншік нысанына, экономика саласына немесе мемлекеттік сала мен қоғамдық қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан қолданылуы мүмкін.

76. Белгілер тек топтастырылған күйде ғана қолданылуы керек. Мемлекеттік мұрағаттардың практикалық жұмысында нақты жинақтау дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздерін анықтау бойынша осы нағыз Әдістемелік ұсынысты қолдану мемлекеттік мұрағаттар жүйесінде болатын, мемлекеттік мұрағаттық мекемелердің практикалық жұмысында қалыптасқан әр түрлі мұрағаттардың жинақтау аймағындағы қызметтің салалық жүйесі мен ұйымдардың өзгешелігін ескере отырып, жан-жақты сипатта болу керек.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік

мұрағаттарының жинақтау

дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері

болып табылатын ұйымдардың тізімдерін

анықтау және құрастыру бойынша

әдістемелік ұсыныстарына

1-қосымша

Мемлекеттік мұрағат

Сараптама-тексеру комиссиясы

Алматы қаласы

«___» _________201__ жыл

Мемлекеттік мұрағаттың (мекеменің ресми атауы)

әлеуетті және жинақтау дереккөздері болып табылатын

ұйымдардың Тізіміне кіргізу туралы

АНЫҚТАМА
Ұйым сәйкес акционерлік қоғам нысаны ретінде құрылған __________________________________________________________________.

(нормативтік құқықтық акті атауы, оның номері мен датасы)

____________________________________бекітілген Жарғыға (ереже) сәйкес,

(бекітілген уақыты)

Ұйым міндеттерін орындайды __________________________________.

Ұйымның негізгі міндеттері:

1. ___________________________________________________________

2. ___________________________________________________________

3.______________________________________________________болып табылады.

Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін, Ұйым төмендегі қызметтерді атқарады:

1. ___________________________________________________________

2. ___________________________________________________________

3. ___________________________________________________________.

Жарғылық құжаттарға сәйкес Ұйым өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін, ұйымның келесі құрылымы анықталған:

1. Акционерлердің жалпы жиналысы;

2. Бақылау комиссиясы;

3. Тексеру комиссиясы;

4. Бақылау кеңесі;

5. Басқарма (дирекция).

Өз кезегінде, Ұйымның Басқарма аппаратының құрамына төмендегі құрылымдық бөлімдер кіреді:

- Басшылық;

- нарық мониторингі бөлімі;

- күрделі құрылыс бөлімі;

- халықаралық байланыстар бөлімі;

- әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі;

- бухгалтерия;

- кадр бөлімі;

- баспасөз қызметі;

- қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі.

Ұйым атқаратын қызмет түріне қарай республикалық маңызға ие және Мемлекеттік мұрағаттың жинақтау аймағына кіреді. Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз етілуі ұсынылған талаптарға сәйкес. Іс жүргізу қызметі әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің құрамына кіретін 3 штаттық бірліктен тұратын кеңсеге жүктелген. Қазіргі таңда Құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидалары жасалған. Кеңсе өз қызметінде әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі туралы Ереже мен лауазымдық нұсқауларын басшылыққа ала отырып іске асырады. Ұйымның істер номенклатурасы әзірлеу сатысында. Сараптама комиссиясы әлі құрылмаған. Іс жүргізуді дұрыс қалыптастыруға жауапкершілік әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің бастығына міндеттелген. Құжаттамалық қамтамасыз етудің жалпы сұрақтары бойынша Басқарма директорының орынбасары жетекшілік етеді.

Мұрағат үшін бөлме бөлінбеген, Ұйым Басқармасының штаттық кестесінде мұрағатқа жауапты лауазым қарастырылмаған.

Ұйым қызметінде басқарма және дыбыс-бейне құжаттамаcы жасалады. Нарық мониторингі бөлімі ғылыми іздеулер жүргізеді, олардың нәтижелері ғылыми есептер негізінде рәсімделеді. Кадр бөлімінде құпия және өте құпия құжаттамаларды қалыптастыратын мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше жұмыс атқарады.

Зерделеу жұмысының қорытындысы бойынша Ұйымға келесі іс шараларды өткізу ұсынылды:

1. ___________________________________________________________

2. ___________________________________________________________

3. ___________________________________________________________.

Қолданыстағы жинақтау дереккөздерін іріктеу өлшеміне сәйкес бұл Ұйымды Мемлекеттік мұрағаттың әлеуетті және жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдардың Тізіміне құжаттарды қабылдаудың толық нысанына сай кіргізуді ұсынамын.


Заңды тұлғалардың мұрағаттарымен

жұмыс жасау бөлімінің мұрағатшысы (қолы) (қолының мағынасын ашу)


Қазақстан Республикасының мемлекеттік

мұрағаттарының жинақтау

дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері

болып табылатын ұйымдардың тізімдерін

анықтау және құрастыру бойынша

әдістемелік ұсыныстарына

2-қосымша

Құжаттау, құжаттарды басқару және мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы

№__ КЕЛІСІМ-ШАРТ

Алматы қаласы «___»_______201__ жыл

Мемлекеттік мұрағат (бұдан әрі – Мұрағат), оның атынан Жарғы негізінде әрекет ететін ________________________, бір жақтан, _____________________ (бұдан әрі – Ұйым) оның атынан ______________________, келесі жақтан, төмендегілер туралы осы Келісім-шартты жасады:

1. Келісім-шарттың мәні


1. Ұйымның басқарушылық қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын оның қызметтерінде құрылған құжаттармен толықтыру мақсатында құжаттау, құжаттарды басқару және мұрағат істері саласындағы қызметтестік осы Келісім-шарттың мәні болып табылады.

2. Тараптардың міндеттері


2.1. Мұрағат:

1) Ұйымның басқару қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру және мұрағат жұмыстары мәселелері бойынша өз құзыреті шеңберінде Ұйымға ғылыми-әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

2) Ұйымның мұрағат жұмысы, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу нәтижелері жөнінде берген нормативтік-әдістемелік әзірлемелерін қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамына жататын Ұйым құжаттарының категорияларын және түрлерін анықтайды;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаттық қоры құжаттарының тұрақты мемлекеттік сақталуын Қазақстан Республикасы заңнамасы мен осы шартқа сәйкес, Ұйымның таратылған жағдайында Мұрағат жеке құрам бойынша құжаттарын сақтауға қабылдайды;

5) Мұрағатқа сақтауға тапсырылған Ұйымның құжаттары бойынша сұралған ақпараттарды береді.

2.2. Ұйым:

1) Ұйымдағы құжаттау, құжаттарды басқару және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді Мұрағатқа қарауға және келісуге береді;

2) Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құжаттауды, құжаттамаларды басқаруды және құжаттарды мұрағатта сақтауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құрамына жататын құжаттардың категорияларын және түрлерін анықтау бойынша Мұрағатқа көмек көрсетеді;

4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жеке құрам бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуді ұйымдастырады;

5) осы келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін, Ұйым қызметтерінде құрылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын 15 жылдан кейін Мұрағатқа тұрақты мемлекеттік сақтауға өңделген түрінде тапсырады. Аталған құжаттарды Мұрағатқа тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсыру кезінде мемлекетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға меншік құқығын береді;

6) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның қызметтеріне құрылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

7) сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюды тек Мұрағаттың келісімі бойынша жүзеге асырылады;

8) Мұрағатқа мемлекеттік сақталатын Ұйым құжаттарын пайдалану құқығын береді.

3. Форс-мажор


3.1. Егер Тараптардың бірі Форс-мажор жағдайында осы Келісім-шарт бойынша міндеттерді орындауға кедергі келтірсе немесе кешіктірсе, онда осы Келісім-шарт бойынша міндеттердің Тараппен орындалуы форс-мажор жағдайлары ұзартылған уақыт шамасына және Тараппен міндеттердің орындалуына кедергі келтірілетіндей немесе кешіктірілетіндей деңгейде тоқтатылады. Осы Келісім-шарттың талаптарына сәйкес мұндай Тарап форс-мажордың басталғаны туралы келесі Тарапқа хабарлауы қажет екені белгіленеді.

3.2. Өрт (Тараптардың қылмыстық салақтығы және ұқыпсыздығы салдарынан болғандардан басқа), найзағай түсу, жарылыстар (Орындаушы кінәсінен басқа), басқарылып ұшатын объектілердің және олардың сынықтарының құлауы, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыстар (жарияланған немесе жарияланбаған), көтерілістер, ереуілдер, азаматтық соғыстар және жаппай тәртіпсіздіктер, үшінші тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттері, орталық және өзге банктердегі компьютер жүйелерінің тоқтауы, сондай-ақ осы Келісім-шарт бойынша Тараптардың орын алған жағдайға жауапты болмайтын, Орындаушының қатысынсыз болған электр энергиясының берілуіндегі тоқтаулар, бірақ бұнымен шектелмейтін, Тараптар жүйелі бақылау жасай алмайтын кез келген төтенше жағдайлар осы Келісім-шарт тың мақсаты үшін форс-мажорды білдіреді. Сондай-ақ, Тараптар осы Келісім-шарт бойынша міндеттерді уақытылы орындауға кедергі келтіретін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге нормативтік актілер қабылдануы сияқты, олардың бақылауынан тыс болатын жағдайлар үшін жауапты болмайды.

3.3. Келісім-шарт бойынша міндеттерді орындауына кедергі туындаған Тарап, Форс-мажор басталған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде, келесі Тарапқа форс-мажордың басталғаны туралы және форс-мажордың онымен қандай міндеттердің орындалуына әсер ететіні туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Егер, форс-мажор нәтижесінде келесі Тарапқа хабарлама беру мүмкін болмаған жағдайдан басқа, Тарап осы бапта белгіленгендей форс-мажор туралы хабарлама бермеген жағдайда, ол осы Келісім-шартпен көрсетілген құқықтарын жоғалтады.

3.4. Жалпыға белгілі сипаттағы форс-мажор жағдайлары қосымша дәлелдердің немесе хабарламалардың берілуін талап етпейді. Барлық басқа форс-мажор жағдайларына қатысты дәлелдер мүдделі Тараппен беріледі.

3.5. Форс-мажор аяқталғаннан кейін бес (5) жұмыс күннің ішінде оған қатысы бар Тарап форс-мажордың аяқталғаны туралы келесі Тарапқа жазбаша хабарлауы қажет және осы Келісім-шарт бойынша өз міндеттерін орындауды қайтадан бастауы тиіс. Егер форс-мажор басталғаннан кейін бір айдан аса уақыт әрекетін жалғастырса, Тараптардың кез келгені он төрт (14) жұмыс күннен кешіктірмей, бұл туралы келесі Тарапқа жазбаша хабарлай отырып, осы Келісім-шарт әрекетін тоқтатуға құқылы. Бұл ретте, Тараптардың әрқайсысы тиісі қарсы орындауларды алмай, өзінің барлық орындағандарының қайтарылуын талап етуге құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі


4.1. Осы Келісім-шарт бойынша қабылданған міндеттерін бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен қарастырылған тәртіппен жауапты болады.

5. Келісім-шарттың әрекет ету мерзімі


5.1. Осы Келісім-шарт әрекет етуі оған Тараптармен қол қойылған күннен бастап 5 жыл мерзімге белгіленеді. Тараптар өзара келісімге келген жағдайда, осы шарттың әрекет етуі көрсетілген мерзімде автоматты тұрде ұзартылуы мүмкін.

5.2. Кез келген Тараптың талабы бойынша Келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Бұл ретте бастама жасаған Тарап бір ай бұрын Келісім-шартты бұзу ниеті туралы келесі Тарапқа жазбаша ескертуі қажет.

5.3. Осы Келісім-шарт екі данада жасалды, Тараптармен қол қойылған екі дананың заңды күштері бірдей.

6. Ерекше шарттар


6.1. __________________________________________________________
6.2. __________________________________________________________

7. Тараптардың заңды мекен-жайы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

мұрағаттарының жинақтау

дереккөздері мен әлеуетті жинақтау дереккөздері

болып табылатын ұйымдардың тізімдерін

анықтау және құрастыру бойынша

әдістемелік ұсыныстарына

3-қосымша

Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі

мемлекеттік мұрағаттардың әлеуетті және жинақтау дереккөздері

болып табылатын ұйымдардың Тізімін құру

сұлбасының жобасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет