Іс-тәжірибе (семинар) сабақтарының тақырыптары
№
|
Тақырып атауы
|
1
|
Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым-қатынасы. Тіл және сөйлеу. Тілдің атауыштық және вербальдық қарым-қатынасы. Тілдің территориялық және әлеуметтік жағынан жіктелуі.
|
2
|
Тілдің тарихи дамуы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының сыртқы және ішкі факторлары. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Тілдің даму кезеңдері. Халықтардың және тілдердің қалыптасуы. Ұлт тілдері.
|
3
|
Тіл дыбыстарының артикуляциялық, акустикалық сипаты, аспектісі, дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр, дауыс жасауда шуыл мен салдырдың рөлі. Сөйлеу апараты, оның құрылысы мен сөйлеу мүшелерінің қызметі, актив, пассив сөйлеу мүшелері, ерекшеліктері, дыбыс артикуляциясының үш кезеңі, тіл дыбыстарын жіктеу принциптері.
|
4
|
Дауысты-дауыссыз және аффрикат, сонор дыбыстар, олардың әртүрлі тілдердегі қызметі.
|
5
|
Буын, оның түрлері, буын жасайтын және жасамайтын дыбыстар, әртүрлі тілдердегі буын құрылысы. Екпін, оның түрлері, элементтері, әртүрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері.
|
6
|
Тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы, комбинаторлық өзгерістер, ассимиляция, диссимиляция, аккомодация, редукция құбылыстары, дыбыс үндестігі. Фонема ұғымы, дыбыс және фонема, қызметі. Орфоэпия жайлы ұғым.
|
7
|
Лексикология,міндеті мен зерттейтіні: ономосиология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография. Сөзге тән басты белгілер, оның жалпылаушьшык қызметі, лексикалық мәні, көп мағыналылығы, тура және ауыс мағыналары, омоним, синоним, антонимдер.
|
8
|
Жалпы халықтық лексика, әдеби тіл, кітаби, қарапайым, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы. Сөздің экспрессивті-эмоционалды бояуы. Диалектизмдер, кәсіби сөздер мен терминдер. жаргон сөздер мен қарапайым сөздер. Сөздік құрамның тарихи дамуы. Архаизмдер мен историзмдер, неологизмдер, олардың пайда болу жолдары.
|
9
|
Сөзжасам және сөздік құрамның толығу жолдары, жаңа сөз жасаудың морфологиялық тәсілі, семантикалық тәсілі, калька тәсілі арқылы сөз жасау. фразеологизмдер туралы ұғым. ғылыми, халық этимологиясы. лексикография. сөзжасам және грамматика. Морфема және сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем. Сөз құрылысы.
|
10
|
Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. аффиксация. фузия. (флективтілік) және агглютинация. көмекші сөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау).
|
11
|
Нөлдік морфемалық форма. грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және "ішкі флексия", екпін мен интонация, супплетивизм мен редупликация. грамматикалық категория жайлы ұғым.
|
12
|
Сөз таптары, оларды ажырату принциптері, негізгі белгілері: семантикалық, морфологиялық (сөз тудырушылық) және синтаксистік.
|
13
|
Сөйлем мен сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, байланысу түрлері, айтылу мақсаты мен құрылымына қарай жіктелуі, қазақ орыс тілдеріндегі төл сөздер, олардың ерекшеліктері
|
14
|
Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасымен таныстыру. Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық классификациясы. Үнді-еуропа тілдері семьясы, оның негізгі топтары. Алтай тілдері семьясы. Алтай тілдерінің (түркі, монғол және тунгус-маньчжур) бірлестік проблемасы. Түркі тілдері, олардың пайда болуы және қазіргі таралуы.
|
15
|
Тілдердің морфологиялық типтерін анықтау. Сөздің құрлысына және грамматикалық мағынаның берілу тәсілдеріне анализ жасау. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер (сөзжасамдық және сөз тіркесі т.б.). Тілдердің морфологиялық (типтік) классификациясы. Синтетикалық құрылысты тілдер. Тілдердің даралаушы (түбір), жалғамалы (агглютинативті) жәке фузиялы (флективті) типтері. Қазақ тілі-синтетикалық құрылысты, жалғамалы тіл екендігі. Қазақ тіліндегі даралаушы және фузиялы (флективті) тілдік элементтердің көрінісі, аналитикалық тәсілдің қолданылуы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |