1. Жалпы мәлімет



бет2/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

1.2.Пән туралы мәліметтер
Пән атауы – «Тіл біліміне кіріспе». Бағдарлама күндiзгi бөлiм студенттерiне арналған. Көлемі: 3 кредит. Семестр бойынша барлығы 15 сағат дәріс оқылып, 30 сағат семинар (практикалық) жұмыстар жасалынумен бірге 30 сағат СОӨЖ, 30 сағат СӨЖ жұмыстары жасалынатын болады. Негізгі бақылау түрі - емтихан. Өтілетін орны – 2.1-204, 2.3-201 дәрісханалар. Уақыты: бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі


Оқу жоспарынан алынған көшірмесі:

курс

семестр

Кредит
саны

Дәріс
сағаты

Практ.,
семин.
саб.,сағ.

Зертх.
сабақт.,
сағат

СОӨЖ
сағаты

СӨЖ
сағаты

Барлығы
сағаты

Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

1

3

15

30

-

45

45

135



емтихан



1.3.Пәннің пререквизиттері: Бұл пән мамандыққа сәйкес оқылатын алғашқы пәндердің бірі болғандықтан, тіл білімі, тіл ғылымы, лингвистикадан жалпы түсініктері, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілінің грамматикасынан алған білімдері болу керек.


1.4. Пәннің постреквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, стилистика, тіл мәдениеті. Тарихи лингвистикалық пәндер: Түркітануға кіріспе, Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, тарихи грамматика, диалектология, қазақ әдеби тілінің тарихы, қазақ жазуының тарихы т.б. мамандық бойынша өтілетін пәндерден түсінік негіздері қалыптастырылады.


1.5.Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курстың мақсаты: «Тіл біліміне кіріспе» пәні бакалавриаттың бірінші курсында оқытылатындықтан, филологтарды лингвистикалық пәндерге дайындаудың алғашқы баспалдағы болып табылады және университеттер мен институттардың филология факультетінде оқитын студенттерге арналған міндетті теориялық пән болып есептеледі. Пәннің мақсаттары мен міндеттері – студенттерге лингвистикадан жалпы мәлімет беру, тілдің қызметі, тілдердің пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктерін, жазу мен оның түрлері, тіл және қоғамның диалектикалық бірлігі, тілдің деңгейлік жүйесі, фонетика және фонология, лексикология, грамматика туралы жүйелі түрде түсінік қалыптастыру, білім беру. Сонымен қатар пән тіл білімінің негізгі мәліметтерімен, негізгі ұғымдарымен, терминдерімен және оның өзекті теориялық мәселелерімен таныстырады. Пәнді оқыту аяқталғаннан кейін студенттің меңгеретін білімдік, іскерлік дағдылары:

  • Тілдің қарым-қатынас құралы екенін тану, тілдің басқа да қызметтерін айыра білу;

  • Тіл ғылымының құрылымдық жүйесін тану, зерттеу мақсаттарына қарай түрлерін айыру, қай ғылымдар тобына жататындығын және басқа да ғылымдармен байланысу ерекшелігін тану;

  • Тіл ғылымының жүйелік, құрылымдық қабаттары – фонетика, лексика, грамматика салаларынан жүйелі білім алу, ерекшелігін тану;

  • Тілдердің шығуы жайындағы теориялардан және тілдердің дамуы, қарым-қатынас әсері жайлы мәлімет алуы;

  • Жазу және оның түрлерін, даму кезеңдерін айыра білу;

  • Тілдердің генеологиялық, типологиялық классификацияларын айыру және білу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет