1. Жалпы мәлімет


Екпіннің түрлері және буын мен тасымал



бет24/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Екпіннің түрлері және буын мен тасымал. Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан дауыстың созылыңқылығы, әуезділігі арқылы оқшауланып айтылуын екпін немесе буын екпіні, яки сөз екпіні дейді. Екпін түскен буынды екпінді буын дейді. Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан ерекшеленіп, басым үнмен айтылуы – қазақ сөзінің бойына аса тән фонетикалық заңдылықтың бірі. Фонетикалық тұрғыда сөз екпіні тегеурінді екпін, әуезді екпін, мөлшерлі екпін деп 3 түрге бөледі. Фонациялық ауаның күштірек қарқынмен айтылуынан пайда болатын екпінді тегеурінді екпін дейді. Дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына (тон) байланысты екпінді әуезді екпін дейді. Мөлшерлі екпін, мұны ғылыми әдебиетте көбіне квантитативті екпін деп атап жүр. Квантитатив деген сөз тура мағынасында «сан» деген ұғымды білдіреді. Екпіннің бұл түрінің «сан» ұғымына байланысты болатын себебі, екпінді буындағы дауыстыны айтқан кезде оның сол сөздің өзге буындарындағы дауыстылардан анағұрлым созылыңқы дыбысталуынан. Осы тұрғыдан алғанда екпіннің бұл түрі мөлшер екпіні деп атау арқылы танылатын түсініктің мазмұнына сай келеді. Интонация – көп функциялы күрделі құбылыс. Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, екпін, ырғақ, просодикалық тембр интонацияның компоненттері болып табылады. Тіл жүйесінде дербес бір құбылыс ретінде интонацияның өзіндік спецификалық мағынаға ие болатын бірліктері бар. Қай тілде де олардың саны белгілі бір мөлшерден аспайды. Ол бірліктерді тіл білімінде суперсегменттік фонема, интонациялық конструкция, интонема, интонациялық морфема деп әр түрлі атайды. Интонацияның негізгі 5 функциясын атауға болады: 1. сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтау; 2. жеке коммуникативтік типтерін ажырату; 3. мазмұнның өзгешеліктерін ажырату; 4. сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алу; 5. әр түрлі эмоцияларды дифференциялау. Сөздерді айтқанда, сөздегі буындардың (дауысты дыбыстардың) бәрі бірдей бір қалыпта айтылмай, біреуі басқалардан ерекше қарқынмен, күшпен айтылады. Мысалы, жұмысшы деген сөз үш буыннан тұрады да, соңғы үшінші буыны (шы), жұмысшылар дегенде төртінші буыны (лар) күшті айтылады. Осындай сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленіп, күшті айтылуын екпін дейді. Әдетте қазақ тіліндегі екпін біршама тұрақты, сөздің соңғы буынында болады. Мысалы, ба-ла, әкімшілік, терезе, сияқты сөздерде екпін соңғы ла, лік, зе буындарына түсіп тұр. Сөзге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанғанда да, әдетте екпін соңғы қосымшаға түседі. Мысалы: қала-қалалардың-қалаларымыз, жақсы-жақсылык-жақсылықтар-жақсылықтарың т. б. Бірақ қазақ тілінде барлык қосымшаларға екпін түсе бермейді. Екпін түспейтін (қабылдамайтын) косымшалар: 1. Жіктік жалғауларына екпін түспейді. Мысалы: жақсы-сың, бара-мыз, жүре-ді, үлкен-сіз т. б. 2. Етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасына екпін түспейді. Мысалы: айқыз-ба, көрмей-сің-дер, жаздыр-ма-ған, айтыңқыра-ма-ды т. б. 3. Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату, мәнін білдіретін -дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей, және -ша, -ше жұрнақтарына екпін түспейді. Мысалы: үй-дей, бала-ша, келген-дей, айтқан-ша т. б. 4. Етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш мәнін білдіретін -шы, -ші қосымшасы.
Логикалық екпіннің түрлері: 1. Контрастивтік (қара - мақарсы айшық тау). Мысалы: «Менде мұндай уайым жоқ» (ал өзгелерде бар). 2. Эмфатикапық (ерекше әсерлеу). Мысалы: «Маған сіздің қызыңыз өте ұнады». Кейде оның негізгі ойы тек қана фразалық екпін аркылы анықталуы мүмкін: «Біз онда мұғалімдерді ай сайын жібереміз» (жиі, үнемі екені тусінікті). Фразалық екпін мағына жағынан талдағанда, оны белгілі бір мазмұндық категориялармен айқындық көмескілік, жаңалық, актуальді бөлшектеу, маңыздылық тағы басқа байланыстырады. Фразалық екпін тілдердің барлығына тән, бірақ оның өрнектелуі айтылған ойдың коммуникативтік типі мен тілдердің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады. Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық. Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б.
Екпін 1) сөз екпіні, 2) ой екпіні, 3) тіркес екпіні, 4) дыбыс екпіні болып бөлінеді. Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет