1. Жалпы мәлімет



бет23/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Фонетика — тіл білімінің басты бір саласы. Оның зерттеу объектісі — тіл дыбыстары, олардың құрамы мен жүйесі.Сонымен фонетиканың қарастыратын мәселелеріне тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі, және бір- біріне әсері. Тіл дыбыстары адам ойын білдіру үшін қызмет атқарады. Ол бұл қызметін сөз арқылы жүзеге асырады, өйткені сөздерден сөз тіркестері, сөйлем құралады. Ал тілдегі әр сөз тіл дыбыстарынан тұрады. Мысалы: Сен едің базарым (Абай), Осы сөйлемдегі бірінші сөз (сен) үш дыбыстан (с-е-н), екінші сөз (едің) төрт дыбыстан (е-д-і-ң), үшінші сөз жеті дыбыстан (б-а-з-а-р-ы-м) құралған.
Тілдегі әр сөздің тұрақты дыбыстық құрамы болады және олардың әрқайсысының сөзде қалыптасқан орны бар. Мысалы: жер деген сөзде үш дыбыс (ж-е-р) бар және ол үш дыбыстың сөзде осы тәртіпте ғана орналасуы шарт. Сондықтан кез келген дыбыстың тіркесі сөз жасай бермейді. Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. Әр дыбыстың жасалуына, сөйлеу мүшелерінің қатысы әртүрлі, соған орай тілдегі дыбыстар да түрлі-түрлі. Бірақ тіл дыбыстарының саны, құрамы шексіз емес. Әр тілдің белгілі дыбыстық құрамы болады. Сол сияқты қазақ тілінің де белгілі дыбыстық құрамы бар. Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік. Графика және орфография - бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола, зират басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі — көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады. Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге бөлуге болады: Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі. Латыннан крилл жазуына кешу. Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады. Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Тіпті сонау Гиганов, А. Левшин Халфин, Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен, В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов,. Н. Ильминский, П. Мелиоранский т.б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет. Осы қажеттілікті өтеу үшін С.Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар еңбек етті. Осылармен қатар түркі республикаларындағы жергілікті ұлт ғалымдары да қыруар жұмыстар істеді. Олардың әрқайсысы туған тілдерінің дыбыстық жүйесік жан-жақты зерттеу істерімен шұғылданды. Осындай зерттеулер арқасында кейінгі кездерде түркі тілдері материалдарын молырақ қамтыған жалпы түркологиялық мәні бар кең көлемді салыстырмалы-тарихи еңбектер жарық көре бастады. Олардың қатарына Түркология секторы ғалымдарының күшімен 1984 жылы Мәскеудің «Наука» баспасынан жарық көрген «Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков» атты енбекті, Щербактың 1970 жылы шыққан «Сравнительная фонетика тюркских языков», Черкасскийдің, «Тюркский вокализм и сингармонизм», Мельниковтың, түркі тілдері фонетикасын математикалық логика әдісімен зерттеген еңбектерін жатқызуға болады.Сондай-ақ, түркі тілдеріндегі буын түрлері, акценттік, интонациялық құбылыстар, орфоэпия мен орфография мәселелері де, диалектілер мен говорлардың фонетикалық ерекшеліктері, салыстырмалы тарихи және типологиялық фонетика мәселелері де қолға алынып келеді. Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулердің қазақ тілі фонетистері еңбектеріне де игілікті әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан да оларды қазақ тілі фонетика ілімінің дамуына кіріспе ретінде алдық.Отандық түркологиядағы сияқты фонетикалық зертлер қазақ тілі білімінде де аз емес. Бұл салада тынымсыз еңбек етіп, елеулі із қалдырған ғалымдар барлық. Қазан революциясына дейінгі дәуірдегілерден И.Ильминский, П. Мелиоранский, В. Катаринский, ғасырымыздың бас кезінен бастап, 1927 жылға дейін еңбек еткен А. Байтұрсынов, Кеңес дәуіріндегілерден Е. Омаров, Т. Шонанов, X. Досмұхамбетұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, соңғылардан Ж. Аралбаев, С. Татубаев, Ә. Жүнісов, А-Қошқаров, т. б. атауға болады.Ғылыми фонетикамыздың дамуына аз да болса үлестерін қосқан басқа да ғалымдар жоқ емес, біз солардың ішінен фонетика мәселелерімен кебірек айналысқан, арнайы зерттеген және өздерін осы саланың маманымыз дейтін ғалымдар еңбектеріне ғана тоқталдық.
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртэненің еңбектерінен Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбектерінде жарыққа шыққаннан бері қарастырыла бастады. Таңбалар жүйесінің ұғымы қазіргі заманғы кең өріс алғандығын және әртүрлі типтегі таңбалар туралы ғылым - семиотока білімінің әртүрлі салаларының назарын аударып отырғанын айту қажет. Семиотиканың негізгі мәселесі таңба мен мағнаны анықтау, таңбалық жағдайдың құраушыларының анализі, таңбалардың типологиясы ж/е т.б. диалектикалық матерализм философиясының теориялық танып білу мәселесімен тығыз астарласып жатады және философтар мен логиктердің, лингвистика, психология және кибернетика салаларындағы мамандардың жұмыс істеуінен шешім табылады. Жалпы таңба атаулының тілдік таңбаның, айрықша белгісі оның табиғатының екіжақтылығында. Мысалы, көшедегі жүріс-тұрысты бағдаршам арқылы ретке келтіру жүйесінде жасыл түсті таңбаның формасы ретінде қарауға болады. Тілдік таңбалар да осы сияқты..мысалы, бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Тілдік таңбаның екі жақты сипаты оның ең мәнді белгілерінің бірі болып табылады. Таңбаның екі жағы таңбаланушы және таңбалаушы жақтары тілде олардың абстракциясы, сәулеленуі түрінде тіркеледі, сөйлеушілердің мағыналар түрінде және таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақталады. Шартты жүйелердің таңбаларында бір таңбаланушыға, әдетте бір ғана таңбалаушы сәйкес келсе, тілдік таңбаның екі жағы бір бірімен басқаша пропорция бойынша қатысқа түседі. Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерін айқындауда таңбаның қызметінің сипаты негізге алынады. Осыған орай тілдік таңбаның типтері делініп мыналар алынады: А.дифференциялаушы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұлар фонемалар. Ә.дифференциялаушы қызметін теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұлар грамматикалық морфемалар, тілдік бірліктердің синтаксистік байланыстары мен семантикалық байланыстардың моделдері. Б.әрі дифференциялаушы қызметке, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар. Бұлар сөздер, сөз тіркестері ,сөйлемдер.
Барлық таңбалар жүйесі, сайып келгнде, дыбыстық тілге негізделеді. Шартты таңбалардың барлығыныңда мағынасы тіл арқылы айқындалады және дыбыстық тілге аударылады. Шартты таңбалардың жүйелері тілге қатысты көмекші құралдар ретінде ғана мән мағынаға ие бола алады. Қандай бір таңбалардың жүйесі болсын ол адамдардың, өмірдің барлық саласында қатынас жасайтын, сөйлесіп пікір алысатын құралы тілді ауыстыра да алмайды, оның атқаратын жан-жақты қызметін де атқара алмайды. Осы мағынада тілдік таңбалар басқа таңбалар жүйесінен ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет