1. Жалпы мәлімет



бет41/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

ХІІІ-ДӘРІС: Сөйлем мен сөз тіркесі. Сөйлем мүшелері, байланысу түрлері, айтылу мақсаты мен құрылымына қарай жіктелуі. Қазақ және орыс тілдеріндегі төл сөздер, олардың ерекшеліктері. Синтаксис бір-бірімен тығыз байланысты 2 саладан тұрады. Бірі - сөз тіркесінің синтаксисі, екіншісі – сөйлемнің синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисінің зерттейтін негізгі объектісі – сөз тіркестері құрылысы мен тіркестіруші сөздердің байланысу тәсілдері және сөз тіркестерінің түрлері. Сөз тіркесі – ең басты синтаксистік бірліктердің бірі.Сөйлем мағыналық жағы мен грамматикалық қатынастары жағынан бірлескен сөздердің тобы болып табылатын үзінділерге немесе жеке сөздерге ажыратып бөлшектене алады. Сөйлем ішіндегі екіден кем емес толық мағыналы сөзден (көмекші сөздерден емес) құралған грамматикалық бірлік сөз тіркесі деп аталады. Мысалы, елді сую, қиындыққа төзу, достық ниет, білімге құмарлық, т.б. «Сөз тіркесі» деген мен «сөздердің тіркесі» дегенің терминологиялық бірдей мағынасы бірдей емес, яғни бұлар терминологиялық мағынада бір біріне синоним бола алмайды. Бұлай дейтініміз кез келген сөздердің тіркесі синтаксис бірлік ретіндегі сөз тіркесін жасай бермейді. Кез келген сөздердің тіркесін сөз тіркесі деп есептеуге болмайды. Сөз тіркесі болу үшін оның құрамындағы сөздер кем дегенде екеу болу керек және екеуі де мағыналы сөздер болуы керек. Демек, сөз тіркесі құрылымдық бірлікке ғана емес, сонымен бірге семантикалық бірлікке де негізделуі керек. Мысалы: сөйлей ғой; айтып еді, ол ғана деген сөздердің тобында семантикалық бірлік жоқ. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер тілдің граматикалық заңы бойынша бір-бірімен өзара тіркеседі де, ол сөздердің біреуі екіншісіне бағынып тұрады. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің біреуі бүтіндей сөз тіркесіне ұйытқы болып, грамматикалық жағынан басым қызмет атқарады да, тіркестің құрамындағы басқа сөздер оған бағыңқылық қатынаста болады. Мысалы: мектептке бару, коллежде оқу деген сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы және грамматикалық басым сөздер-бару және оқу. Сөз тіркесінің құрамындағы грамматикалық басым сөздің әр түрлі формаға ие болуына қарай бүтіндей сөз тіркесі сөйлемде түрлі ше қызмет атқарады. Түркі тілдерінде де ғылыми негізде синтаксистік сөз тіркестері мен сөйлемді зерттеу негізгі мәселеге айналды. Жалпы, түркі тілдері бойынша зерттелген көпшілік еңбектерде сөз тіркесі сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қаралады. Сөз тіркестері де, сөз сияқты номинативтік ұғымды білдіріп, оның сөздің негізгі өзгешелігі дербес мағынаға ие болған кемінде екі немесе онан артық сөздерден жасалатындығы белгілі.Көптеген зерттеулерде сөз тіркестерін сөйлемнен іздейді, сондықтан оның бастауышы мен баяндауышы предикаттық қатынаста тұрған, сөйлемнің іргетасы болуына қарамастан, басқа сөз тіркестерінің қатарында қарала береді. Сөз тіркестері сөйлемнің құрамына енгеннен кейін олардың кейбір өзгерістерге де түсетіндігі байқалады, пікірдің ыңғайына қарап, өз сыңарларынан ажырасып, орталарына басқа сөздер де келіп түсуі мүмкін. Сөз тіркесінің құрамындағы грамматикалық басым 2 сөздің қандай сөз табынан болуына қарай сөз тіркестері есім сөз тіркестері және етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. Басыңқы сыңары мен бағыныңқы сынарлары есім сөздерден жасалған сөз тіркестері есім сөз тіркестері деп аталады. Басыңқы сыңары зат есім немесе сын есімнен, бағыныңқы сыңары есімше, үстеуден жасалған сөз тіркестерінің қатарына жатады. Басыңқы сыңары етістіктерден, бағыныңқы сынары басқа сөз топтарынан және етістіктің түрлерінен жасалған сөз тіркестері етістікті сөз тіркестері деп аталады. Мысалы: қатты күлу, әдемі киіну, төрт есе азаю, темір жону, күлімсіреп қарау, т.б. Тіл-тілде сөз тіркестерінің жалаң сөз тіркестері күрделі сөз тіркестері деп аталатын екі түрі бар. Жалаң сөз тіркестері, толық мағыналы екі сөзден құралып, бір бүтін күрделі мағынаны білдіреді. Мысалы: бақытты әйел, ынтамен тындау, адал дос, т.б. Кемі үш сөзден құралған сөз тіркестері күрделі сөз тіркестері деп аталады. Мысалы, алты қабат ақ орда, жылы шыраймен қарсы алу, тың жерге егін егу, т.б. Сөз тіркесіндегі сөздер бір-бірімен өзара синтаксистік байланыста болады. Сөз тіркесіндегі және сөйлемдегі, сөздердің өзара тіркеуінің синтаксистік байланысының екі түрі бар: бірі – анатикалық тәсіл, екіншісі – синтетикалық тәсіл. Анатикалық тәсіл сөздердің орын тәртібі (ыстық сезім, ұзақ жол), көмекші сөздер (өмір үшін күресу, хат арқылы хабарласу) және интонация арқылы (Айгүл - студент) іске асады. Синтетикалық тәсіл сөздерге жұрнақтарды жалғау арқылы іске асады. Синтаксистік байланыстың көптеген тілдерге тән түрлері мыналар: Қиысу (согласование); 2. Меңгеру (управление): 3. Қабысу (примыкание).Қазақ тілінде сөздердің синтаксистік байланысының бұлардан басқа матасу, жанасу деп аталатын түрлері де бар. Қиысу. Сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқы сыңарының басыңқы сөздің ыңғайына қарай икемделіп, соның грамматикалық формасын қабылдауы қиысу деп аталады. Мысалы:мен келемін, біздер келеміз; сен келесің, сіз келесіз, сендер келесіңдер (сіздер келесіздер); ол келеді, олар келеді. Бұл мысалдардан қазақ тілінде етістіктерде болған баяндауыштар бастауышпен 1, 2 жақта сан (жекелік, көптік) жағынан да, жақ жағынан да қиысып, 3 жақта олардың арасында тек жақтық қиысу ғана болатындығын көруге болады. Қазақ тілінде есімдерден жасалған баяндауыштар ғана 3 жақтық бастауышпен көптік формада қиыса алады. Мысалы: Олар студенттер, т.б. Меңгеру. Тіркесіп айтылған сөздердің бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарының грамматикалық формасына емес, лексикалық мағынасына және оған тән кейбір категорияларына икемделіп, септңік жалғаулары арқылы байланысуы меңгеру деп аталады. Синтаксистік байланыстың меңгеру арқылы байланысқан сөздердің, біріншіден, басыңқы сыңары өзгергенмен, оның бағыныңқы сыңарының өзгеруі шарт емес; екіншіден, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін бір ғана басыңқы сөзбен тіркесіп айтылған меңгерілетін сөздер әр түрлі формада айтыла береді. Қабысу. Қабысуда сөздер бір – бірімен ешбір жалғаусыз, қатар тұру арқылы, яғни орын тәртібі арқылы байланысады. Синтаксистік байланыс формаларының бұл түрі бойынша тіркескен сөздер, біріншіден жалғаусыз, екіншіден сөздердің орын тәртібі арқылы байланысады. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сынарлары зат есім мен етістіктерден: зат есімдер, сан есімдер, сын есімдер; есімдіктер, есімшелер.Етістікпен қабыса тіркесетіндер: үсеулер, көсемшелер; сын есімдер, сан есімдер, т.б. Матасу. Түркі тілдерінде анықтауыш пен анықталғыш сөз орын тәртібі арқылы ғана байланысып қоймай, сонымен бірге белгілі аффикстердің жалғануы арқылы байланысады. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі матасу деп аталады. Мысалы, менің кітабым, сенің кітабың, оның кітабы. Матасудың қиысу және меңгерумен ұқсайтын жақтары болғанмен, оның синтаксистік байланыстың формасы ретінде өзіндік ерекшеліктері бар. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары тәуелдік жалғауында тұрып екі жақтан бірдей тәуелді болады. Тіл білімінде матасуды изафеттік деп атайды. Изафет – араб тілінен алынған термин. Араб тіліндегі көмектес септігіне сәйкес келеді. мысалы, биссмилахи деген Алланың атымен дегенді білдіреді. Жанасу. Басыңқы сыңарымен қатар тұрған атау тұлғада бағыныңқы сыңарының алшақ тұрып-ақ еркін байланысуы жанасу деп аталады. Сөз (соның ішінде күрделі сөз)-зат пен құбылыстың, не сапа мен белгінің, не іс-әрекеттің және т.б. тұрақты атауы. Сөздер затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрәкетті атағанда, оларды бір-біріне байланысынсыз, қарым-қатынасынсыз, жеке-дара күйінде айтады. Мысалы, ат, ағаш, жапырақ деген сөздер жеке-дара атаулары болса, биік, жасыл деген сөздер сапа мен түстің жеке-дара атаулары, кесу, ору, жинау деген сөздер іс-әрекеттің аттары.Бұл сөздер бір-біріне байланыссыз, жеке-дара атаулар ретінде ұғынылады, номинативті қызмет атқарады. Сөз тіркесі де не затты, не іс-әрекетті атап, номинативті қызмет атқара алады. Бірақ сөз тіркесі затты немесе іс-әрекетті атағанда, оларды жеке-дара күйінде емес, өз ара байланысында, қарым-қатынасында атайды. Екінші сөзен айтқанда, сөз тіркесінде зат, сапа-белгі, іс-әрекет аталғанда, бір-бірімен байланысында, өз ара қарым-қатынасында аталады. Мысалы, жүйрік ат, жасыл жапырақ деген сөз тіркестерінде заттар өздерінің сапа-белгілерімен тығыз қарым-қатынасында,байланысында аталса, қар тоқтату, хат жазу деген сөз тіркесінде заттар іс-әрекетпен қарым-қатынасында, байланысында аталған. Сөз тіркесінің сыңарларының бірі сапа-белгіні немесе іс-әрекетті білдіру қасиетінен айрылса, ондай тіркес сөз тіркесі болудан қалып, күрделі сөзге айналады. Күрделі сөздер сөздердің тіркесінен жасалғанда, сыңарлардың арасындағы анықтауыш+анықталғыш, толықтауыш+толықталғыш, пысықтауыш+пысықталғыш қатынастар жойылып, күрделі сөз бір бүтін сөз ретінде ұғынылса, сөз синтаксистік қатынастар сақталып, ол сыңарлар бірін-бірі анықтайтын, толықтайтын немесе пысықтайтын сыңарлар ретінде қызмет атқарады. Демек, сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін де, синтаксистік дербестігінде сақтайды. Күрделі сөздің әрбір сыңары сөйлемнің өз алдына дербес мүшелері емес, тұтасқан күйінде бір ғана мүше ретінде қызмет атқарса, еркін сөз тіркесінің әрбір сыңары синтаксистік дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүшелер ретінде қызмет атқара алады. Сөз тіркесі сөйлем құрамында қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем құрамында оның құрылымдық элементтері ретінде зерттеледі. Екінші жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, «күрделі атаулардың әр басқа түрлері ретінде де» зерттеуге болады. Акад. В.В.Виноградов сөз тіркестеінің тілдің коммуникативті және номинативті құралдарының қатарына енетіндігі жайында былай дейді: «Сөйлем құрамында ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері сөз тіркестері тілдің коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс,тек соған керекті материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді». Сөздердің сөз таптарына ажыратылатыны сияқты,сөз тіркестері де сөз таптарына, мысалы, есім сөз тіркестері, етістік сөз тіркестері және т.б. болып бөлінеді. Сөз бен сөз тіркесі тілдің номинативті сипаты бірдей емес. Біріншіден,-сөз дара ұғымның атауы болса, еркін сөз тіркесі кемінде екі ұғымның, бірақ бір-біріне қатысты, өз ара байланысты ұғымдардың атауы; екішіден, -жоғарыда аталып өткендей, сөз затты, құбылысты, сапа- белгіні немесе іс-әрекетті бір-біріне қарым-қатынасынсыз, жеке-дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі оларды бір-бірімен байланысында атайды; Үшіншіден,-сөз сөйлеу кезінде тілде бұрыннан бар, қалыптасқан, даяр тұрған, атау болса, еркін сөз тіркесі даяр тұрған, бұрыннан бар атау емес, сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасалатын, олардың мағыналық және гармматикалық бірлігінен пайда болатын тіркестер ретінде ұғынылады, анығырақ айтқанда, сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрынан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады. Тіл біліміне, жоғарыда аталып өткеніндей, еркін сөз тіркестері»сөйлем құрмында және сөйлем арқылы»тілдің комумунмкативті құралдарының қатарына енеді дейтін пікір бар. Сөз тіркесі сөйлем құрамында белгілі бір затты немесе белгілі бір сапаны атап қана қоймайды, сөздердің бір-бірімен байланысуының синтаксистік амалдары арқылы заттың аты мен сапаның аты тіркесінде, зат белгілі бір сапаны иеленуші ретінде сипатталады да, олардың тізбегінен жасалған сөз тіркесі сол зат туралы белгілі бір хабар ретінде танылады. Синтаксис сөз тіркесі – сөздердің емін-еркін тіркеуінен жасалатын тіркестер, яғни еркін сөз тіркестері.Еркін сөз тіркестері құрылымы жағынан фразеологиялық единницалармен ұқсас келеді. Еркін сөз тіркестері фразеологиялық единицалардың көптеген түрлерінің жасалуына негіз болады. Екінші сөзбен айтқанда, фразеологиялық единицалардың ішінде еркін сөз тіркесінің құрылымы, үлгісі бойынша жасалғандары ұшыраса береді. Мұны мына мысалдардың салыстырудан көруге болады:шалқасынан жату- шалқасынан түсу; таудан биік-сүттен ақ;судан таза;есік пен терезінің арасында- қас пен көздің арасында, қол жуып- қол қусырып және т.б.Бұлардың алдыңғылары-еркін сөз тіркестері де, соңғылары – еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері бойынша жасалған фразеологиялық единицалар. Фразеология термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Фразеология-грек тілінің «phrasis»-сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттрі болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар, т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фыразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады. Сонымен бірге қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы-қос сөздер. Қазақ тіліндегі қос сөздер форма жағынан да, семантика жағынан да түрлі-түрлі болып келеді. Қос сөздер әдетте екі сөзді болады. Құрамында үш сөз бар қос сөздер сирек кездеседі. Қос сөздердің сыртқы белгілері: А) дефис арқылы жазылады: «тәлім-тәрбие», «бала-шаға», «үйме-жүйме», т.б. ә) үтір: «ұзын арқан, кең тұсау», «ару, ардагер», «тебінгіден тер жауып, қабырғадан қан жауып» т.б. б) қос сөздер қатарына даусыз енгізілуге тиісті «үлде мен бүлде» сияқты тізбектер «мен» жалғаулығымен туғандықтан сызықшаны да, үтірді де керек етпейді. Үтірмен бөліп жазылған қос сөздерді «күрделі қос сөздер» деп атауға болады. Қос сөздердің фразеологизмге ұқсастық белгілері көп. Ол ұқсастықтар жоғарыда аталған еңбекте толық көрсетілген. Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері: 1.Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады; 2.Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады; 3.Мағына бірлігі сақталады; 4. Екі сөзден кем болмайды.
Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологиялық сөз тікестерімен еркін сөз тіркестерінің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Жеке сөздердің даяр тұрған единица ретінде сөйлем құрамына енетіні сияқты, фразеологиялық единицалар да бұрынан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде еркін сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енеді. Мысалы, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында тәрізді фразеологиялық единицалар олардың құрамындағы жеке сыңарлардың сөйлеу кезінде емін-еркін тіркесуінен жасалған тіркестер емес, бұрыннан тіркесіп қойған, әбден қалыптасқан, даяр тұаған тіркесте ретінде қолданылады. Фразеологиялық единицаның құрамындағы сыңарладың әрқайсысы әр басқа мағынаны емес, барлығы жиналып келіп бір тұтас, бір бүтін мағынаны білдіреді де, осыған орай, белгілі бір фразеологиялық единица сөйлемде бір ғана мүше ретінде қызмет атқарады. Ал еркін сөз тіркесінің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы сөйлемнің әр басқа және дербес мүшелері ретінде қызмет атқарады. Ал еркін сөз тіркесінің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы сөйлемнің әр басқа және дербес мүшелері ретінде қызмет атқара алады. Фразеологиялық единицалар да, еркін сөз тіркестері де тілдің номинативті құралдарының қатарына енгенмен, бұлардың номинативті сипаты бірдей емес. Еркін сөз тіркестерінің номинативті қызметінен фразеологиялық единицалардың номинативті қызметі анағұрлым басым. Бұлай болатындығы мынадан.Еркін сөз тіркесінің сыңарлары өз ара қаншалықты байланысты, бірі екіншісіне тәуелді болғанымен, олар, қалай да, болмасын, дербестілік қасиетін сақтайды. Ал фразеологиялық единицаның құрамындағы сың арлар еркін сөз тіркесін құрастырушы сыңарлар сияқты емес, мағыналық дербестіліктен де айырлады, бір тұтас, еркін сөз тіркесімен салыстырғанда, фразеологиялық единицаның номинация тұтастығы әлдеқайда басым екендігін көрсетеді. Ал еркін сөз тіркесінің құрамының оңай ажыратылуы, сыңарларының сөйлемнің өз алдында мүшелері бола алуы оны құрастыушы сыңарлардың дербестілік қасиетін сақтай алатындығымен байланысты. Синтаксисті сөз тіркесі құрамындағы сөздердің өзі тектес басқа бір сөздермен емін-еркін алмаса алатындығы ескеріліп, еркін сөз тіркесі деп те аталады. Осы мағынада ол фразеологиялық единицаларга қарсы қойлып қарастырылады. Дегенмен, бұл жерде бір жайға айрықша назар аудару қажет:синтаксистік сөз тіркесінің құрамындағы сөздер емін-еркін тіркеседі дегенде, әдетте, олардың грамматикалық тұрғыдан тіркесу мүмкіндігі ескеріледі. Ал сөздердің лексикалық единицалар ретінде бір-бірімен тіркесе алу қабілеті мен мүмкіндігі немесе, тіл біліміндегі терминология бойынша атағанда, сөздердің лексикалық тіркесімділігі олардың грамматикалалық тіркесімділігіндей шексіз емес. Сөздердің лексикалық тіркесіиділігінің шеңбері олардың грамматикалық тіркесімділігінің шеңберінен шағын да тар болады. Еркін сөз тіркесі ажыратылатын, мүшеленетін тіркес бола отырып, мағыналық және құрылымдық бүтіндігін сақтайды. Мазмұн тұтастығы мен семантикалық тиянақтылық сөз тіркесіне тән қасиет болып саналады. Сөз тіркесінің осы қасиеті оны сөйлемдегі сөздердің басқаша тіркестерінен. Сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесуі сөз тіркесінің семантикалық тиянақтылығына негіз болып, оның мағыналық және құрылымдық қаңқасын құрайды. Дегенмен, бұлар тілдік табиғаты жағынан әр басқа құбылыстар. Олардың айырмашылықтарыжайында төменде сөз болады. Сонымен, сөз тіркесінің өзімен сырттай ұқсас құбылыстардан айырмашылықтары жайында және оның басты белгілері туралы айтылғандары жинақтай келгенде, сөз тіркесінің тілдік табиғаты жайында мынаны айтуға болады: сөз тіркесі мағыналық және грамматикалық бірлікте болатын толық мағыналы сөздердің тіркесінен жасалып, заттарды, құбылыстарды, сапа-белгіні, іс-әрекетті бір-бірімен қарым-қатынасында атайды да, тілдің номинативті құралдарының қатарына енеді, сөйлем құрамында сөйлем арқылы коммуникативтілік қасиетке ие болады, сыңарларының өзі тектес басқа сөздермен ауыстырылу, бір-бірімен еркін тіркесу ерекшеліктерімен, семантикалық, тиянақтылық және құрылымдық тұйықтылық қасиеттерімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет