1. Жалпы мәлімет



бет60/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

ІІ-ДӘРІС: Тілдің жалпы және қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі.
Тіл барлық кезеңде ұлттық идеяның басты діңгегі және мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы саналды. Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл. Ұлттық руханияттың, оны жасайтын ұлттық идеологияның орталық негізгі мәселесі – тіл. Ұлттық тілдің қоғам өмірінде алатын орны жайлы. Жалпы тіл – ұлттың ұлт болып өмір сүруінің, ұлттық руханияттың салтанат құруының бірден-бір өлшемі, өзегі, ұлттық дамудың бірден-бір шарты, көрсеткіші, болашағы туралы. Әр ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі ана тілі жайлы. Ол - халықтың қымбат қазынасы, халықтың рухани байлығы, халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, мәдениеті. Елбасымыздың «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіруші аса маңызды фактор» және басқа да ана тілімізге қатысты айтқан бағалы сөздері жайлы. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деп Ахмет Байтұрсынов айтқан тәрізді С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мұстафин т.б. қоғам қайраткерлерінің ана тілге қатысты айтқан қанатты сөздері жайлы. Мемлекеттік тіл саясаты әр елдің конституциясының, «Тіл туралы» заңының негізінде іске асатындығы жайлы. Сонымен қатар, мемлекеттiк тiлдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, қолданылу аясын кеңейту және дамыту тұжырымдамаларының мақұлдануы жайлы. Мемлекетіміздің заңдарының бірінде «Қазақ тілі – мемлекеттің тіл, Орыс тілі – іс қағаздар тілі, Ағылшын тілі – халықаралық тіл» немесе орыс тілі ресми тіл деген негіздерге байланысты пікірлер.
Тіл - адамның бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Ғалымдар осы қарым-қатынасты, сөйлеу құралы болып табылатын тілді әртүрлі ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді. Тілдің қатынас құралы қызметін атқаратын туралы пікірлер ертеректен айтылғанымен, тілдік қатынастың (языковая комуникацияның) тіл білімінің жеке мәселесі ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б әрекеттеріне тікелей қатынасты құбылыс. Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, «коммуникация» немесе «коммуникативтік» терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылытындығы жөнінде айта кеткен жөн. Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде «комуникативтік» деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездесе бастады. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ. Тіптен баспадан шыққан түсіндірме сөздердің өзінде бұл сөздің тілдік жағынан гөрі басқа мағыналарға түсініктеме беріп, оның тілге қатысты мазмұны тыс қалады. Мәселен, 1980жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 5-томында осы түбірге қатысты бір ғана сөз берілген. Ол – «коммуникация» сөзі. Мұнда айтылған анықтаулар мен мысалдар «жол қатынасы», «байланыс» деген ұғымды көрсетеді. Әсіресе, ертеректе шыққан сөздіктерде коммуникация сөзінің мағыналары бірдей болып келеді. Мысалы, В.Дальдің, Д.Н.Ушаковтың, С.И Ожеговтың, І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақовтың, Р.А.Абузяров пен З.И.Туеваның еңбектерінде берілген түсініктемелері жайлы. Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас-тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді. Мұндай семиотикалық таңба – белгілерін өзгеше адамдардың ымымен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары мен жалпы бет - әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің әр түрлі қимыл- әрекетінің өзін неше саққа жүгіртуге болады. Қарым-қатынастың қандай үлгілері болмасын өмірден, қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым-қатынастар адам үшін қызмет етеді, адамдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да адамдардың қарым-қатынасына байланысына (коммуникацияға) жатады. Өмірдегі мұндай ұғынысу, түсінісу тілсіз қарым-қатынас деп аталады. Жалпы адамдардың қарым- қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі - тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас. Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастардың ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуіде, біріншіден, адамдардың бір біріне байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа қызмет етеді. Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір дерек, ой, мағлұмат хабарланады, бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін. Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынаста адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі бір хабарды ұғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік туады. Алайда тілдік қатынас адамдардың ұғынысуында, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Мысалы Э.В.Шубин шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдарды анықтауға тырысады. Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады: 1.Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын - Баяншы.
2.Ақпаратты жеткізетін – Тұлғалар. 3.Ақпаратты деректі – Қабылдаушы.
Зерттеуші ғалымдар тілдік қарым қатынастағы хабарлауды, яғни хабар беруді - трансмиссия, ал қабылдаушы - рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні-трансмиссор, ал хабар қабылдаушыны - рецептив дейді. Сонымен қоса, алғашқы хабарлауға қатысты құбылыстарды ресептивті деп көрсетеді. Ауызша және жазбаша қатынас жайлы.
Қазақ лексикологиясының зерттелуі.Бұл саланы қалыптастырып, дамытуда түркологтар болсын, қазақ тілі мамандары болсын әлем лингвистикасында орныққан қағидаларға, сыннан өткен үлгілерге сүйенгендіктері, соларды басшылыққа алғандары шындық. Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі сөздерді есепке алу, оның құрамындағы сөздердің мән-мағыналарын айқындау істерінен, яғни әр түрлі сөздіктер жасаудан, басталған. Мұндай бастамасыз тілдің сөздік құрамы туралы мәнді бірдеңелер айту мүмкін емес. Осы себептен болар, лексикографиялық жұмыстың бастамасы көне заманға кетеді.Казіргі заман лингвистикасы лексикографияның негізгі объектісі болып есептелетін сөздіктерді, алды энциклопедиялық сөздік, лингвистикалық сөздік, екі кесек топқа бөледі.Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”,- деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді. Ғалым С.Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен, әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам қоғамына» мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес, кез келген тіл білімінің саласын С.Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді: ”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да және. күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін, функционалды сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық факторлармен бірге зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану, тәжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті. Құрылымдық типология тұрғысынан барлық тілдер тең дәрежелі болып есептелсе де, әлеуметтік типологияда тілдердің сараланатын өз өлшемдері, өз “құндылықтары” барын назарға алсақ, С.Аманжоловтың “...тілдердің біріне-бірі ұқсап та, ұқсамауы да әлеуметтік [социалды] жағдайға байланысты” деген тұжырымының маңыздылығына, сөзсіз, көз жеткіземіз. Бұл жағдайда сол тілде сөйлеуші адамдардың, халықтардың саны, қолданушы мемлекеттердің есептік көрсеткіші ескеріледі әрі тілдің қоғамдық функциялары мен әлеуметтік салаларды қамту өзгешелігі нысанағы алынады. Мұндай ерекшеліктерді С.Аманжолов “қоғамдық қарым-қатынас күштілігі”,- деп сипаттай отырып, тілдің “қоғамдық құбылыс, қоғамдық коллективтіктің тапқан, жасаған нәрсесі, қоғаммен бірге өсіп-өнетін нәрсе” екенін дәйектейді. Демек, тілдің әлеуметтік деңгейін анықтау, оның қоғамдық танымын саралау және қоғамдық сананы қалыптастырудағы атқарар қызметін талдап көрсету, бір жағынан, қарым-қатынас күштілігі деп түсіндірілсе, екіншіден, қоғамдық коллективтің тапқан, жасаған нәрсесі деп ұғынылады, яғни әлеуметтік таным тілдік құралдардың жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болады. 2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ. Дегенмен, «Адамзат баласы қашанда өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнін, сыр-сипатын жете білуге тырысқан. Бірте-бірте олардың даму заңдылықтарын ашып, дүние танымын кеңейткен», -деп ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, таным мәселелері адам баласының назарын әрдайым өзіне аударып келгендіктен, бірде арнайы, бірде қосымша қарастырылған тілтанымдық ұғымдар мен бірліктер, олардың ғылыми-теориялық ұстанымдары бүгінгі күні аса құнды тұжырымдар қатарын құрау үстінде. Олар жаңа когнитивтік концепциялардың дүниеге келуіне түрткі болумен қатар, тіл ғылымын соны әдіснамалық жетістіктермен қамтамасыз етуге көмектесті. Нәтижесінде адамзат тілін зерттеудің өзгеше сатылары негізделіп, тек тілтанымдық этюдтер ғана емес, маңызды теориялық ілімдер де топталды. Соның арқасында қазақ тіл білімінің зерттеу шеңбері кеңейіп, өзге лингвистикалық бағыттармен қатар когнитивтік негізде өрілген қағидалардың да әлемдік жетістіктермен қатарласа дамуына мүмкіндік пайда болды. Оның айқын айғағы ретінде тілдік фактілердің таным категорияларымен сабақтасуын, жекеленген лексикалық бірліктерді зерттеуде тарихи таным әдістерінің қолданылуын, құрылымдық грамматика мәселелері мен адамзат эволюциясының даму заңдылықтарының ұштасуын, ингтра және экстралингвистикалық мәселелердің күн тәртібіне қойылуын әрі адамдық фактордың жан-жақты өзектеле бастауын келтіруге болады. «Тілдің кез келген тарихи кезеңінде оның әр бөлшегі динамикалық тепе-теңдікте бола тұра, өз бойында лингвистикалық, әлеуметтік, психологиялық және өзге де факторлардың ықпалын сезінеді. Олардың басым көпшілігінің құпиясы әлі толық ашылмаған» делінгендей, қазақ тілтаным ғылымының дүниеге келуі мен теориялық сараптамадан өтуін дәйектейтін фактілер қатарында, біріншіден, жалпы тіл ғылымының даму негіздерін; екіншіден, жеке тілдік ізденістердің жүзеге асу жолдарын атаған орынды, өйткені ішкі сезім мен білімнің, тану мен қабылдаудың, біліктілік пен әлемдік тәжірибенің тоғысуынан құралған бұл тұжырымдар әрі субъективті, әрі объективті ұстанымдарға сүйене қалыптасып отырды Демек, оның негізгі нысанына айналған тіл мен таным бірліктері де ғылымаралық байланыстың, объективті шындықты субъективті түрде бейнелейтін заңдылықтың нәтижесі тұрғысынан ұғынылса, олардың астарында ұқсату немесе балау, образды түрде қабылдау, зейін қою, жадыда сақтау әрекеттері жатыр деп есептелді. Осыған орай, қазақ тілтаным ғылымында сөз болған тілдік құралдар когнитивтік сипатта, негізінен, келесі топтарға жіктеліп ұсынылып отыр: ұқсату яки аналогиялық қабылдауға негізделген бірліктер; метафоралар; этномәдени белгілер; мәдениет константтары мен символдық ұғымдар және этнографизмдер мен этнолингвистикалық арналар. 3. Тіл қоғамның қызметі. Тілдік категориялардың қалыптасу, даму өзгешеліктерін зерделеген ғалым Н.Т.Сауранбаев, ең алдымен, тіл білімінің қоғамдық сипатына мән берді. Ғалым „Тіл ғылымы - әлеуметтік ғылымдардың бір көрнекті бөлігі...” дей отырып, „уақыт”, „жаратылыс”, „дәуір” ұғымдарын лингвистиканың құрылымдық мәселелерін анықтауға бағыттады, сол себепті оның еңбектерінде қоғамдық өзгерістер тілдік жаңарулармен яки толығулармен қатар беріліп талданды. Екі процестің даму динамикасын тығыз байланыста сұрыптаған автор тіл құрылысының сипатын уақыт тезінен өте қалыптасатын ерекшелік ретінде қарастырғандықтан, құрмалас сөйлемдер табиғатын „Неғұрлым қоғамның алыс уақыттағы дәуірлеріне терең бойлай берсек, тілдің құрылысының да соншалықты жабайы болатынын көреміз. Сол сияқты неғұрлым осы заманға жақындаған сайын, тіл құрылысының қыйындағанын, жаңаланғанын көреміз” деген тұжырымды келтірді.Ғалым М.Балақаев „Тіл - әлеуметтік құбылыс. Бала ана тілін қоғам мүшесі ретінде пайдалануды табиғи айналадан үйренеді” дей отырып, тілтанымның әлеуметтік заңдылықтарын сұрыптауда „адамның тіл жұмсау” әрекетін басшылыққа алды, оны адамның „қоғам мүддесіне лайық көптеген іс-әрекеттердің бір бөлігі” деп есептеді. Осыған орай, тілші „қоғамдық сананың” қалыптасу алғышарттарын тілдік дамудың, оның „жаңа сапалы тіл қажеттіліктерін атқаруының” салдары деп түсіндірді. Оған дәлел ретінде зерттеуші „Ешбір қоғамдық құбылыс дербес, дара, оқшау қалпында, басқа құбылыстармен байланыссыз өмір сүре алмайтынын” атап өтті. Сондай құбылыстар қатарында М.Балақаев тіл мен әлеуметтің бір-біріне әсер ету нормаларына ерекше зейін қойды, сондықтан „...қоғам ол [тілді] құралды шыңдай түсу қамын ойлайды. Өйткені қоғам өмірінің биік шыңға көтерілуі, адамдардың ой-өрісінің, сана-сезімінің, экономика, өнер-білім, ғылым, мәдениетінің біріне-бірі ілесе ілгері дамуы, сөз жоқ, оның тіліне де ықпалын тигізеді” деген қорытынды жасады.Оның айқын айғағы ретінде тілші әдеби тілдің, оның стильдік тармақтарының даму үлгілерін сөз етті. Сөйтіп, „қоғам мүшелерінің қатысымен” дамитын және қоғамның „әр қилы орайындағы тілік тәсілдердің белгілі бір мақсатқа жинақталуымен” жүзеге асатын бұл лингвистикалық ұғымдарды „қоғамдық категориялар” деп таныған ғалым тілтанымның әлеуметтік негіздерін қалыптастыруға ат салысып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның ғылыми-теориялық дамуының да алғышарттарын ұсынды. „Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындыларын” дамытқан К.Аханов зерттеулері де тіл мен қоғамның қарым-қатынасын «екі жақты байланыс» үлгісінде қарастырған ғылыми ізденістер нәтижесін құрады. Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам – адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл – ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет. 4. Тіл , ойлау және сөйлеуЖалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З.Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі: 1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді; 2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді; 3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді,4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді. Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп жеткізу, жаңа мәлімет беру сияқты қосымша мәліметтері бар».Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі.
Сонымен тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұған тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет