1. жалпы мәліметтер оқытушы



бет1/11
Дата04.10.2023
өлшемі486.91 Kb.
#479851
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мадениеттану 2023-24ж СИЛЛАБУС (1) (1)







1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Оқытушы: Аманиязова Бағдагүл Айтбайқызы электронды пошта: bagdagul-1977@mail.ru
Zoom 534-575-4572 ID номері 456718
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Әлемдік мәдениет пен өркениет мәнмәтінінде, қазақ мәдениетінің ұлттық кодын сақтау және жаңғырту қажеттілігі аясында отандық мәдениетті түсіну, қазақ халқының мәдени мұрасын игеру стратегиясын меңгеру бағытында өзгермелі және мультимәдени әлеуметте кәсіби біліктілікті қалыптастыру. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Оқыту мақсаты: Әлемдік мәдениет пен өркениет мән мәтінінде, қазақ мәдениетінің ұлттық кодын сақтау және жаңғырту қажеттілігі аясында отандық мәдениетті түсіну, қазақ халқының мәдени мұрасын игеру стратегиясын меңгеру бағытында өзгермелі және мультимәдени әлеуметте кәсіби біліктілікті қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
Қазақстан Республикасының дамуының негізгі кезеңдерін басқа елдердің тарихы мен әлемдегі қазіргі әлеуметтік-саяси жағдай контекстін біледі, білім алушылардың экономикалық, философиялық білімінің, құқықтық, жас ерекшелік психофизикалық және жеке ерекшеліктерінің негіздерін біледі. Академиялық адалдық принциптерімен мәдениетінің маңызын ұғынады.



  1. Білу және түсіну: Мәдениет ұғымын, оның теорияларын мәдениет философиясын, морфологиясын, кеңістігін мәдени бағдарламалардың қазақ қоғамының әртүрлі кезеңдегі дамуы туралы ақпаратты білу және түсіну, мәдениеттанулық терминдердің мағынасын түсінеді.




  1. Қолдану: Қазіргі қазақстандық мәдениеттің болашағын, мәдениет және өнер құндылықтарын, мәдени саясаттың мәселелері бойынша өзінің көзқарастары мен пікірлерін дәйекті түрде жеткізе біледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдаяттарда практикалық сабақтарда оқыған материалды және әдістемелерді қолданады.




  1. Талдау: Мәдениет типологиясының негізгі ұстанымдары мен өлшемдерін қолдану арқылы әлеуметтік-мәдени талдайды. Өз елі мен әлеуметтік-мәдени кеңістігінің мәдени даму ерекшеліктерін, жаһандық, ұлттық және аймақтықтың заманауи үйлесу негіздерін жіктейді. Қазақстандық және әлемдік қоғамдағы жаңарудағы әлеуметтік – мәдени институттардың ерекшеліктерін талдап оларды салыстыра біледі және жоспар бойынша берілген тапсырмаларды ғылыми әдебиеттерден іздеп, талдау жүргізе біледі.




  1. Синтез: Түрлі мәдениеттанулық көзқарастар аясында жүзеге асыратын- сараптамалық эссе, аналитикалық баяндамалар, пысықтау сұрақтары арқылы тест тапсырмаларына жауап береді, глоссариймен жұмыс жасап, презентация, салыстырмалы таблица-құрады.




  1. Бағалау: Тарихи даму барысында қалыптасқан маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесін, қоғамдық мәдени процестердегі ақпараттың, білімнің, мәдениеттің маңызын бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет