1 жалпы мәлметтер


ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет8/11
Дата14.10.2022
өлшемі297.5 Kb.
#462693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жалпы паразит- гельминт-22-27

ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1 Табиғаттағы организмдер арасындағы қарым-қатынас түрлері.


2 Паразитизмнің анықтамасы, оның пайда болуы және табиғатта таралуы.
3 Жануар организмінде паразиттердің мекендеуі.
4 Паразит түрлері: экто- және эндопаразиттер, уақытша, тұрақты, үстемепаразиттер.
5 Паразит иелері (дефинитивтік, аралық, қосымша, резервуарлық, облигаттық, факультативтік).
6 Паразит пен иесінің қарым-қатынас түрлері. Биологиялық тұғырықтың паразиттің құрылысына және биологиясына тигізетін ықпалы.
7 Паразиттің иесінің организміне тигізетін әсері (механикалық, токсикалық, инокуляторлық, трофикалық, аллергиялық).
1 Табиғаттағы организмдер арасындағы қарым-қатынас түрлері. Табиғаттағы барлық тіршілік иелері (жануарлар, өсімдіктер) бір бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Олардың ішінде келесілер маңызды:
1. Индифференттік (немқұрайлы, селбесу) тіршілік ету – екі организмнің бір-біріне тәуелсіз, алайда кеңістіктің ортақтығына қарай тығыз байланыста болуы. Мысалы: теңіз түбіндегі қатар байланыста тіршілік етуші мұртты ұсақ шаяндар, актиниялар, коралл полиптері, теңіз кірпікшелілері, жұлдыздары, лилиялары және т.б. организмдер.
2. Симбиоз (syn - бірге, bios – тіршілік ету) екі организмнің өз тіршілігін сақтап қалу үшін өзара тиімді қарым-қатынаста болуы. Симбиоз екі жақтың біріне немесе екеуіне де тиімді болып ерекшеленеді.
А) Кеңістіктегі байланыс немесе синойкия (sym - бiрге, oikos - үй, мекен) кеңiстiкте мекен ретiнде пайдалану, екі организмнің бірі екіншісіне ешбір зиян келтірмей, тек қана оны мекен ретінде пайдалануы және өзі содан пайда көруі. Мысалы, көпаяқты шаянның балаңқұрты губканың қуысына еніп алып өмір бақи сонда қалады да, соның нәтижесінде өсіп-өнуге мүмкіндік алады.
Б) Комменсализм, немесе қоректік байланыс (тегін қорегін айыру, табу) екі организмнің бірі екіншісінің есесінен қалған азық қалдықтарымен қоректенуі. Мысалы: жабысқақ балықтар акуланың денесіне жабысып алып, кеңістікте еркін орын алмастырады және оның азық қалдықтарын пайдаланып тіршілік етеді.
В) Мутуализм (mutuus) немесе екі жақты симбиоз түрінде екі организм немесе симбионттың өз тіршілігі үшін бір біріне пайда келтіруі. Мысалы: краб (шаян) өзінің қысқыштарымен актинияларды ұстап, солардың көмегімен жауларынан қорғанады, ал актиниялар шаянды (крабты) кеңістікте қозғалу құралы ретінде пайдалануы.
Паразитизм немесе тоғышарлық күнелту – генетикалық тегі бірдей емес организмдердің бірге тіршілік етуінің табиғатта тарихи қалыптасқан және кең таралған түрі. Паразитизм бірге тіршілік етуші организмдердің эволюциялық дамуы сатыларында бірге өтуіне байланысты пайда болған. Паразит иесінсіз тіршілік ете алмайды. Паразитизм екі биологиялық түрдің бірі (паразит) өз тіршілік дәуірінің белгілі бір кезеңінде екіншісінен (иесі) физикалық және физиологиялық тұрғыдан тәуелді болатын экологиялық қарым-қатынасы.
Тоғышарлықтың түрлері (паразитизмнің формалары).


  • Тіршілік ету мерзімінің ұзақтығына қарай бөлінуі:


1) Уақытша паразитизм паразитпен иесінің аса тығыз емес және уақытша ғана жанасуымен сипатталады. Уақытша паразиттер иесін қоректену үшін ғана пайдаланады (соналар, масалар, қандалалар және т.б.) қалған өмірінде иесінен тыс тіршілік етеді. Олар барлығы бірдей дерлік эктопаразиттерге жатады.


2) Стационарлық (тұрақты) паразитизм деп паразиттердің иесінің организмінде ұзақ уақыт, кейде тіпті өмірбақи (ішінде не сыртында) мекендеп, оны қорек алу үшін пайдаланады, бұлардың көбі эндопаразиттерге жатады.


  • Паразиттер даму цикліне қажетті иелер санына қарай да бөлінеді:


а) гомоксенділер (бір иелі) барлық даму сатылары бір ие организмінде өтетін паразиттер (эймерия стиедэ үй қоянында, боофилюс кенесінің тек ірі қара терісіндегі тіршілігі);


б) гетероксенділер (көп иелі) даму циклінің сатылары екі немесе бірнеше түрлі ие организмінде өтетін паразиттер (шошқа таспа құрты ересек сатысында – адамның ішегінде, ал балаңқұрт сатысында – шошқаның бұлшық еттерінде).


  • Паразиттің даму сатысына байланысты:


а) Имаголық паразитизм – жыныстық жетілуі аяқталған, ересек сатысындағы паразиттерге тән, ал балаңқұрттар ерікті тіршілікте болуы ықтимал (гемонхтың имаго сатысы күйіс қайырушы малдардың ұлтабарында тоғышарлық етеді, ал балаңқұрттары қоршаған ортада ерікті тіршілікте болады).


б) Ларвалдық паразитизм – аралық ие организмінде паразиттің балаңқұрт сатысының (личинкасы) тіршілік етуі бұл уақытта осы паразиттің ересек сатыдағы өкілдері қоршаған ортада еркін тіршілікте болады (оқыра бөгелегінің личинкалары ауыл шаруашылық мал организмінде, ал ересек бөгелектер – қоршаған ортада).


  • Ие организміндегі мекендеу орнына байланысты:


в) Эндопаразиттер – иесінің табиғи қуыс-кеңістіктерінде, ішкі мүшелерінде, ұлпалары мен торшаларында мекендейді (гельминт, қарапайымдылар).


г) Эктопаразиттер – уақытша немесе ұдайы иесінің дене үстінде (сыртында) паразиттік тіршілік етеді (қосқанатты насекомдар, биттер және т.б.).
д) Үстемепаразитизм кейде өзі паразиттік тіршіліктегі организмде басқа паразиттер мекендейді. Мұндай құбылыс буынаяқтылар арасында жиі кездеседі. Аскаридалардың бактериялармен, мониезиялардың буностомамен залалдануы да кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет