1 жалпы мәлметтер



бет1/11
Дата14.10.2022
өлшемі297.5 Kb.
#462693
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жалпы паразит- гельминт-22-27





«Жалпы паразитология және гельминтология»

1 ЖАЛПЫ МӘЛМЕТТЕР




1.1 Оқытушы туралы жалпы мәліметтер

Оқытушының аты-жөні, тегі: Нуржуманова Жанат Мекешовна


Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы: м.ғ.к,. доцент міндетін атқарушы.
Факультет- Ветеринария және агроменеджмент
Кафедра: «Ветеринария»
Байланыс: Ұялы телефон: 87011297555, WhatsApp: 87011297555; электронды почта: zhanat1970s@mail.ru
Оқу корпусы - 6, аудитория -131. кабинет 202.
Білім алушыларға кеңес беру: оффлайн немесе online режимінде, Zoom. Platonys, WhatsApp платформалары арқылы


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны
«Жалпы паразитология және гельминтология» пәні болашақ ветеринария маманның негізгі пәндерінің бірі, өйткені парзитоздардың қоздырушыларының сыртқы ортада даму, жұғу, тарау заңдылықтарына сүйене отырып оларды балау және дауалау жұмыстары жүргізіледі. Жануарлардың жасына, жынысына, азықтандыру, күтуіне қарай емдік препараттарды қолдану мәселелері де аса маңызды. Сонымен қоса көптеген паразит құрттар туғызатын аурулар адамға жұғады, адамның өзі де кейбір паразиттердің негізгі немесе қосымша иесі болып табылады.
1.3 Пәнді оқыту мақсаты – жануарларды паразитоздардан оның ішінде гельминтоздардан түбегейлі сауықтыру және адам өмірін зооантропоноздардан қауіпсіздендіру. Пәннің алдына қойған мәселелері келесілер:
а) паразитологияның жалпы теориялық сұрақтарын жергілікті жердің ерекшеліктерімен байланыстыра оқу;
б) студенттерді паразит құрттар туғызатын аурулардың қоздырушының жіктелуімен, құрылысымен және оның даму - өсуімен, тоғышардың иесімен арақатынас әрекетімен жан-жақты таныстыру;
в) инвазиялық ауруларды заманауи әдістермен анықтау және емдеу жолдарына студенттерді үйрету;
г) студенттерге жергілікті жердің табиғи - шаруашылық ерекшеліктерін ескере инвазиялық ауруларға қарсы ғылыми негізделген ветеринариялық санитариялық шараларды жүргізуді игерту;
д) студенттерді сыртқы ортаны қорғаудың әдіс - амалдарына және жануарлардың паразиттермен залалдануын дауалау жұмыстарына үйрету



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет