зерттеушілердің пірілері бойынша, ежелгі грек тіл білімі аталмыш елдің ең
атақты əрі көлемді еңбегі Гомердің «Иллиада» жəне «Одияссеясын»
зерттеуден басталған екен. Өйткені уақыт өткен сайын бұл екі жырдың тілі
қарапайым гректер тілінен өзгешеленіп, мағынасы көмескілене бастаған. Сол
үшін де Греция ойшылдар жыр тілінің зерттеу жұмыстарын бастаған.
Жырдың мазмұнына қарай талдау жұмыстары жүргізілгеннен кейін Ежелгі
Греция тіл білімі философиялық жəне филологиялық деген үлкен екі бөлімге
жіктелді. Философиялық кезең тіл білімінде эллинизм дəуірі деп те аталып
кетті. Бұл екі дəуір бекер пайда болған жоқ, өйткені грек философтары тілге
байланысты ауқымды екі мəселені қозғады: біріншісі – бізді қоршаған
заттардың атауы қалай пайда болды; екіншісі – тілдің қалай пайда
болғандығы туралы теориялар. Заттардың атауының шығуына байланысты
пікірлер қайшылығын – атау зат табиғатына тəн емес, өйткені тілді əртүрлі
синонимдер мен омонимдер кездеседі деп дұрыс қортыныды жасайды. Ал
тілдің шығуына байланысты кереғар пікірлерге – дыбысты қайталау арқылы
еліктеу теориясын да, адамдардың келісім тоериясын да жоққа шығарып, сол
кезеңге сай тілді жаратушы құдай деген ойға қарсы оны адамның өзі
шығарды деп қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: