10. 17-18 ғасыр тіл білімі XVII-XVIII ғасырларда Лингвистикада түбегейлі өзгерістер болды, жаңа
модельде жазылған грамматика мен сөздіктер пайда бола бастады.
Лингвистиканың бұл қарқынды дамуына, оның теориялық жетілуіне тарихи
жағдайлар, ғылыми сананың өсуі жəне əлеуметтік дамудың ілгерілеуі ықпал
етті. Қоғамдағы тарихи жағдайлар лингвистиканың алдына келесі
мақсаттарды қойды: күн тəртібінде тіл деректерін реттеу, тілдің шығу тегі
мен дамуы, соның ішінде халықаралық тіл мəселелері, жалпы тіл
грамматикасы жəне нормативтік грамматика мен сөздіктерді құрастыру
мəселелері қойылды. Осы кезеңде зерттеулерінде жаңашыл түрде жазылған
грамматика пайда бола бастады. Əр түрлі халықтардың тілдерінен жиналған
материалды өзара салыстырып қана қоймай, сөздерді осы тілден екіншісіне
аудару арқылы осы кезеңде тез дамыды.
17-18 ғасырларда тілдің пайда болуы туралы мəселе қайтадан өозғала бастады.
Ғалымдар тілдің шығу тегін дінге, Құдайға жеткізген ортағасырлық мектеп
көзқарастарын сынға алды. Мəселен осы жайлы ғалым Ж.Руссо: "тіл
əлеуметтік қажеттіліктерден туындаған. Жаратылыс берген алғашқы
дыбыстардан қазіргі заманғы жетілген тіл туындады "деп санаған.Сонымен
қатар неміс ғалымы Н. Гердер 1744-1803жылдары Руссоның көзқарасымен
түбегейлі келіспейдіде оны мойындамайдыда яғни тілдің əлеуметтік
қажеттіліктен туды деп санамайды.Оның пікірінше: "Сөйлеу-бұл əр адамның
жеке қасиеті", - дейді ол. Бұл тілді Құдай жаратқан деген көзқарас.
Осы кезеңде ғалымдар тілдің даму табиғаты туралы əртүрлі көзқарастарды
ұстанды. Мысалы, ағылшын ғалымы Дж. Пристли 1762жылы жарияланған
"Тіл теориясы жəне əмбебап грамматика бойынша дəрістер" атты еңбегінде
"Тіл дамыған сайын ол өркендеу, содан кейін шегіну, құлдырау кезеңдерін
бастан кешіреді"деді. "Тілдің дамуы үздіксіз прогресс түрінде болады", -
дейді екінші ағылшын ғалымы Монбодо өзінің "Тілдің пайда болуы жəне
дамуы " 1773жылғы кітабында.