1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тілдің грамматикалық жағынан дамуы



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

38. Тілдің грамматикалық жағынан дамуы
Тіл білімінің бұл саласы фонетикалық құрылым сияқты баяу дамиды.
Өйткені, грамматика- көп қабатты, күрделі жүйе. Ерекшелігі- өзіне тəн
категориялары мол жəне көне. Біздің тіліміздің көнелілігі сонау 3-4
ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларынан бастау алады.
Мысалы, дəл осы көне түркі жазбаларында етістіктің жедел өткен шағы 3
жақта –дұқ\-дұғ, -дүқ\дүг формалары арқылы берілген. Ал кейін бұл
формалар –дү (ді) \-дұ (ды) болып өзгерген. Сонымен қатар, көне түркі
жазбаларында шартты рай жұрнақтары –сар\-сер болса, кейіннен –са\-се
болып өзгерген.
Есімшенің –атын\-етін жұрнағы, көне дəуірде –тұрған\ -тұғын болған (бара
тұрған \ бара тұғын). Тағы жіктік жалғаудың үшінші жағын білдіретін –ды\-ді
жалғауы, көне кезде –дұр формасында қолданылған (келедүр, жүредүр).
Тілдің грамматикасындағы өзгерістер оның тек морфология саласынан ғана
емес, синтаксис саласында да болған. Мысалы, ХХ ғасырдағы «Дала
уалаяты» газетінде көптеген қажетсіз сөздер, бір бірімен қиыса
байланыспаған сөз тіркестері көп кездеседі.
39. Тілді зерттеудің ұстанымдары: синхрония мен диахрония
Тілді зерттеу ұстанымдары қашан да зор маңызға ие. Өйткені белгілі бір тілді
лингвистикалық əдістер мен тəсілдер арқылы зерттеу оның тұтас табиғаты


мен ерекшелігін ашуға мүмкіндік береді. Десе де, лингвистикалық əдістер
арасында нақты бірізділік жоқ. Өйткені басқа да ғылым атаулы секілді тіл
білімін де əлі шешімін таппаған мəселелер қызықтырады. Ал мұндай
мəселелерді табу жəне ары қарай шешімін шығару түрлі əдістер бойынша
нақтыланады.
Бүгінде тілді зерттеудегі ең маңызды əдістер деп сиапттамалы əдіс пен
тарихи-салыстырмалы əдістер аталынып жүр. Шынында да, осы
синрониялық жəне диахрониялық əдістер арқылы тілдің тарихи жəне нақты
белгілі-бір кезеңіндегі жай-күйі жөнінде бірқатар деректер жинауға болады.
Синхронды жəне диахронды əдістер бір-бірінен міндетті түрде ажыратылады.
Синхрония – тіл қозғалыссыз немесе тұрақты емес деген пікірді
ұстанғандықтан, тілді тек белгілі бір кезең уақытындағы ерекшеліктері мен
өзгешіеліктерін қарай сипаттайды. Сипаттамалы əдіс – жалпы тіл білімінде
қолданылатын əдістердің ішіндегі ең кең тараған əдіс түрі. Бұл əдіс жеке
тілдің тарихына бойламай, оның тек белгілі бір уақыт кезеңіндегі күйіне,
яғни сихрондығына сипаттамалық талдау жасайды.
Ал тарихи əдіс немесе диахрония болса, тілдің тарихи жай-күйін зерттейді.
Тіл қазіргі уақытқа дейін қалыптасу барысында қандай жаңашылдық пен
өзгеріске ұшырады деген сауалдарға жауап береді. Тілдің барлық
құбылыстары мен құрылымдарының шығу тегін тарихи жүйеде зерттейді.
Яғни, тіл біліміндегі болған барлық тарихи өзгерістерді зерттеуді негізгі
нысанға алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет