1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет24/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

40. Тілдік жағдаят
Тілдік жағдаятты көбінше жалпы тіл біліміндегі экстралингвистиканың бір
саласы əлеуметтік тіл білімі зерттейді. Өйткені тілдік жағдаяттың
анықтамасы – тіл мен тілдік формалардың белгілі бір аумақ, орын немесе
саяси жəне əкімшілік құрылымда өмір сүретін, солай көзге түсетін формасы.
Мұндай географиялық аймақ секілді таралуына байланысты тілдік
жағдаяттың бірқатар типологиялық түрлері анықталған. Олар мынадай:
тілдік жағдаяттың белгілері тілдік формалар арқылы ғана емес, оның сапалық,
бағалық жəне сандық белгілері арқылы да танылады. Атап айтқанда, мұндай
бөлімдердің ішіндегі сандық белгісіне қазіргі таңда белсенді қолданылатын
тілдер санын, олардың əрбірінде сөйлейтіндердің санын, тілдік жағдаятпен
байланысты тілдердің санын жатқызамыз.
Мысалы, Исландияның тілдік жағдаятын біреу-ақ деп қараыстырамыз,
өйткені бұл елдегілер тек бір тілде сөйлейтіндер ғана.


Ал енді тілдік жағдаяттың сапалық түріне қай ел немесе мемлекеттің
болмасын өз тілінің белсенділігі жоғары ма, əлде кəрме тілдің бе; тілдер
біртектес пе əлде əртүрлі ме деген секілді сұрақтарды қамтиды. Мысалы,
Үнді елінде ағылшын тілі, ал Малида француздар тілінің басымдығын
жатқызсақ болады.
Ал тілдік жағдаяттың бағалық сипатына, сол тілде сөйлеушілер оны
коммуникативтік қызметі жағынан, көркемдігі мен мəдени қырынан қалай
бағалайтынын енгіземіз. Осы арқылы тілдік жағдаятқа қатысты тілді сыртқы
немесе ішкі түрде бағалауға болады. Тілді іштей бағалау – əр əлеуметтік
ортаның өз тілінің бағасын арттырады.
41. Тілдің өмір сүру формалары
Тілдің жалпы сипаты мен өмір сүру формасы оның əртүрлі ерекшеліктері
мен бірқатар қызметтеріне байланысты болып келеді. Десе де, оның нақты
сипаты мен өмір сүру формасы тілдің коммуникативтік қызметіне сайып
келеді. Тілдің сыртқы байланыстарын, атап айтар болсақ, ойлаумен,
адамзатты қоршаған қоғаммен, əлеуметпен арақатынасын жəне оның осы
тұста дамып отыратынын осы коммуникативтік қызмет арқылы саралаған
жөн. Тілдік зерттеулер бойынша, оның тіршілік етуі қатынас құралы
болуының нəтижесінде деп саналады. Өйткені тіл адамдардың арасындағы
қарым-қатынас құралы болғандықтан тірі деп көрініс табады. Ал ондай
қатынас құралы ретінде жұмсалмайтын тілдерді қолданыстан шыққан өлі
тілдер қатарына жатқызамыз.
Тілдің өмəр сүруінің де өзіндік формалары болады. Мысалы, жоғары
формасы мен басқа да формалары. Жоғары өмір сүру формалары деп біз
көркем мəтін тілі мен əдебиет тілін айтамыз, ал басқа формаларына тілдік
жағдаятты жатқызсақ болады. Яғни, қарапайым ауызекі сөйлеу тілі немесе
аумақтық, жергілікті диалектілер, жаргондар жəне тағы басқалары. Сонымен
қатар, оның ең негізгі өмір сүру формаларының қатарына ауызша сөйлеу тілі
жатады. Оған қоса, жазбаша тіл формасы осы ауызша тілге бағынышты
болады екен. Жазу тілі, əрине, ауызша тілден анағұрлым кейін пайда болағн.
Сондықтан да тілдің өмір сүру формасында бұлардың бірі екіншісіне
бағынышты болады. Өйткені тіл формасы тек жекелеген адамға байланысты
ғана өмір сүрмейді, керісінше қоғаммен бітесе жүзеге асады. Демек, тіл
жекелеген ададмдар арасында ауызекі сөйлеу арқылы маңызды қатынас
құралы болады да, өмір сүру формасының негізіне айналады; оған қоса
қоғамда белгілі бір аумақ немесе жергілікті сөйлеу тіліне негізделген
диалектілер арқылы да өз өміршеңдігін танытуға қауқарлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет