1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тілдің дамуы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

57 Тілдің дамуы мен қызметі
Тілдің туу да, дамуы да тікелей адамға байланысты. Адам дегеніміз белгілі
бір қоғам болғандығына қарамастан, тілдің дамуы қоғамның дамуымен бірге
ілесе бермейді. Ғасырлап өсікен қоғамда өзгермеген тіл, белгілі бір қысқа
уақыт аралығында дамуы я болмаса өзгеріске ұшырауы мүмкін. Осындай
қиындықтарға байланысты бір сыпыра ғалымдар тілдің дамуына байланысты
қате пікірлер мен ой қалыптастырған. Мысалы ғалым Н.Я. Марр тілдің
дамуына өзінің «сатылық даму теориясын» қалдырған. Алайда кезекті
дисскусияда бұл пікірді қате деп шешіліп, тілдің қалай даму жолы бар
екендігі анықталды. Бір тілді жойып, одан кейін жаңа тілді тудыру арқылы


тіл дамиды деп жеткізген Н. Я. Маррдың пікіріне ақиқат қарама қайшы
болып шықты. Тіл қалай дамиды? Белгілі бір тіл жойылмай, тек тілдің белгі
бір элементтерін жетілдіру арқылы, я болмаса біртіндеп тілді қорландыру
арқылы тіл дамиды.
Тіл біздің өмірімізде маңызы зор. Тіл сананың нəтижесінде ойлау арқылы
туған болса, сана адамның жан-жануарлардан бөлетін басты айырмашылығы.
Сондықтанда тілдің қызметі біз ойлағаннан əлде қайда маңыздырақ. Себебі
еш қатысы жоқ шығар деген заттардың өзінде тілдің рөлі үлкен. Мысалы
математика мен тілді мысал ретінде алсақ. Тіл ол сөйлем мен əріптер жіне т.б.
Ал математика сандар, олай болса олардың қандай байланысы бар, тілдің
математикада рөлі мен қызметі не? Математика тек сандардан тұрмайды,
əріп пен формулада кездеседі. Есеп тек сандар мен əріптерден бөлек жазбаша
да беріледі. Сол себепті тілдің кезген ғылым мен құбылыспен де
байланыстырып, қызметін білуге болады. Тілдің нақты қызметінге тоқталар
болсақ, тілдің негізгі екі қызметі бар. Олар: Коммуникативтік жəне
когнитивтік (танымдық). Одан бөлек тілдің эмоционалдық, метатілдік жəне т.
б. қызметтері бар.
58 Техникалық прогрестің тілге əсері
Қазіргі жиырма бірінші ғасырда, заман техника мен ғылым заманы болып
табылады. Адам, адаммен қоса оның аялық білімі мен танымы кеңейіп
дамуда. Бұның нəтижесінде техника да прогресс жасайды. Ал осы барлық
өзгерістер мен дамудың тілге қандай əсері бар. Ең алдымен ғылыми-
техникалық прогресске тоқталайық. Бұл прогресс ғылым мен техниканың
қатар дамуы болып табылады. Прогресстің дамуына байланысті арнайы
кезеңдерге бөлінеді. Ал енді тілмен əсеріне келсек, мысалы ғылыми –
техникалық прогрессстің үшінші кезеңінде жаңа терминдер мен ғылыми
кітаптар шыға бастады. Бұл дегеніміз тілге жаңа терминдер мен сөздердің
еңуі болып табылады. Яғни прогресстің нəтижесінде ескі заттар мен немесе
терминдер уақыт өте қолданыстан шығып, ескірген сөздерге жатуы мүмкін
болса, кейбір жаңа сөздер еңіп тұрақты ғылым аясында қолданысқа енеді.
Осылайша техниканың дамуы мен прогрессі тілге тікелей əсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет