1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

59. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері
Тілдердің өз ішінде бөлініп, ажырап, ыдырауына байланысты, жеке
диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесін дифференция деп атаймыз. Ал,
тілдердің бір- бірімен жақындасып, бір- бірімен бірігу процесін интеграция
деп атаймыз.


Тілдің дамуына байланысты, тілдегі болып жатқан, дифференция мен
интеграция процестерін қоғаммен де тығыз байланыста болады. Біртұтас
тілде сөйлейтін белгілі бір қайымның, заманның дамуына, қоғамның дауына
байланысты, түрлі тарихи себептерге байланысты ыдырап, бір- бірімен
мүлдем байланысы жоқ болып, қарым- қатыснассыз болуы мүмкін. Ал, осы
мəселеге керісінше, əртүрлі диалектілерде, тілдерде сөйлейтін қауымның
қоғамның дамуына байланысты, қандай да бір тарихи себептерге байланысты,
бір- бірімен тығыз байланыс орнатылып, жақыдасып, бірігу процесі орнауы
мүмкін. Ал, осы тілдердің жақындасуына, бір кезеңде өмір сүрген
халықтардың немесе сол халықтың өмір сүрген мемлекеттің жойылуынан
тілдердің бірігу процестерін байқай аламыз. Осыға мысалы ретінде, Вавилон,
Ассирия мемлекеттерінің жойылуынан, олардың мəдениеттерінің
жойынуынан, сол елдің халықтары сөйлеп жүрген лувий, хетт, сияқты ұсақ
тілдірдің жойылуына алып келіп, басқа мықты елдердің тілдерінің құрамдас
бөлігіне кіріп, қосылуына алып келеді.
60. Əдеби тіл.Тілдің диалектілік, əлеуметтік жіктері
Əдеби тіл- жалпы айтқанда стандартты тіл. Бұл дегеніміз сол тілді
қолданатын барлық адамға түсінікті тіл. Негізінен əдеби тіл болу үшін оның
өзіндік талаптары бар. Соның бірі əдеби тіл міндетті түрде жазба тіл болуы
керек. Əдебитеттің жүйеленіп, бір қалыпқа келіп, бір икемге түсуіне жазба
тіл өзінің зор ықпалын тигізеді. Əдеби тіл-жазу арқылы қалыптасып
отырады.Бірақ, тек қана жазба əдебиетпен шектелмейді, тілдің өзінің мақал-
мəтелі бар,аңыз-əпсанасы бар, бұның барлығы дерлік əдеби тілге өз үлесін
қосады. Жалпы айтқанда Əдеби тіл бір халықтың– ресми іс-қағаздарының
тілі, мектептегі оқу-тəрбие, жазба жəне тұрмыстық қарым-қатынас тілі,
ғылым, публицистика, көркем əдебиет, мəдениеттің көріністері, т.б.
Əдеби тілдің диалектік негізіне келетін болсақ, Кейбір тіл мамандары
қазақтың ұлттық тілі мен ұлттық əдеби тілінің диалектілік негізі бар дегенді
қолдағанымен, бірқатар зерттеушілер қазақтың ұлттық əдеби тілі диалектілер
негізінде емес, халықтық тілдің негізінде қалыптасады деген пікір айтады. 19
ғасырдың 2-жартысында жаңа бағыттағы қазақ əдеби тілінің негізін
салушылар Абай мен Ыбырай шығармаларын белгілі бір аймаққа тəн
диалектіде емес, қазақ халқының ортақ тілінің негізінде жазған.
Абай мен Ыбырай халық тілін жазба əдеби тіл деңгейіне көтеру үшін ауызекі
сөйлеу тілі мен ауыз əдебиетінің бай сөздік қорын шебер пайдаланады.
Демек, халыққа тілдік материалдарды талдап, əдеби нормаға жеткізудің
нақты үлгісін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет