Салық салу объектісі
Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлссі) салық салу объектісі болып табылады. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу қүбырлары, электр беру желілері, тазарту қүрылғылары, күл-қоқыс қүбырлары, жылу трассалары және баска да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарыныңжелісі алып жатқан жер учаскелері. Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды қүрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсетужөніндегі қүрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған, объектілер орналасқан жер учаскелері;
4) жалға берілетін үйлерді күтіп-үстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды түлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салык төлеушілер салықты есептейді.
Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын аныктау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқанжерлердің бонитет балынегізге алына отырып айкыидалады.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
Жеке түлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.
Жеке түлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған түлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізеді. Жеке түлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.
Салық кезені:
Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып күн тізбелік жыл анықталады.
Заңды тұлғалардың жер салығының есептеу.
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
Бонитет балы - топырақтың табиғи қүнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығана байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |