1. Жер салығының сипаттамасы: төлеушілер, салық салу объектісі және салық базасы


Мүлік салығының сыныптамалық сипаттамасы



бет4/5
Дата12.12.2023
өлшемі37.78 Kb.
#486169
1   2   3   4   5
Таласбай Айдын ТЗ 20-11

2.Мүлік салығының сыныптамалық сипаттамасы.
Жалпы меншікке салынатын салықтың мейлі жер салығы, мүлік нсмесс көлік құралдарына салынатын салық болсын, олардың мақсаты мсіпиікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері мсіішіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді. Алайда, көлемінің ірі боцуы табыстың көбеюуіне кепілдік бермейді: егер салық салынбаса ірі меншік иелерінің артықшылықтары молаяды да, мүлікті дүрыс пайдалануға ұмтылмайды. Осылайша мүлік салығы, жер салығы қоғам алдында салық жауапкершілігін көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. Бұл салықтардың әрқайсысы өздерінің салық салу Сапалары мен, ставкалары мен, есептеу әдістері мен, төлеу мерзімдері мен бір- бірінен өзгеше екеніне қарамастан бір функционалды топқа біріктіруге болады:
• Төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасына және салық салу объектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Өйткені белгіленген ставкаларды негізге ала отырып, салық мүліктің құнына тікелей салынады.
• Пайдалану белгісіне қарай меншікке салынатын салықтар жалпы салықтарға жатады. Яғни, бұл салықтар түрлері бойынша салық сомасы мемлекет қорына түсіп, пайдалану барысына ғана негізделеді.
• Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай бұл салықтар нақты салықтарға жатады. Нақты салықтар мүліктің сыртқы белгісіне байланысты нақты табыстың түсуі есептелместен салынады. Сонымен бірге, аталмыш салықтар тобын қазіргі кезде жеке салықтар қатарына жатқызып жүр, себебі олар, табыс салығы сияқты жеке салықтармен бірге алынады.
• Меншікке салынатын салықтар салық салу әдістерінің кадастрлық және декларациялық түрлерімен алынады да, жергілікті бюджетке түседі.
• Меншікке салынатын салықтарды “санитарлық” (сауықтыру) салықтар деп те атайды, өйткені мемлекет аталған салық ставкасын жоғары көтерген кезде, салық төлеушілер өз меншік құқығындағы, оралымды басқаруындағы және иелегендегі кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын немесе пайда әкелмейтін, тиімсіз салық салу объектлерінен құтылуға асығады. Әрине, пайдасы жоқ объектіге босқа салықтөлегісі келмейді.
• Меншікке салынатын салықтар аймақтық бюджетке қайтарымсыз түседі.
• Меншікке салынатын салықтар жеке түлғаның немесе заңды тұлғаның айналысатын қызметінің түріне тәуелсіз, міндетті салықтар қатарына жатады. Сондықтан бұл салықтардан жалтару мүмкіндігі өте аз. Осы себептен мемлекет бұл салықтың түрлері бойынша оның бюджетке түсуін шекті дәлдікпен болжап қана қоймай, оған қол жеткізуге толық мүмкіндігі бар.
Енді осы меншік салығы тобына жататын салықтардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтарына жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ. Оның ішінде, мүлікке салатын салықты қарастыратын болсақ, әртүрлі шаруашылық субъектлері мен жеке тұлғалар үшін күрделі, әрі жалпы салықтардың біреуі болып мүлік салығы табылады. Өйткені оны жеке азаматтар да, кәсіпкерлер де төлейді. Қазақстан заң актлеріне сәйкес оның төлеушілері меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды және жеке түлғалар. Салық төлеушілердің оны төлеу кезіндегі негізгі міндеті салық салу базасын тиімді анықтау және мүлікті дұрыс бағалау болып табылады. Мүлік салығы жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы жүргізген мүлікті бағалауға сәйкес аумақтық салық органдарымен есептеледі.
Салықтың бұл түрінің мәнін оның жіктелуінен түсінуге болады. Соңғы жылдары мүлік салығы көптеген заңдық өзгерістерге түскенін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, мүлік салығын төлеуші заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың тізімі кеңейтіліп жеке-жеке түсіндірілген. Сондай-ақ, заңды түлғалар мен кәсіпкерлердің салық салу объектісі болып тек негізгі құралдар ғана емес, материалдық емес активтер де табылады.
Жоғарыда атап көрсетілгендей мүлік салығының салық салыну объектісі және оның ставкалары өзгеріске ұшыраған. Егер есеп беру кезеңінің ұзақтығы бір жылдан аз болса, осы салық кезеңі бойынша амортизацияланатын активтерінің орташа жылдық қалдық құны есептік кезеңдегі әр-бір басталатын айдың бірінші күніне немесе есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне осы активтердің қалдық құнының қосындысынан алынған сомаға тең мөлшерде алынады.
Бухгалтерлік есеп деректері бойынша анықталған салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салық салу базасы болып табылады. Заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған бөлімшелері мүліктің тұрған жері бойынша төлейтін мүлік салығының сомасын анықтау бухгалтерлік есепте амортизацияланатын активтердің қалдық кұны бойынша жыл ішіндегі ағымдық төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі (толем тоқсан сайын жүргізіледі).
Салық төлеуге жататын мүліктің орташа жылдық құны есепті салық жылының әр айының бірінші күні және одан кейінгі жылдың бірінші күні мұндай мүліктің құнын біріктірген кезде алынған он үштен бірі ретінде есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет