1 Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік



бет2/4
Дата29.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#30334
1   2   3   4

1.3 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік

құқығы.
Соңғы он жылдың көлемінде аграрлық қатынастарды реттейтін бірқатар заңдар қабылданып, бұл бағыттағы мемлекеттік саясат орнығып, белгіленген болатын. Бірақ, қазіргі жағдай бұл заңдарды қайта қарап, өзгерістер енгізуді немесе мүлдем жаңа заң қабылдауды қажет етеді.

Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарынан «Иесіз жер жетім», «Жер тағдыры - ел тағдыры» деген ұран сөздерді жиі естіп жүрміз. Оның барлығы жаңа Жер кодексінің қабылдануына және бұл кодекспен енгізілетін жаңалық, ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беруге байланысты туындаған мәселе.

Түптеп келгенде, ауыл шаруашылық жерлерінің басқа жерлерден айырмашылығы неде? Неге тап осы жерлерді жеке меншікке беру орасан дау туғызып, елді дүрліктірді? Ауыл шаруашылық жерлер жеке меншікке берілсе не өзгереді? Бұл жерлерді осыған дейін неге жеке меншікке бермедік? Мұндай сұрақтардың туындауы заңды құбылыс. Осы мәселенің шет - жағасын ашып көрелік.

Жалпы, ауыл шаруашылық жерлер - ерекше қорғалуға жататын, Қазақстанның басқа жер санаттарына қарағанда ең шұрайлы, құнарлы жерлер. Сондықтан, бұл жерлерге байланысты қандай да болмасын шешім жүктелген жауаптың ауырлығы ескеріліп, күрделі ой елегінен өтіп барып қабылдануы тиіс.

Қазақстан Республикасының жалпы жер қоры 272,5 миллион гектарды құраса, оның 90,9 миллион гектары - ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер. Бұл жерлердің 59,2 миллион гектары жайылымдыққа, 20,3 миллион гектары егістікке арналған. Айтып отырған жерлер - қазақ халқының ең қымбат қазынасы, ата-бабаларымыздың қалдырған мұрасы. Халық тағдыры әрқашан жермен байланысты болғандықтан шығар, мұндай жерлерді жеке меншікке беруді жұртшылық ата-бабадан қалған тарихи ескерткіштерді бергенмен тең көреді. Шын мәнінде бұл жаңсақ пікір.

Дау-дамай туғызып отырған мәселе ауыл шаруашылық жерлерді жеке меншікке беру немесе бермеуде емес, біз осындай қадам жасауға дайынбыз ба, жоқ па дегенде болып тұр. Шындығында, бұл қадамды біз міндетті түрде жасауымыз керек. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда ауыл шаруашылық жерлерді жеке меншікке беру орынды ма? Әлде, жерді жеке меншікке беру арқылы шатасқан жібіміз одан әрі күрмелене түсе ме? Бұл мәселеде ең бастысы - қателікке жол бермеу, жеті рет өлшеп бір-ақ рет кесу, істің барлық жай-жапсарын ескеруге тырысу.

Жерге жеке меншік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата Заңымыз-бен енгізілген болатын. Сол кезден бері мына жер санаттарынан:

- ауыл шаруашылық мақсатындағы;

- қорғаныс қажеттері үшін пайдаланылатын;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру, рекреакция-лық және тарихи-мәдениет мақсаттығы;

- орман,-су қорларының;

- елді-мекен жерлерінің жалпы пайдалануындағы жерлер;

- босалқы жер учаскелерінен басқа жерлер азаматтық айналымға енгізілген болатын.

Жер азаматтық айналымға түскенімен, жерге жеке меншік құқығының өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы, жеке меншік құқығын үш құқық құрайды. Олар: иелену, пайдалану және билік ету құқықтары.

Иелену құқығы - шын мәнінде заттың сол адамның иелігінде болуына құқық, ал пайдалану құқығы - заттан түскен пайданы, өнімді, өсімді алуына заттың заңи тағдырын шешуге құқық береді. Белгілі бір зат тұлғаның жеке мешігінде болу үшін осы құқықтардың үшеуі толық болуы тиіс. Ал, жерге жеке меншік құқығында билік ету құқығы толық болмайды.

2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған «Жер туралы» заңның 75-бабында жер учаскесі нысаналы мақсатына сай пайдланылмаса немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылса, атап айтқанда, жер құнарлығының едәуір төмендеуіне, не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, меншік иесінен қайта алынып қойылуы мүмкін деп көрсетілген. Яғни, егер жерді үй соғуға алсаң, ол жерге егін еге алмайсың деген сөз.

Әдетте, өзіңнің жеке меншігіңдегі затты тастай саласың ба немесе жойып жібересің бе өзің білесің ғой, ал меншігіңдегі жерді жоюға, құртуға ешқандай хақың жоқ. Сен жерді иеленген кезде үнемі мемлекет қадағалауында, бақылауында боласың. Мұның өзі азаматтық құқықтың жеке меншікке қол сұқпау қағидасына қайшы келеді. Жоғарыда айтылған мәселеден жерге жеке меншік құқығының қандай да болмасын басқа затқа жеке меншік құқығынан айырмашылығын көруге болады.

Егер «жай» жер учаскесін иеленген кезде үнемі мемлекет бақылауында болсаң, ауыл шаруашылық мақсатындағы сияқты «асыл» жер жеке меншігіңде болса мемлекет бақылауы он есе күшейе түсетіні түсінікті де. Бірақ, мұндай бақылауды қазіргі кезде жүзеге асыру біршама қиын болып тұр.

Жаңа Жер кодексінің қабылдануына, ауыл шаруашылық жерлерді жеке меншікке беруге байланысты мынадай өзгерістердің болуы мүмкін. Ешкімнің де меншігіне жер тегіннен-тегін тие салмайды. Ешкімге де ақша тегіннен-тегін берілмейді. Мемлекет тиімді жұмыс істейтін жер иесіне ғана көмектеседі. Қолдау ақша орнымен жұмсалса, өндіріс ауқымы артса, өнім сапасы жақсарса ғана көрсетіледі. Өйткені, жер жеке меншікке берілмесе, шаруа өзіне тиесілі жерді кепілдікке қоймаса, банктен несиені ала алмайды емес пе?

Меншігіндегі жердің берекесін кетіретін, оны жыртқыштықпен пайдаланып, құнарын азайтатын адамдардан жер тартып алынып, өзгелерге сатылады. Сондай-ақ, жер пайдаланудың барлық үш түрі сақталатын болады. Олар - тұрақты, уақытша жер пайдалану және жерді жеке меншік құқығымен иемдену. Тұрақты жер пайдалануға өзгерістер енгізілмейді (Қазақстандағы мұндай жерлердің көлемі 3 миллион гектардан астам).

Уақытша жер пайдалану институтына тұжырымдамалық өзгерістер енгізу көзделуде. Бүл өзгерістер бойынша мемлекеттен жалға алынған жерді кепілге қоюдан басқа, екінші рет жалға беруге немесе субарендаға беруге, сондай-ақ жерді сатуға, жалға беруге және жалға беру құқығына байланысты өзге де мәмілелер жасасуға тыйым салынады. Мұның сыртында қысқа мерзімдік жалға беру жойылады. Яғни, жалға беру қатынастарының бір ғана түрі - 49 жылға дейін ұзақ уақытқа жалға беру мерзімі ғана қалмақ. Ал, шетелдіктер үшін жалға беру мерзімі он жылдам аспайды.

Тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығын алған жер иелері жерді сатып алуға міндетті емес. Жер сатып алуға тілек білдіруші азаматтарға ғана сатылады. Сонымен қатар, жер шетелдіктерге сатылмайды. Адам басына берілетін жердің шекті мөлшері бекітіледі.

Жерді толық бағалау және нарықтық құны бойынша, сол сияқты ҚР Үкіметі белгілеген жеңілдетілген баға бойынша бағалау ұсынылады. Кодекс жобасы он жылдық мерзімге дейін кейінге қалдыра отырып, жерді сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жерді жеңілдетілген баға бойынша және төлеу мерзімін кейінге қалдыра отырып сатқан жағдайда оған иелік ету құқығына тиісті шектеулер енгізілетін болады. Яғни, кредитке алынған жермен мәмілелер жасасуға тыйым салынады.

Жерді жеке меншікке сатудан түскен қаражатты Ұлттық қорда шоғырландыру және оны тек қана ауыл шаруашылығы өндірісінің мұқтаждары мен жер құнарлығын арттыру үшін пайдалану ұсынылып отыр.

Ауыл шаруашылығы телімін меншігіне алған азамат Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығатын болса, ол жер телімін сатып алған кездегіден аспайтын баға бойынша мемлекет меншігіне қайтаруға тиіс.

Ауыл шаруашылық жер жеке меншікке тапсырған сол жерді сатып алуға ауыл шаруашылығы бойынша білімі мен жұмыс тәжірибесі бар және ауылдық жерде тұратын тұлға басым құқығына ие болады.

Жаңа Жер кодексі енгізілген бүл өзгерістер тікелеу ауыл шаруашылық жерлерімен байланысты болғандықтан, аграрлық заңнаманың көп бөлігі өзгеріске ұшырайтыны жасырын емес. Сондықтан, заң шығарушы кодексін қабылдағаннан кейін бүкіл аграрлық заңнаманы қарастырып, өңдеуге, жетілдіруге байланысты жасауы тиіс. Және бұл - кейінге қалдыруға болмайтын міндет. Себебі бірінші кезекте Жер кодексі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызатын қосымша заңдар өтіп келуі тиіс.

Ал, құнарсызданған топырақтың тағдырына бас қатырып жатпаймыз. Қанға сіңген көшпенділігімізге салып, бір жердің өнімділігі кемісе, келесі жерге ауыса саламыз. Себебі, бізде жер жетеді. Осындай арамтамақтық пен енжарлық психологияның арқасында топырақ сортаңданып, эрозияға ұшырады. Мамандардың айтуына қарағанда, соңғы он жылдың ішінде 128 миллион гектарға жуық жер ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан. Ал, егістік жер көлемі 14,2 миллион гектарға дейін қысқарған. Жерге деген құлықсыз қатынастың ақырының немен бітерін уақыт дәлелдеп берді.

Бұл ретте Елбасының өткен жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Жерге деген меншік - оны абаттандыруға, өз балаларына шұрайлы қалпында мирас етуге деген ынта-ықылас» деген сөздерінің мағыналығын мойындау керек. Демек, ауылшаруашылығы жерін жеке меншікке берудегі басты мақсат -атадан қалған мирасты келер ұрпаққа аздырып-тоздырмастан жеткізу.

Елбасы өз Жолдауында «Жуырда қабылданған «Жер туралы» заңның елімізде өркениетті нарыққа қарай ілгерілете алмағанын мойындауымыз керек. Ендеше, бірлесе жүріп жіберген қателігімізді тез арада бірлесе түзейік, осы заңды сындарлы қалыпқа келтірейік. Бұл заңның түпкі мәні, өміршең маңызы бар. «Ауылшаруашылығы жеріне жекеменшік керек пе?» дейтін сауалға қайтаратын жауабы болуға тиіс» дей келіп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жекеменшікті енгізуге бағытталған заң жобасын әзірлеу туралы Үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын.

Дегенмен, заң жобасындағы анық мәселе, жерді сатып алу құқығының жерге бейімі мен бейілі бар ауылшаруашылығы жұмыстарын білетін сол жердің тұрғындарына берілетіндігі болды.

Енді бұл мәселе де мәресіне жеткен сыңайлы. Жер мәселесіне бей-жай қарай алмайтын әрбір қазақстандық теледидарға көз тігіп, Жер кодексі туралы Парламент Мәжілісінде бұрын-соңды болмаған қызу пікірталастың куәсі болды.

Қорыта айтқанда, ұзақ пікірталастан кейін депутаттардың ұсынысын ескере отырып, заң жобасын бірінші оқылымында қабылдау туралы шешімге келді.

Нақты айтқанда, жер телімдеріне жеке меншік құқығын мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақылы негізде, ал шартты жер үлестеріне тұрақты жер пайдалану құқығы болған, кейіннен оны уақытша жер пайдалануға қайта ресімдеген және ауылдық жерде тұратын азаматтарға Жер кодексі қолданысқа енгізілгеннен бастап өтеусіз негізде беру мақұлданды. Сондай-ақ жерді қосалқы жалға беру құқығын жүзеге асыруға 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салу, мемлекеттік емес заңды тұлға мен оның үлестес тұлғасының жеке меншігінде болуы мүмкін жер төлімдерінің жергілікті өкілді органдар белгілейтін шекті мөлшері әкімшілік ауданның ауыл шаруашылық алқаптары әр түрінің жалпы көлемінің 5 пайызынан аспайтын болуы, жеңілдетілген бағамен сатып алуды жүз еселенген жер үлесімен шектеу туралы шешім қабылданды.

Шетелдік тұлғаның уақытша жер пайдалануында болуы мүмкін жер телімдерінің шекті мөлшері әкімшілік ауданның ауылшаруашылық алқаптарының әр түрі жалпы көлемінің 5 пайызынан аспайтын мөлшер-де, ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін 0,5 пайыздан аспайтын мөлшерде болуы тұрғысындағы шешімді депутаттар мақұлдады.

Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов: «Жер сатудан қанша түсерін білмейміз. Оның үстіне жерді тегін берейік дейсіздер, мұндай жағдайда мамандардың есептеуі бойынша жекеге беруден ештеңе түспеуі де мүмкін»- десе, Жер қатынастары жөніндегі комитеттің төрағасы Бақыт Оспанов: «қор құру үшін қосымша қаншама қаржы керек, соншалық шығынға бару бізге бүгін керек пе» деп қиналыс білдірді. Бұған қарсы өз дәлелдерін келтіріп баққан депутаттар да позицияларынан бас тарта қоймады.

«Меніңше, мұнда арнаулы қор деп өте сауатты жазылған. Содан-ақ түсінікті болса керек. Егер Жер қорын құру десек, қосымша қаржы, шығын сонда қажет болады. Ал біз арнаулы қор дейміз, өйткені бұл сол Ұлттық қордың құрамында болуы мүмкін. Бірақ алдымен заң жүзінде жер сатудан түсетін қаржы ауыл шаруашылығын дамытуға, жер құнарын көтеруге жұмсалады деген тиісті өзгертулер енгізілуі қажет. Жерге және сол жерде жұмыс істейтін адамдар үшін арнаулы институт-тар болады. Нарықтық экономикаға көшкеннен бергі он жылдық тарихымызда мұндай институт бізде құрылған жоқ. Мұның саяси-әлеуметтік маңызы үлкен. Өйткені, бюджеттің әлсіздігінен жерде еңбек етушілерге, жер құнарын сақтауға, құнарлығын көтеруге қатысты ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Сондықтан жерден қанша ақша түсті, соны жерге қайтарып беру - біздің азатматтық парызымыз» деген депутат Ралым Байназаровтың ұсынысы көпшілік дауыспен қолдау тапты. Бұған әрине, үкімет өкілдері өз қарсылықтарын білдірді.

Жармахан Тұяқбайдың төрағалық етуімен өткен жалпы отырыста осы мәселе бойынша баяндаған Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовке депутаттардың сауалдарына да шыдамдылықпен жауап беруіне тура келді. Содан бері жерді жеке меншікке беруді қалайтындар мен қаламайтындардың айтысы жүріп жатыр.

Үкімет үстанып отырған бағыт - жерді де нарық айналымына енгізу. Жер иесін табуы тиіс. Жердің азып-тозуына жол бермеу.

Жер учаскелерін жеке меншікке сатуынан түсетін қаражатты жердің қүнарлығын сақтау және ауыл шаруашылығы өндірісшілерін қолдау жөніндегі арнайы қорға аудару жөнінде сөз болды.

Депутаттар заң жобасымен Сенатта жұмыс аяқталғаннан соң екі палата депутаттарынан келісім комиссиясын құрып, осындай жағдайда Жер кодексіндегі даулы мәселелер бойынша нақты шешім қабылдауды ұсынды. Бірқатар депутаттар Жер кодексінің жобасына байланысты бүкіл халықтық референдум өткізу туралы да ойларын айтты.

Бұдан соң депутаттар алдында сөз сөйлеген Үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетов, жалпы ұлттық мәселелерде осындай пікір-таластардың туатындығы қоғамның әр кезеңінде болып тұрғандығына тоқталды. Өте қиын жағдайларда, мысалы, Астананы көшіру туралы, ұлттық валютаны енгізу туралы, өндірістік өнеркәсіптерді жекешелендіру механизмдері туралы, зейнетақы реформасын жүзеге асыруды бастау туралы шешімдер қабылданғандығы айтылды.

Дүйсенбі, 19-шы мамыр күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өз жүмысын жалғастырды. Үкіметке сенім білдірмеу мәселесі жабық дауыс беру арқылы өтті. Нәтижесінде Парламент Үкіметке сенім білдірген дауыс берді. Бұл Жер кодексі жобасының Үкіметтік нұсқасы Президенттің қол қоюына өтетіндігін білдіреді.

Атап айтар жайт, Парламент пен үкімет арасында болып отырған бүл үшінші тартыс.

Жер кодексі дегеніміз, ең алдымен, ауыл шаруашылығына арналған жерлерге жеке меншік енгізу болып табылады. Оның басты мақсаты -ауыл шаруашылығы саласын тартымды ету болмақ. Екіншіден, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру барысында кепілге қоятын мүліктің жоқтығына, несие алу үшін біз жерді меншікке беру арқылы қосымша кепілдік базасын құрып отырмыз. Ең негізгі аспектілер осылар.

Таза психологиялық тұрғыдан алатын болсақ, адам өзінің жеке меншік жерінде жұмыс істейтін болса, оған деген көзқарас та, қарым-қатынас та басқаша болады. Жерді жалға алғандағыдан гөрі оған ерекше жанашырлықпен қарайды. Ресейдің белгілі реформаторы Столыпиннің «Жалға алған жер ерте ме, кеш пен нашарлайды, оны азып-тозудан жерге жеке меншік қана құтқарады» деген сөзі бар. Шынында да солай, жердің құнарлығы, оның өнімділігі оған меншіктік көзқарас арқылы айқындалады.

Нарықтық қатынастар барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, біз қаласақ та, қаламасақ та, өндіріс құралы болып табылады. Егер де өндіріс құралы нарық айналымына түспесе, онда шын мәнісінде нарықтық тетіктерді толыққанды іс жүзінде пайдаланбағанымыз болып табылады.

Біз жерді оның нағыз қожасы жұмыс істеуі керек дегенді жиі айтамыз. Жерде тиімді жұмыс істей алмады ма, ол келесі бір, одан гөрі икемді, жердің қыр-сырын білетін, одан пайда табатын адамға көшуі керек. Нарықтың қатаң да болса, әділетті заңы сол. Жер нарық айналымына еніп, елдің игілігіне қызмет етуі тиіс. Яғни, жерден мол өнім алатын, жоғары еңбек өндірісіне қол жеткізетін, бәсекелестік тудыратын нағыз жер иесі еңбек етуі тиіс. Қаншалықты ол үлкен табысқа қол жеткізеді, соншалықты мемлекетке де тиімді. Мемлекеттің байлығы мол болса, халықтың да әл-ауқаты артады деген сөз. Өйткені өнім өндірудің өсуі арқылы одан төленетін салық мөлшері де артады. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталмақ. Жер кодексінің тағы бір артықшылығы сол.

Дүние жүзінің барлық жерінде ауыл шаруашылығының экономикалық тартымдылығы үрдісінің төмендігін байқауға болады. Көбінесе, ауыл шаруашылығы субсидия арқылы күнкөріс жасайды. Үкіметтің Жер кодексін қабылдағандағы мақсаты да ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырудан туындап отыр. Оған мемлекет тарапынан алдағы күнде де субсидия бөлуге, жеңілдік түрінде несие беруіне де тура келеді. Жалпы қабылданған азық-түлік бағдарламасы да осындай ауыл шаруашылығындағы келелі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Бүл бағдарламадан ештеңені үзіп-жұлып қарастыруға болмайды. Жерді меншікке беру мәселесін де осымен бірге қарастырған жөн.

Жерді жеке меншікке беру арқылы еңбек өнімділігі артпайды дейтіндердікі де дүрыс. Өйткені, еңбек өнімділігі қандай технологияны пайдаланғанына, тұқымның сапасына байланысты. Әрине, осылардың бәрін алу қаржыға келіп тіреледі. Қысқасы, өндірісті қаржысыз көтеру әсте мүмкін емес. Оның үстіне, әсіресе, ауыл шаруашылығы мейлінше мол қаржыны талап етеді. Осы түрғыдан алғанда жерді меншікке беру арқылы ауыл шаруашылығына деген тартымдылықты арттырып, кепілге мүлік қою мәселесін шешіп отырмыз.

Жер кодексінің толыққанды жүмыс істеуі үшін Үкімет әлі он шақты актілер қабылдауы тиіс. Онда жерді сату, оның бағасы, жалға беру мәселесі - бәрі-бәрі нақты көрініс табуы тиіс. Кейбіреулердің жерді сатып алмасаң, алып қояды деген түсінігі мүлдем қате. Жерді бірден сатып ала алмайтын болса, оны жалға ала тұрып, біртіндеп сатып алу жағы да заңда қарастырылған. Жердің бағасын белгілеген кезде халықтың сатып алу мүмкіндігін де ойластырған жөн.

Жерді сатуға заң жол бергеннен кейін жаппай жер сатып алу басталады деп айту да қиын. Оның үстіне қаржы салатындар одан пайда табуды көздейді. Ал ауыл шаруашылығы қыруар пайда әкеледі дейтін сала емес. Сол себебті, ауылшаруашылық жерлерінің бәрі жаппай сатылып кетеді деп қауіптену де бекер. Ең бастысы, жерді меншікке беру барысында атқарылатын істердің бәрі айқын жүргізілуі тиіс.

Үкімет жерді меншікке беру арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға ұмтылыс жасап отыр. Оның ең өзектісі ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді нарықтық айналымға енгізу арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу болмақ. Мәселен, кеңестік кезеңде Қазақстан 30 миллионнан астам гектар алқапқа егін себетін. Бүгінде егістік көлемі 14 миллион гектарды шиырлайды. Яғни, екі есе аз деген сөз. Енді жерге жеке меншік институтын енгізу негізінде бос жатқан тиімді жерлерді пайдалану арқылы өнім өндіру көлемі арта түспек. Сапалы өнім үшін бәсекелестік белең алды. Ол өз кезегінде жаңа технологияны енгізуге, көптеген жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан халқын толғандырып отырған мәселенін бірі — ол жерге жеке меншік институтын қалыптастыру жағдайы. Республика Президентінің сәуір айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылды түлету мен ауыл шаруашылығын өркендету бағытында көтерген мәселелері қалың жұртшылық көкейінен шығып, қоғамда серпіліс туғызғаны анық. Республикадағы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде "жерді жеке меншікке беру керек пе әлде жоқ па?" деген мәселе төнірегінде пікірталастар көп жариялануда. Бұл мәселенің бір жағы.

Мәселенің екінші жағы: жерге жеке меншік енгізу жолдарын анықтау; жеке меншікке берілетін жер үлесі қандай болмақ; жеке меншікке берілетін жер құнын қалай анықтаймыз және сатып алушылар оның қанша пайызын өтеу ке­рек, т.б. с.с. толып жатқан мәселелер. Біз мәселенің осы екінші жағын қарастырмақпыз.

Аталмыш мақала республикада өткізілген эксперттік, зерттеу қорытындыларын сараптау негізінде дайындалды. Іріктеу жиынтығын есептеу екі сатылы үлес үлгісінде жасалды. Пікіртерім республиканың барлық облыстары және Алматы, Астана қалаларында өткізіліп, барлығы 500 сарапшы пікірлері зерттелді.

Зерттеу мақсаты — жерді жеке меншікке беру тетіктері мен мерзімдері туралы және ауыл шаруашылыгы жерлерінің құнын анықтау жөніндегі сарапшылардың субъективтік пікірлерін айқындау, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы ұсыныстарын сараптау.

Ауылды өркендетудің басты факторы агроөнеркөсіп кешенін тұрлаулы әрі серпінді дамытудын негізі — жер қатынастары реформасын байыбына жеткізуге тіреліп отыр. Бүгінгі таңда халық назарына ұсынылған Жер кодексінін жобасында жерге жеке меншік енгізумен қатар, бұрын пайдаланып келген жерді жалға беру институты да сақталып қалмақ.

Сарапшылардың ауылшаруашылық жерлерінің қанша пайызын жеке меншікке беру қажет деген сұраққа жауаптары бірнеше бағыттарға белінген (1-диаграмманы қараңыздар).



50% дейін беру

25 % дейін беру

Барлық жер бөліктерін беру

70% дейін беру

Құнарлығы төмен жер телімдерді беру

Неғұрлым құнарлы жер телімдерін беру

Басқа


26,5

25,5
10,8

10,5
9,4
7,2

9,4



1. 1 - сурет. Жерді жеке меншікке беру мөлшері (%)

Елімізде әлемдік оң тәжірибеге сүйене отырып, жерге жеке меншік енгізу түрлерін талқылау әзірше теориялық негізде жүріп жатыр. Ал жергілікті жерлердін өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жерге жеке меншік институ­тын қалыптастырудың қазақстандық жаңа нұсқасын әзірлеп, енгізуге қаншалықты уакыт керек екендігін анықтау социологиялық зерттеудің түйінді сәттерінің бірі. Пікіртерімте қатысатындардың бестен бір бөлігіне жуығы бұл сауалға таяу арада, яғни осы жыл ішінде енгізу керек деп жауап берсе, үштен бір бөлігі бір-екі жылдан соң мүмкін деп белгіліген. 18,3 %-ы елі де болса 3-4 жыл қажет деп есептесе, 10,2%-ы 5-6 жыл мұғдарында мүмкін деген пікірге келген.

Ал сарапшылардың 13,5%-ы жеке меншікті енгізуге мүлдем қарсы. Реформатарды қолдамайтындардың басым көшілігі Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары. Оның себсбін бұл аймақтардағы жер және су жағдайларымен түсіндіруге болады.

Ақтөбе облысында су тапшылығы бұрыннан байқалады. Сумен қамтамасыз ету Ембі және Орал өзендерінен жүзеге асырылады. Суару мүмкіндіктерінің аздығынан егін алқаптары мен жайылымдар қысқарып, топырақ эрозиясының ұлғаюы орын алып отыр.

Атырау облысы республика аймақтары арасында жерлерінің шөлге айналу көрсеткіштерінің жоғарылығымен көзге түседі. Аталған факторлар бүл аймақтарда ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуде елеулі қиындықтар барлығын және оны жүргізу үшін қосымша қаржы қажет екендігін айқындайды. Сондықтан да бұл аймақтарда жекелеген топтар жерге жеке меншікті енгізу тиімсіз деп санайды және бұрынғыша мемлекет тарапынан көмек күтеді. Ал жері құнарлы аймақтардың тұрғындары тезірек жеке меншік иесі болып, тікелей пайда табуға мүдделі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жобасында жерді иелену түрлері — ұзақ мерзімді (49 жыл) жалға беру немесе жеке меншікке бірден сатып алу және де жер құнын бірнеше жылда бірте-бірте сатып алу деп көрсетілген.

Жерді жеке меншікке беру жолдарын қарастырғанда сарапшылардың үштен бір бөлігі жерді тегін беру керек деген пікір, білдірген, 32,5% — жекелеген бөлігін біртіндеп сату, 6,6% — жекелеген бөлігін бірден сату, 18,7% — белгіленген мөлшер де толығымен бірден сату жолдарын қолдаса, 5%—толығымен біртіндеп сату қажет деп есептейді. Жерді тегін беру жолы Жамбыл (54,5%), Қостанай (45,5%), Қызылорда (36,7%), Атырау (35,7%) облыстарының сарапшылары арасында қолдау тапқан. Сарапшылардың Маңғыстау об­лысында жартысынан астамы, Қызылорда облысында 36,7%, Шығыс Қазақстан облысында 35,5% және Алматы қаласында 47,7% жекелеген бөлігін біртіндеп сатуды дұрыс деп санайды. Ақмола облысы тұрғындарының бір бөлігі жекелеген бөлігін біртіндеп сату жолын ұсынған. Толығымен біртіндеп сату қажеттілігін Шығыс Қазақстан (38,7%), Солтүстік Қазақстан (34,4%), сондай-ақ Аты­рау (25,0%) облыстарының сарапшылары көрсетсе, Онтүстік Қазақстан (15,65 %), Алма­ты (11,8%) облысы мен Алматы қаласынан (10,5%) сауалнамаға жауап бергендер бірмезгілде толығымен сату керек деп есептейді. Қорыта айтқанда, сарапшылардың басым көпшілігі жердің тегін берілмейтіндігімен келіседі. Мәселе қай бөлігін сату мен сатып алушының қанша уақытта жер құнын қайтарып беруінде жатыр.

Сауалнамаға жауап бергенлердін жер құнын өтеу үлесі туралы пікірлерін сараптау барысында байқалғаны: сарапшылардың үштен бір бөлігі жердің белгіленген құнының 10%-дан кем емес бөлігі өтелуі қажет деп санайды. 23,7%-ы жер құнының төрттен бір бөлігі, 23,3%-ы жартысынан кем емес бөлігі, 11,2%-ы жердің 75%-ның құны қайтарылуы дұрыс деген ойға саяды.

Бұл мәселені сарапшылардың кәсіби кызметтеріне сәйкес қарастырсақ, жердің 10%-дан кем емес құнын қайтаруды шаруалар мен фермерлер ассоциациясы өкілдерінің басым көпшілігі (46,5%), шаруа қожалығының басқарушылары (38,9%), аудандық әкімшілік қызметкерлері (38,1%), Мәслихат депутаттары (33,3%) қолдайды.

Орталық атқару органдары қызметкерлері және жоғары оқу орындары мен ғылым саласы өкілдерінің үштең бір белігі жер құнының 25%-ы қайтарылуы қажет деп санаса, Парламент депутаттары (46,7%), мемлекеттік БАК басшылары (37,1%) жер бағасының жартысынан кем емес бөлігі қайтарылғаны дұрыс деген ұсынысты қуаттайды. Ал шаруа қожалықтарының бес пайызы ғана жердің 75% құнын телеу керек деген ұйғарымға келген.

Жер құнын өтеу мерзімін белгілеу мәселесін қарастырғанда сарапшылардың басым көпшілігінін пікірі (57,8%) Жер кодексі жоба­сында көрсетілген мерзімге сай келеді. Яғни, пікіртерімге қатысқандардың ұсыныстары 10 жылға дейінгі бөлінген мерзімді қуаттайды.

Жердің белгіленген құнын 1 жыл ішінде қай­таруды Алматы облысының тұрғындары (20,6%) қолдаса, 5 жылға өтеуді Ақмола (48,5%), Шығыс Қазақстан (38.7%) облыстарының және Астана қаласының (31,6%) тұрғындары қуаттайды. Оңтүстік Қазақстан (50,0%), Павлодар (42.4%). Кызылорада (36,7%). Қостанай (36,4%) облыстары мен Астана қаласының (36,8%) сарапшылары ол үшін он жылға дейінгі мерзім қажет деп санайды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысы сарапшыларынын 62,5%-ы, Ақтөбе, Атырау, Маңгыстау, Жамбыл облыстарынвң жартысына жуығы он жылдан да астам мерзімді қалаған.

Жермен тікелей айналысатын сарапшылар тобы, яғни шаруа қожалықтарынын басқарушылары (әрқайсысына 22,2%), фермерлер мен шаруалар бірлестігінің өкілдері (әрқайсысына 32,6%) негізінен – 10 және 10-20 жыл кезендерін белгілеген. Бұл топ өкілдерінің ұзақ мерзім сұрау себебін қолда бар қаражаттын барлығын жерге салып алып, өтей алмай қаламын ба? деген қауіптен туындап отырғанымен түсіндіруге болады.

Жердің қожайыны кім болу керек? Ауыл шаруашылығы жерлері кімге сатылуы қажет? Осы сұрақ төңірегіңде бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, әртүрлі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, фермерлер мен шаруалар ойларымен бөлісіп, пікір таластыруда.

Аграрлық партия өкілдері жерді жалгерлерге тегін беру қажет, азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдік азаматтарға жер сатылмасын деген тақырыпта сөз қозғаса, "Ақ жол" партиясының қос төрағасы Ә. Бәйменов пен О. Жандосов мүмкіндігінше жерде жұмыс істейтіндерге беру керек деген пікір білдіреді. Енді бір пікірлер жерді оны өңдеп, жаңа технологиялар дәрежесінде күте алатын тұлғаларға немесе ауыл адамдарына беру мағынасына саяды.

Сарапшылардын бұл мәселе бойынша пікірлері 1-кестеге сәйкес бөлінеді:

Ең жоғарғы көрсеткіш ауыл тұрғындарына (34,9%) беру. Одан кейінгі орында жер алуды қалаған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына (28,1%) сату болса, 22,7% -уақытша жер пайдалану құқы бар азаматтарға сату.

Жер беру мәселссін аймақтар тарапынан қарастырсақ. Шығыс Қазақстан және Костанай облыстары сарапшыларының жартысынан ас­тамы қазіргі жалгерлерге беруді дұрыс деп са­наса, Батыс Қазақстан (61,3%), Оңтүстік Қазақстан (56,3%), Қызылорда (53,3%). Солтүстік Қазақстан (50,0%) және Павлодар (45,5%) об­лыстары тұрғындарының басым көпшілігі ауыл тұрғындарына беру қажеттілігін ескерген. Жам­был (51,5%), Атырау (46,4%) және Алматы (42,1%) қаласының сарапшылары жерді сатып алғысы келген республиканың барлық азаматтарына берілгені дұрыс деп саналды.

Әлемдік тәжірибеде жер пайдаланудың бірнеше үлгілері қалыптасқан. Оларлы 4 түрге іріктеуге болады. Бірінші үлгіде — жер азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігінде болады. Екінші үлгі негізінде де жер жеке меншігі болады, бірақ жерден түскен түсім (рен­та) қоғам игілігіне, яғни жергілікті аймақтарды каржыландыруға жүмсалады. Үшінші үлгіде — жер мемлекет меншігінде, бірак жер пайдалану құкын сатуға, жерді мұраға калдыру құқымен жалға беругс рұксат етіледі. Төртінші үлгіде - жер тек мемлекет меншігінде болады. Жер рентасы толығымен мемлекетке түседі. Жерді сатуға, жалға беруге, сыйлауға және мұраға қалдыруға тыйым салынады.

Қазақстанда жер реформасы басталған кезеңнен бастап негізге үшінші үлгі алынған болатын. Жерге жеке меншік енгізілген жағдайда жердің өзі сатып алу-сату объектісіне айналады.

Пікіртерім барысында сарапшылардың жерді "неғұрлым |В| 22,7 сүраныс жоғары болса, бағасы да жоғары" принципімен аукционнан сату мәселесіне көзқарасы анықталды. Сауалнамаға жауап берушілердің басым көпшілігі жерді аукционнан сату мәселесінің дұрыс еместігін (67,6%) атап көрсеткен. Алайда үштен бір бөлігі өзінің оң көзқарасын білдірген. Аук­ционнан сату идеясын орталық атқару органдарының (66,7%), облыстық мемлекеттік басқару органдарының (42,2%), мемлекеттік емес БАҚ-тың басшылары (40,5%) қолдаған.

Аудандық әкімшілік қызметкерлері (83,4%), шаруа қожалықтарының басшылары (77,8%), фермерлер мен шаруалар бірлестігінін өкілдері (74,0%), Парламент және Мәслихат депутатта­ры (73,3%), мемлекеттік БАК-тың басшылары, ауылдық округ әкімдері (62,8%) бұл пікірге қарслық білдірген.

Сарапшылардың жерді аукционнан сату иде­ясын қолдамауы фермерлер мен шаруалар меншігінен кездейсоқ қалталы адамдар немесе саудагерлер үлесіне кетіп қалу мүмкіндігінен қауіптенетіндігін байқатады.

Оның қалыптасқан жағдайы ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен республика халқының негізгі азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз етілгіне тікелей әсер етеді.

Ауыл шаруашылығын бүгінгі тығырықтан қалай алып шығамыз, ол үшін қандай шаралар қолдану қажет деген сауалға сарапшылар жеке меншік енгізілген жағдайла ең бірінші кезекте жанар-жағар май өнімдерін арзандату (56,0%) қажет деп жауап берген. Бұл шараның маңыздылығын шаруа қожалытары басшыларының 72,2%, ауылдық округтер әкімдерінің 62,8%, Парламент депутаттарының 60,0% және фермерлер мен шаруалар бірлестіктері өкілдерінің 58,1%-ы атап көрсеткен.

Екінші орында - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге ұзақ мерзімді несие (43,2%) бөлу мәселесі. Орталық атқару органдарының өкілдері (66,7%), фермерлер мен шаруа­лар (58,1%) бұл мәселені маңыздылығы жағынан бірінші орынға қойса, облыстық басқару органдарының өкілдері (60,0%), шаруа қожалықтарының басшылары (45,8%) екінші орынға қойған.

Үшінші орында — ауыл шаруашылығы саласындағы салықты жетілдіру (43,8%) шарасы. Са­лықты жеңілдетуді маңызды шара ретінде республиканың батыс аймақтары белгілеген. Ал тікелей ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үшін бұл шара аса маңызды болып саналады. Шаруа қожалықтарының басшылары үшін маңызды шаралар бестігінің ішінде ол сонғы орынды иеленсе, фермерлер мен шаруалар бірлестігінің өкілдерінде ол "сумен қамтамасыз ету'" шарасымен қатар төртінші орынды иеленеді,

Төртінші орында — өнделмейтін немесе өз мақсатына жұмсалмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып алудың құқықтық нормаларын (38,4%) белгілеу шара­сы. Әсіресе, бұл шара шенеуніктер үшін өте маңызды болып отыр. Ауылды түлетудің басты факторы ретіңде бүл шараны облыстық (62,2%), орталық мемлекеттік органдар өкілдері (58,3%),

Парламент депуттатары (53,3%) және аудандық округ әкімдері (46,5%) көрсеткен.

Бесінші орынды қымбат емес шағын ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету шарасы иеленеді. Алматы (55,9%), Манғыстау (50,6%), Ақтөбе (48,4%) және Қарағанды (46.9%) облыстарының сарапашлары бұл мәселенің өзекгілігін атап өткен.

Кәсіптік тұрғыдан қарағанда, техникамен қамтама­сыз ету мәселеснің ауьп шаруашылыгы өнімдерін өндірушілер үшін аса қажеттілігі рас. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Статис­тика агентгігінің 146 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен 15 шаруа қожалықтары арасында өткізілген зерттеулер кәсіпкерлік қкызметті және белсенділікті шектеуші фактордың бірі ретінде материалдық – техникалық базаның тозуын көрсеткен. Өздерінің материалдық-техникалық жағдайларын өте төменгі дәрежеде деп бағалай отырып, зерттеуге қатысушылар ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеушілігін атап өткен.

Сауалнамада ұсынылған басқа шаралардың қажеттігін сараптайтын болсақ, олардың білгілі бір аймақтарда ғана маңызды болып келетіндігін байқауға болады.

Атап айтқанда: оңтүстік аймақтар үшін сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу, шекара аймақтарындағы облыстар үшін сырттан ауыл ша­руашылығы өнімдерін енгізуге тыйым салу, Алматы қаласындағыларға ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды арзандату, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы ауыл шаруашьшығы жерлерін тиімді пайдалануды қадағалауды күшейту.

Бұл аталған шаралардың басым көпшілігі 2003-2005 жылдарға арналған еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың үш жылдық бағдарламасына енгізілген.

Социологиаяық зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтын қалыптастыру мәселесіне сарапшылардың негізінен оң көзқараспен қарайтындығын көрсетеді. Жерді жеке меншікке беру идеясын қолдай отыра, сарапшылар оны енгізудің сан тарап жолдары мен түрлерін ұсынады. Олардың пікірлерінің әртүрлілігі бүкіл Қазақстан халқының тағдырына қатысты болып отырған бұл мәселенің өткірлігін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет