1 Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі


Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау



бет3/4
Дата29.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#30334
1   2   3   4

2 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау

және зияндарды өтеу

2.1 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын

қорғау.

Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғау және зиандарды өтеу ҚР Жер кодексінің 20-тарауында жер туралы заннаманың орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде қарастырылған.

Алайда, жер туралы заңнаманың міндеттерінің қатарында тек жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау ғана емес, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың жерге қатысты басқа да құқықтарын қорғау көзделген. Тараудың аты меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғауды көздейді, ал 164-бап мемлекеттік меншікті қорғауды қарастырмаған, бұл ҚР Конституциясының нормаларына қайшы келеді. Себебі, ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағында мемлекеттік және жеке меншік танылып, бірдей қорғалатындығы аталған.

Сонымен катар, ҚР Жер кодексінің аталған -бабы меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын азаматтық заңдардың нормаларымен қорғалатындығын көздейді, бұл да ҚР Азаматтық кодексінің 1-бабының нормаларына кайшы келеді.

ҚР Азаматтық кодексі табиғи ресурстарды, соның ішінде жер ресурстарын пайдалану мәселелерін реттемейді, оларды құқықтың жекелеген салаларының — жер және экологиялық құқықтардың құқықтық реттеу пәні деп санайды. Егер аталған қатынастар жоғарыда аталған құқық салаларымен реттелмеген жағдайда ғана, олар азаматтық заңдардың нормаларымен реттелуі мүмкін. Бұл жердің ерекше касиетімен байланысты, себебі бұл табиғи ресурсты адам колынан жасалған заттармен теңестіруге болмайды. Жер пайдалану кезінде тозады деген түсінік дұрыс емес, керісінше егер оны ұлымды пайдаланса жердің жағдай жақсара түседі.

Сонымен қатар, жер туралы заңнаманың нормалары мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлердің әрі жеке және занды тұлғалардың жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерінің құқықтық жағдайын қарастырады, объектілер мен субъектілерді, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектерін, оларды қорғаудың кепілдіктерін және басқа да мәселелерді анықтайды. Бұлардын барлығы ҚР Жер кодексінің нормаларынан келесі тәртіпте көрініс тапқан:

1) 3, 20. 26-баптар жерге мемлекеттік меншік құқығын әртүрлі аспектіде қарастырады;

2) 12-баптың 22-тармағында меншік құқығының объектілері көзделген;

3) 12-баптың 31-тармағы жерге билік етуді мемлекеттің жердің заңды тағдырын тануының қамтамасыз етілген мүмкіндігі ретінде қарастырады;

4) 20-баптың 1-тармағы Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылатынын және бірдей қорғалатынын көздейді;

5) 20-баптың 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып Қазақстан Республикасы табылады;

6) 21-баптың 1-тармағына сәйкес, меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар;

7) 21-баптың 2-тармағына сәйкес, жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады;

8) 21-баптың 3-тармағына сәйкес, жер учаскесінің меншік иесі ҚР Жер кодексінде және өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде, шарттар мен шектерде меншік иесі құқығын жүзеге асыра алады;

9) 27-бапта мемлекеттік меншікті жүзеге асырудың нысандары қарастырылған;

10) 25-бапта жер учаскелеріне жеке меншік құқығын жүзеге асырудың нысандары қарастырылған; 30-бап жер пайдаланушылар қатарынан мемлекеттік жер пайдаланушыларды да көздейді;

11) 50-бапқа сәйкес жер учаскелерді берудің мөлшері заңмен белгіленген тәртіпте анықталады.

12) 8-бапта аймақтарға бөлу — жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау қарастырылған;

13) 2-бапқа сәйкес жерлерді санаттарға жатқызуды, бір санаттан басқа санатқа ауыстыруды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

14) жер үшін төленетін төлемді мемлекет орнықтырады (9-бап);

15) жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және оның жергілікті жердегі органдарының және жергілікті өкілді және атқарушы органдардын құзыретіне жатады;

16) жер учаскесі меншік құқығынын, жер пайдалану құқығынын және жерге басқа да құқықтардың объектісі ретінде 20-66-баптарда, сервитут 67-75-баптарда, жер учаскесін кепілге салу 76-80-баптардан шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелер 101, 170-баптарда, меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және жерге қатысты өзге де құқықтардың тоқтатылуы 81 -96-баптарда, жер санаттарының құқықтық режимі 97-138-баптарда қарастырылған;

17) жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 64 және 66-баптардын нормаларымен реттелген;

18) 6-баптың 5-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың зандарды белгіленген құқықтарын мемлекеттік басқару органдарының және жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың актілерімен шектеуге болмайды. Мұндай актілердің заңды күші болмайды және олар орындалуға жатпайды;

ҚР Жер кодексінін жерге мемлекеттің меншік құқығын, жеке және заңды тұлғалардың жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғауды қамтамасыз ететін басқа да нормалары, соның ішінде тыйым салу нормалары бар.

Жер туралы заңнаманың аталған нормаларының барлығы құқық субъектілерінің меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінде субъектілердің жер учаскесіне қатысты құқықтарын қорғау мәселесін сот тәртібінде қарауға қатысты 17 сілтеме бар, олардың ішінде 167-бап жер құқығы қатынастарынан туындайтын жер дауларының сот тәртібімен қаралатынын көздейді.

ҚР Жер кодексінін 168-бабы жер зандарын бұзғаны үшін жауаптылықты қарастырады.

Егер жеке және заңды тұлғалардын жер учаскесіне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығы азаматтық құқық нормаларымен реттелсе, онда азаматтық құқық нормаларына қайшы келетін жерлерді нысаналы пайдалану туралы, жер корын басқару туралы, табысталатын жер учаскесінің мөлшерін нормалау және басқа да нормалар бойынша азаматтық заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу қажеттігі туындайды. Ал бұл, өз кезегінде, тек жер заңдарының міндеттеріне емес, сонымен қатар ҚР Жер кодексінің 4-бабында көзделген жер заңдарының қағидаларына және ҚР Азаматтық кодексінің 1-бабының нормаларына қайшы келетін еді.

Жеке және занды тұлғалардың жерге, жер учаскесіне және жер пайдалануға мемлекеттік және жеке меншік құқығын қорғауда азаматтық еңбек. әкімшілік, кылмыстық құқық нормалары қолданылуы мүмкін. Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 164-бабында көзделгендей, меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы жер туралы және басқа да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалуы дұрыс және Құқыққа сәйкес болып табылады. Жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі азаматтар мен занды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. Өткен тарауда атап кеткендей, жер заңнамасының басқа құқықсалаларының нормаларына өтпелі осындай нормалары Қазақстан Республикасы заңнамасынын біртұтас жүйесін көрсетеді. Сондықтан ҚР Жер кодексі 164-бабынын логикалық жалғасы ретінде ҚР Салық кодексінің 168-бабының нормаларын атауға болады «Жер заңдарын бұзған үшін жауаптылық».

Жоғарыда айтылғанның негізінде ҚР Жер кодексінің атауын келесідей мазмұнда: «Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау» өзгертуді қажет деп есептейміз.

Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы осы Кодекспен және Қазақстан Республикасыньщ баска да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады.

Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын корғау тек ҚР Жер кодексінің 20-тарауымен шектелмейді, ол сонымен катар, ҚР Салық кодексінің басқа да бөлімдері, тараулары және баптарының нормаларымен жүзеге асырылады, яғни ҚР Жер кодексінің жалпы нормаларымен. Бұл нормаларды мынадай түрлерге немесе топтарға бөлуге болады:

1) ескертетін;

2) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушыларды міндеттеуші;

3) жерді қорғау құқығын жүзеге асыруда артықшылық құқық беруші;

4) басқа да нормалар.

Ескерту шарасы ретінде ҚР Жер кодексінің 65-бабының 8-тармағында көзделген нормаларды атаса болады. Бұл нормалар жер учаскесінің меншік иелері.мен жер пайдаланушыларды басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға, топырақтың ластануын, қоқыстануын, тозуын және оның құнарлығының нашарлануына әкеп соғатын әрекеттер жасамауға міндеттейді.

Егер ҚР Жер кодексіне сәйкес мемлекеттік жер меншігіндегі жер учаскелері жеке меншікте бола алатын жағдайда, оларды азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне беруден бас тартуға жол берілмейді (ҚР ЖК 26-бабының 5-тармағы).

ҚР Жер кодексінде және Қазақстан республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген негіздерден басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды (ҚР ЖК 29-бабының 2-тармағы).

Егер атқару органның жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге және жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган жер учаскесіне құқықты куәландырытын құжаттарды бергенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді (ҚР ЖК 43-бабының 11-тармағы).

Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұксатынсыз кіруге болмайтын өзге да әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске аркылы кез келген адам өте алады. (ҚР ЖК 68-бабының 2-тармағы).

Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы қатысушылардың жер үлестерінің мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, егер оның барлық қатысушыларының келісімімен белгіленбесе, жер үлестері тең болып есептеледі (ҚР ЖК 56-бабының 1-тармағы). Осындай құқық қорғаушы сипаттағы нормалар ҚР Жер кодексінің 57,58,59-баптарында көзделген. Мұндай сипаттағы нормалар аталған Кодексте көп кездеседі.

ҚР Жер кодексінің 67-бабында меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және занды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруді көздейді.

Егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруі арқылы сот тәртібімен дауласа алады (ҚР ЖК 67-бабының 3-тармағы).

Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады (ҚР ЖК 67-бабының 4-тармағы).

Жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті (ҚР ЖК 151-бабы 4-тармағының 1-тармақшасы).

ҚР Жер кодексінің 170-бабына сәйкес, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелері уақытша жер пайдалану құқығымен табысталған Қазақстан республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес занды тұлғаларының ҚР Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға құқығы бар. Өздеріне жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерін шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар 2005 жылдың 1 -каңтарына дейін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалдау) туралы шарттарын бұзуға міндетті.

Бұл ретте, аталған шаруа (фермер) қожалығын немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жургізу жөніндегі қызметпен дербес айналысуына не жер пайдалану құқығын салым немесе жарна ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық қорына беруге құқығы бар. Жалға берушілердің аталған құқықтары іске асырылмай қалған жағдайда, кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шарттарды бұзу және жер пайдаланушылар (жалға берушілер) құқықтарының тоқтатылуы жер ресурстарыи басқару жөніндегі аумақтық органдардың талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады, ал кейінгі жер пайдалануға берілген жер учаскелері алып қойылады және ауданның арнайы жер қорына енгізіледі (ҚР ЖК 170-бабының 2-тармағы). Аталған бапта мәжбүрлеу шараларымен катар, кейінгі жер пайдаланудағы жер пайдаланушылардың міндеттеуші нормалары көрініс табады.

Мемлекеттік қажеттіктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның біржақты шешімі негізінде жүргізіледі. Шағым жасау алып қою туралы шешімді орындауды тоқтата тұрады (ҚР ЖК 89-бабы).

Міндеттеуші нормаларға ҚР Жер кодексінін 65 және 66-баптарының нормаларынан басқа баптардың нормалары да жатады, мысалы, Қазақстан Республикасының жер зандарын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы істер бойынша. жер учаскелерін алып қою және беруге байланысты заңсыз шешімдерді жою мәселелері бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сот органдарына жүгінуге құқылы (ҚР ЖК 148-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы).

Сонымен қатар, міндеттеуші норма болып ҚР Жер кодексінін 170-бабынын 8-тармағы да табылады, оған сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзетілетін аймағына іргелес жатқан (3 шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, олар делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейін, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі. Сонымен, заңда көрсетілгендей, аталған аймақтарда мұндай жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке және заңды тұлғаларға жеке меншікке берілмейді.

Меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғау бойынша міндеттеуші нормалар кондоминиум және сервитут туралы нормалардың мазмұнында да көрініс табады.

Жер учаскесін қорғау бойынша табысталған құқықтар ҚР Жер кодексінің келесі нормаларында жүзеге асырылады:

1) жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (шешімдеріне) және әрекеттің жасалуына (шешімдердің қабылдануына) негіз болған ақпаратқа жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотка шағым беріледі (ҚР ЖК 148-бабының 3-тармағы).

Ортақ меншіктегі (ортақ жер пайдаланудағы) жер учаскесін пайдалану тәртібі ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылар арасындағы шартпен белгіленеді. Олардың арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, пайдалану тәртібін сот айқындайды. Жер учаскесін пайдалану тәртібі туралы қатысушылардың келісімі немесе соттың шешімі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс (ҚР ЖК 53-бабының 6-тармағы).

Құрылыс объектісін орналастыруға тандалған аумақта, бұзылуға немесе көшірілуге тиісті (соның ішінде жерді бөліп беру кезінде өнеркәсіп орындарының санитарлык-қорғау аймағына кіретін) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда, тапсырыс беруші шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлікке меншік иелерінің әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады (ҚР ЖК 44-бабының 6-тармағы).

Кепілге берушінің өтініші бойынша сот дәлелді себептер болған кезде (дүлей апат және өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кепілге салынған жағдайда, кепілге салынған жер учаскесінен (жер пайдалану құқығынан) өндіріп алу туралы шешімде оның сатылуын бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға құқылы (ҚР ЖК 83-бабы).

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешім қабылдаған орган жер учаскесінің меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға бұл жөнінде учаскені сатып алудан кемінде бір жыл бұрын жазбаша хабарлауға тиіс (ҚР ЖК 85-бабының 2-тармағы).

Егер жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесінің бөлігі алып қойылғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады (ҚР ЖК 86-бабы).

Сервитут құқық иесінің тиісінше пайдаланбауына, сондай-ақ ол белгіленген негіздердің болмауына байланысты жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының талап етуі бойынша сот тәртібімен тоқтатылуы мүмкін (ҚР ЖК 74-бабының 4-тармағы).

ҚР Жер кодексінің 56-бабына сәйкес, ортақ үлестік меншікке (ортақ үлестік жер пайдалануға) барлық қатысушылардың келісімімен олардың әрқайсысының ортақ жер учаскесін сатып алуға және игеруге қосқан салымына қарай олардың мүддесіне және жер үлестерің қорғау үшін жер үлестерін айқындау мен өзгерту тәртібі белгіленуі мүмкін.

Жалға берілетін жер учаскесін үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың меншік иелері сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін сату кезінде осы жер учаскесін жалға алушының ортақ меншік құқығындағы үлесін бөгде тұлғаға сатуы үшін Қазақстан Республикасының азаматтык заңдарында белгіленген тәртіппен оны сатып алуға басым құқығы болады (ҚР ЖК 37-бабының 4-тармағы).

4. Меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғауға бағытталған нормалардың басқа да түрлеріне мына норма жатады: ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аймақтар шегінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен молайтуға кері әсерін тигізетін кез келген қызметке тыйым салынып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет және қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін (ҚР ЖК 123-бабының 1-тармағы). Сол себепті, жер туралы заңнаманың бұл нормалары табиғаттың басты объектісі ретіндегі жерге мемлекеттік меншік құқығын корғауга бағытталған.
2.2 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының

зиянын өтеу.
ҚР Жер кодексінің 165-бабы («Меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудін негіздері») меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындар төмендегі жағдайларда толығымен өтелуге тиіс деп көрсетеді:

1) жер мемлекеттік қажеттіктерге меншік немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатындай етіп алып қойылған (сатып алынған);

2) жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты меншік немесе жер пайдалану құқығы шектелген;

3) меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың құқықтары бүлінген;

4) топырақ құнарлылығының бүлінуіне әкеп соғатын, су режимін нашарлататын, ауыл шаруашылығы дакылдары мен екпелеріне зиянды заттар бөліп шығаратын объектілерді салу мен пайдалану нәтижесінде жер сапасы нашарлаған;

5) ҚР Жер кодексінің 90-бабында («Жекелеген санаттағы жерді алып қоюды шектеу») көзделген жерді алып қою жағдайларында.

Бұл бапқа (ҚР ЖК 90-бабы) сәйкес, суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биолгиялық және ирригациялық-мелиорациялық балық шаруашылығы бағдарындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжірибелік алаңдарының, орман және су қорының жерлерін алып қоюға ерекше корғалатын табиғи аумак-тарДь1 КҰРУ мен кеңейтуге, халыкаралыкміндеттемелерді орындауға, учаскенің астынан бағалы пайдалы казбалардың кен орнының табылуына, жол, электр тарату желілерін, байланыс желілері мен магистральдык кұбырларды жүргізуге, сондай-ак мемлекеттік маңы-зы зор объектілерді салып, оларды орналастырудың баска да мүмкін нұхкалары болмауына байланысты ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.

Меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығын-дарды өтеу тэртібі ҚР Жер кодексінің 166-бабында аныкталған.

Меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығын оны келтірушінің есебінен өтеледі.

Мемлекеттік билік органының, өзге мемлекеттік органнын заңға сэйкес емес акт шығаруы, сондай-ак осы органдардың лауазымды түлғаларының іс-эрекеттері (эрекетсіздігі) салдарынан меншік иесі-не немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығынды Қазақстан Рес-публикасы немесе тиісінше экімшілік-аумактык бірлік өтеуге тиіс.

Өтемакы мөлшерін айкындау кезінде оған мыналар енгізіледі:

1) жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығыньщ нарыктык кұны;

2) жемісағаштарыменкөпжылдыкекпелердікосаалғанда, учас-кедегі жылжымайтын мүліктің нарыктык кұны;

3) жеручаскесін игеруге, оны пайдалануға, корғау іс-шараларын жүргізуге, топырак кұнарлығын арттыруға байланысты шығындар-дың инфляциясы есепке алынған кұны;

4) меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты келтірілген шығынды қоса алғанда, олардан жер учаскесін алып қою мен байланысты келтірілген барлық шығын;

5) алынбай қалған пайда.

Жер учаскесін алып қою кезінде меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығынды, сондай-ақ олардың өтемақы мөлшерін айқындау тараптардың келісімімен белгіленеді.

Жер учаскесін алып қою немесе оларға уақытша орналасу нәтижесінде суару, құрғату, табиғат қорғау, эрозияға немесе селге қарсы объектілер мен құрылыстардың (жүйелердің) жұмысы жартылай немесе толығымен бұзылатын жағдайда шығындар, жобалау-зерттеу жұмыстарының құнын қоса алғанда, объектілер мен ғимараттарды (жүйелерді) жаңадан салу немесе жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңғарту үшін жасалатын жұмыстың құнына негізделіп айқындалуы мүмкін.

Жерді пайдалану кезіндегі қолайсыздықтардан (су қоймаларын толтыру кезінде аралдардың пайда болуы, көлік байланыстарының бұзылуы, аумақты коммуникациялармен бөліп тастау және басқалары) туындаған шығындар (шығыстар) жобалау-зерттеу жұмыстарына, бөгеттер, көпірлер, жолдар, кірме жолдар, басқа да құрылыстар салуға, су қоймаларының түбін тазартуға, сондай-ақ қайықтар, катерлер, паромдар мен өзге де көлік құралдарын сатып алуға кеткен біржолғы шығыстардың сомасымен айқындалуы мүмкін.

Жердің нашарлаған сапасын қалпына келтіру үшін қажетті шығындарды (шығыстарды) айқындау кезінде топырақты зерттеу, агрохимиялық және басқа арнайы тексерулер мен зерттеулерді, сондай-ақ жердің сапасын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізуге шыққан шығыстар енгізілуі мүмкін.

Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатын шешіммен келіспеген жағдайда, дау сот тәртібімен шешілгенге дейін ол шешімді жүзеге асыру мүмкін болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығындарды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.

3 Жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылық.

3.1 Жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылықтың жалпы

ережелері.
Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүрыс-тұрысының тек оң салдарын алу мақсатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады. Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұқсат етілмеген әрекеттерді-тыйымдарды жасағаны және өз міндеттерін заңға сәйкес орындауға тиіс субъектінің кері, негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады. Сол себепті, бұл заңды жауаптылық абстрактілік емес құбылыс, ол тек заңнамадағы құқық бұзушылықтармен ғана байланыста болады.

Біз жер туралы заннама саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты қарастырамыз.

Жер туралы заңнама — бұл жерді меншік құқығының, жер пайдалану құқығының объектісі ретінде де, мемлекеттік баскару мен қорғаудың объектісі ретінде де нысаналы пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар кешенін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Жер туралы заңнаманың нысандары болып Жарлық, Заң Және ҚР Жер кодексі табылады.

Жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықты қолданудың міндетті шарты болып құқық бұзушылықтың Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының нормаларымен емес, тек жер туралы заңнаманың нормаларымен байланысы табылады. Сондықтан, жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың шектері ҚР Жер кодексінің нормаларымен шектеледі. Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 168-бабында көзделгендей, жер зандарынын бұзылуына кінәлі жеке және занды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Бұл жерде жер туралы заңнама кінәлі тұлғалардың жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілігі Қазақстан Республикасынын заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылатынына ерекше мән береді. Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды: кінә қандай тәртіп бойынша анықталады және жер туралы заңнаманы бұзған тұлғаның заңды жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қандай актілерімен белгіленген?

ҚР Жер кодексінде бұл сұрақтарға жауап жоқ. ҚР 1995 жылғы 22-желтоқсандағы.«Жер туралы» жарлықтың 118-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалар және азаматтар жер туралы заңнаманы бұзғаны және жер ресурстарына зиян келтіргені не зиян келтіруге нақты қауіп төндіргені үшін заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыкка тартылады: жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар осы құқык бұзушылыктың нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті. Тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту кінәлі тұлғаларды келтірілген зиянның орнын толтыру міндетінен босатпайды.

«Жер туралы» заң тек мына жағдайды көрсетіп өткен: «жер зандарын бұзғаны үшін кінәлі жеке және занды тұлғалар, мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасынын заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша жауаптылыққа тартылады».

Бұл заң жауаптылықтың түрлерін көрсетпеген. Алайда, мұнда «Жер туралы» жарлықта көзделмеген мәселе — жер заңдарын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың жауаптылығы қарастырылған. Егер «Жер туралы» Заң мен Жарлыктың нормаларын салыстыратын болсақ, онда бұларда жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық субъектілерін анықтаудың әртүрлі тәсілдері бар екенін байқауға болады. Аталған екі актіде де белгіленген ортақ норма: ҚР заңнамасының қандай нормаларымен және қандай тәртіпте қарастырылатынына және туындайтынына қарамастан, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық орын алады.

Ресей мен Қазақстанның жер құқығы бойынша оқулықтарында (оқу құралдарында) жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылықтың мәніне қатысты әртүрлі көзқарастар бар.

1995 жылғы «Земельное право России» (В.В. Петровтың редакциялығымен) оқулығында былай делінген: «әлеуметтік жауаптылықтың бір түрі бола тұра, заңды жауаптылық құқық бұзушылықты жасау фактісінің негізінде туындайды және құқықбұзушыға өзіндік және мүліктік сипаттағы қолайсыз салдарды көтеру міндетін жүктеуден тұрады. Кінәлі тұлғаларға зандардың ережелерін орындамағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынын жүйесі ретінде көрініс табатын жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылық жер-құқықтық нормалардың орындалуын ынталандыруға, бұзылған жер құқықтарын қалпына келтіруге, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған» [3].

1997 жылғы «Земельное право России» оқулығына (авторлар ұжымы) сәйкес, занды жауаптылык жерге қатысты құқық субъектісі ретіндегі жеке және заңды тұлғалардың құқыққа қайшы жүріс-тұрысы орын алған жағдайда, оларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының жүйесін білдіреді.

Б.В.Ерофеев заңды жауаптылықты мемлекеттің қорғау функциясы ретінде анықтайды, сол себепті, оның туындау негізі болып қандай да бір құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі табылады.

Оқу құралдарының қазақстандық авторларынан И.Г.Архипов өзінің «Земельное право Республики Казахстан» атты оқулығында жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықты қарастырмаған.

А.Х.Хаджиев мынадай анықтама береді: «Заңды жауаптылық құқық бұзушылықты жасағаны үшін туындайтын және құқық бұзушыға өзіндік және мүліктік сипаттағы қолайсыз салдарды көтеру міндетінен тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары түрлерінің бірі болып табылады». Жалпы алғанда бұл анықтама жоғарыда аталған ресейлік «Земельное право России» (В.В. Петровтың редакциялығымен) оқулығындағы анықтамамен бірдей. Мұндай анықтаманы басқа да әдебиет көздерінен кездестіруге болады. Мысалы, Л.С.Явич былай деп жазады: «Заңды жауаптылық жай ғана заңды міндет емес, себебі, ол кандай да бір игіліктерден айырылуды көздейді. Ол бұзылған құқықты қалпына келтіру, келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құрауы мүмкін, бірак, міндетті түрде жазалаудан тұрады» [4].

А.Х. Хаджиевтің анықтамасы бойынша жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық белгілі бір жүйеге реттелген нормативтік құқықтық ортақтықты — жер қатынастары саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін экімшілік, кылмыстык, азаматтык-құқыктык, тәртіптік нормаларды, сонымен катар, жер-құқыктык жауаптылыкты кұрайтын жер құқығы саласының құқыктық институтын білдіреді. Алайда, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық жер құқығының құқықтық институты болып табыла ма, жоқ па — бұл даулы мәселе. Себебі, жер туралы заңнама жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың бір ғана түрін — жер учаскелерін алып қоюды көздейді. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың қалған басқа түрлері еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық құқықтың нормаларынан көрініс тапқан. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: аталған институт салааралық институт болып табылмай ма? Өйткені, жер құқығының өзі экологиялық құқықтың саласы болып табылады. Алайда, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың барлық түрлерін біріктіретін бір жағдай бар. Бұл — жер қатынастары, осы салада жер құқығы қатынастары туындайды және олар жоғарыда аталған құқық салаларының нормаларына ауысады және Қазақстан Республикасы еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық кодекстерінің тиісті баптарының диспозицияларынан орын алады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінін, 277-бабы мынаны көздейді: «Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды және пайдалану объектілерінің басқа да түрлерін, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялық объектілерді жобалау, орналастыру, салу, жөндеу, қолданысқа беру және пайдалану, қалалар мен өзге де елді мекендер құрылысы кезінде, сонымен қатар, әскери және қорғаныс объектілеріне әскери және ғарыштық қызметке қатысты экологиялық талаптарды осы талаптарды орындау үшін жауапты тұлғалар бұзған жағдайда, егер бұл қоршаған ортаның елеулі ластануына, адам денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар және өсімдіктер элемінің жаппай қырылуына және өзге де ауыр салдарға алып келсе,— белгілі бір лауазымды иелену не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айыра отырып не бұларсыз 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады».

Бұл баптың диспозициясы кішігірім өзгерістермен ҚР «Жер туралы» заңының 109-бабының, ҚР Жер кодексінің 142-бабының, ҚР 1997 жылғы 15-шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 48,49,50,54,55,56,61-баптарының талаптарын қайталайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 142-бабында былай делінген: «Жердің жай-күйіне кері әсер ететін жаңа және кайта жаңғыртылатын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) әрі басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және пайдалануға беру, жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде жерді қорғау жөнінде іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердің, нормативтердің) сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс».

ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 55-бабы келесі мазмұндағы экологиялық талаптарды көздейді: «Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялық объектілерді пайдалану белгіленген экологиялық талаптарды ескере отурып және қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын экологиялық негізделген технологияларды, қажетті тазалау ғимараттарын және санитарлық-қорғау аймақтарын пайдалана отырып жүзеге асырылуы тиіс».

Қалалар мен басқа да елді мекендерді жобалау, салу, жөндеу экологиялық қауіпсіздіктің және қоршаған ортаны сақтаудың талаптарын ескере отырып халықтың өмірі, еңбек етуі және демалысы үшін мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс (ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 56-бабы).

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, аталған заңмен белгіленген экологиялық талаптар әскери және қорғаныс объектілеріне және әскери қызметке толық көлемде таралады (ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 61-бабы).

Қылмыстық заңнаманың нормалары аталған құқық бұзушылықтарды атап қана қоймай, олардың қоғамға қауіптілігін бағалап, санкциялардың түрлерін де белгілеген.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің 277-бабының диспозициясында аталған қылмыстар жер және экологиялық заңдарды нормаларымен толығымен үйлеседі, алайда оларды бұл құқық салаларының нормалары деп атауға болмайды.

Мұндай нормаларды жер және экологиялық құқықтардың нормаларына ауыстыру және жер және экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтың түрлерін жер және экологиялық құқықтың құқықтық институты болып табылады деп көрсету құқық салаларын ажырату теориясына және құқықтық реттеудің пәні мен әдісіне қайшы келер еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет