1. Жылқыны азықтандыру жөнінде жалпы түсінік


ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері



бет5/9
Дата03.01.2022
өлшемі453 Kb.
#451269
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Биені азықтандыру ерекшеліктері

ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері

2.1.Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары

Қазақстанда жылқының 14 тұқымы өсіріледі дегенбіз жоғарыда, олардың арасында: ағылшынның міністік-таза қанды міністік, арабтың таза қанды, тірікменнің таза қанды ахалтеке, қостанайдың арбаға және міністік жылқысы сияқты жылқы түрлері бар. Желістілерге –орыс және орлов, міністік-жегіндік түрлеріне –дондық, қостанайлық (негізгі түр), ал ауыр жүк тартатындарға – кеңестік, орыс және владимир жылқы тұқымдары жатады.

Өнімдік бағыттағыларға: көшім, мұғалжар, қазақтың жабысы, адай жылқысы, қабы етті жылқысы секілді тұқымдар жатады. Көп болмаса да, Ресейде шығарылған жаңаалтай тұқымы мен жаңақырғыз, қарабайыр тұқымдары да тараған.

Жылқының басқа малдан ерекшелігі – оның негізгі өнімі бұлшық етінің күші болып табылатындығы. Мұның өзі ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктерін айқындайды.

Жылқылардағы, соның ішінде биелердегі заттар мен қуаттың алмасуы тұқымына, жынысына және жасына қарай ерекшеленеді. Бір жасар ұрғашы жабағыларға қарағанда, олармен қатарлас еркек жабағыларда зат және қуат алмасуы қарқынды жүреді. Айғырлар шағылысқа түсуге дайындық кезеңі мен шағылысу кезеңінде, биелер буаз кезеңінің соңғы 3 айында және сутену кезеңінің алғашқы 3 айында, құлындар өмірінің бірінші жылында өздерінің мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың көбірек болғанын қалайды. Міністік және желісті жылқыларға қарағанда, ауыр жүк тартатын тұқым жылқылары, тірілей салмағының 100 кг-ына қоректік заттарды 6-10% аз пайдаланады. Әсіресе, жеделдете жаттықтырылатын және спорттық аттар мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың молырақ шоғырлануын талап етеді.

Жылқы малы, әдетте, жұмыс істей бастаған алғашқы 3 сағат ішінде көмірсуларды көбірек шығындайды, сондықтан да оларды жұмыс кезінде үстеме азықтандырудың маңызы ерекше.

Жылқылардың жыныстарына, жастарына қарай бөлінген топтарының бәрінің де протеинді қажет ету мөлшері тіршілік етулеріне, оның сыртында: биелердің іштегі төлдерінің өсуіне, сутенуіне, төлдердің тірілей салмақ өсіміне, тұқымдық айғырлар ұрықтарының пайда болуына кететін шығындар көлемінен құралады. Өсіп келе жатқан жас төлдің мерзімдік азық үлестерінде лизин болуын ескеру керек.

Жылқылардың сүйек-бұлшық ет мүшелерінің пайда болуы үшін, жеткілікті мөлшерде минералды заттар, ең алдымен, кальций мен фосфор қажет. Сондай-ақ олардың мерзімдік азық үлестеріндегі арақатынасы 1:1 немесе 1:0,75 болу керек. Жылқылардың А (ретинол), Д(кальциферол), Е(токоферол), В1(тиамин), В2(рибофлавин), В3(пантотен қышқылы), В4(холин),В5 (никотин қышқылы),В6 (пиридоксин),В12(цианокобаламин), Вс(фолий қышқылы) витаминдерін қаншалықты қажет ететінін ескерген де өте маңызды болып табылады. Әсіресе, бұл сүтенуші және буаздығының соңғы 90 күніндегі биелерге, жедел өсіп келе жатқан төлдерге, жаттықтырылып жатқан жас жылқылар мен спорттық жылқыларға қатысты айтылып отыр.

Азықтандыру мөлшерлерін жасаған кезде, жылқылардың жыныс-жас топтары, шаруашылыққа пайдаланылу ерекшеліктері, азық биохимиясы саласындағы жетістіктер есепке алынды. Соңғы он жыл ішіндегі зерттеулер жылқылардың жыныс-жас топтары қажет ететін витаминдер мен селеннің қолайлы мөлшерлерін анықтап берді. Бұған дейін қабылданған мөлшерлермен салыстырғанда, жылқылардың мерзімдік азық үлестерінің витаминдермен қамтамасыз етілу деңгейі 1,5 есе көп болуы керектігі анықталды және бұл нақтыланған азық мөлшерлерінде көрініс тапты.

Құрғақ зат, шикі протеин, лизин, талшық, макро-және микроэлементтер мөлшерлерін, сондай-ақ құрғақ зат бірлігіне шаққанда, қанща қуат пен басқа да қоректік заттардан келетінін анықтайтын тиісті мөлшерлер енгізілді.

Жылқылардың мерзімдік азық үлестеріндегі талшықтардың ең қолайлы мөлшері құрғақ заттың 16%–ындай болуы керек. Талшықтар мөлшерінің 16%-дан артық болуы мерзімдік азық үлесінің алмасатын қуатын пайдалану деңгейін төмендетеді. Сондықтан талшықтардың бәсеңдету әсеріне қарсы түзету коэффициенттер ұсынылып отыр. Шикі талшықтар 17-19% болса-алмасатын қуат 92,6%; 20-25% болса-78,9%; 30-33% болса -75,1% және 34-37% болса-4% ғана пайдаланылады. Осыған байланысты, құрамдағы қуат мөлшері, тиісінше: 7,4; 11,7; 21,1; 24,9% және 28,6%-ға арттырылуы тиіс. Құрамындағы басқа қоректік заттар да осындай шамаларда арттырылуы қажет.

Жас төлді мөлшерлеп азықтандыру оның дұрыс өсіп-жетілуін қамтамасыз етуі тиіс. Тіршішлігінің бірінші жылы оның тірілей салмағы сақа жылқының тірілей салмағының 56-60%-ына, екінші жылы 75-85%, ал үшінші жылы 100-ына тең болуы керек.

Азықтандыру мөлшерлері орташа деңгейде белгіленгендіктен, оны қолданғанда малдардың тұқымын, жынысын, қызу қандылығын, атқаратын жұмысының түрін, сақа жылқылардың тірілей салмақтарын сақтау мен жас төлдерде оның артуын, азық пайдаланудағы жеке ерекшеліктерін назарда ұстаған абзал.

Жылқының мерзімдік азық үлестерін (рациондарын) бағалаудағы негізгі меже-олардың тірілей салмақтары мен тұрқы өлшемдерінің өзгеруі. Сондықтан, жас төлдердің тірілей салмақтарын 2,6,12,18,24,30 айлығында, ал сақа жылқылардың салмақтарын қажет болған жағдайда (әр тоқсанға бір реттен жиі емес) анықтап тұру – қажетті зоотехниялық шара. Биелердің сүт өнімділігінің мөлшері, сондай-ақ жұмыс көлігіндік, жаттықтырылушы және спорттық жылқылардың жұмыс қабілеті, жас төлдердің өсу қарқыны мерзімдік азық үлестерінің толық құндылығына байланысты. Тірілей салмақтарының 100 кг-ына шаққанда, айғырлар мен биелердің қанша құрғақ зат және 1 кг құрғақ затқа есептегенде, түрлі қоректік заттарды қанша қажет ететіні төмендегі 2-кестеде келтірілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет