1. Жылқыны азықтандыру жөнінде жалпы түсінік



бет9/9
Дата03.01.2022
өлшемі453 Kb.
#451269
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Биені азықтандыру ерекшеліктері

Көрсеткіштер

Қысырлары

Буаздары

(9-шы айынан)

Сүтенушілері

Астық.-түрлішөп.пішені, кг

8

9

10

Сұлы (жанышталған), кг

2

3

3

Жүгері, кг

-

1

2

Арпа, кг

1

1

1

Күнжара, кг

0,5

-

1

Кебек, кг

1

1

1

Мин.заттармен толықт.қоспа,кг

0,15

0,30

0,45

Ас тұзы, г

27

33

40

Тәуліктік азық үлесінің құрамында:

Құрғақ зат, кг

11,2

13,5

16,2

қуаттық азық өлшемі

8,6

11,0

14,0

алмасатын қуат,МДж

85,8

109,8

139,6

шикі протеин, г

1,35

1,44

2,04

қорытылатын протеин, г

0,83

0,96

1,3

лизин,г

49

61

83

Шикі талшық, г

2,3

2,6

2,98













кальций, г

65

71

82

фосфор, г

38

48

58

магний, г

26

29

35

темір, г

1272

1291

1595

мыс, мг

97

116

148

мырыш, мг

325

412

495

кобальт, мг

3,6

5,5

6,6

марганец, мг

466

730

872

йод, мг

4,7

5,5

6,6

селен, мг

1,4

1,6

1,8

каротин, мг

245

340

464

А витамині (ретинол), мың ХӨБ

92

122

141

Д 3 (холекальциферол), мың ХӨБ

7,2

8,2

12,6

Е витамині (токоферол), мг

402

480

567

В1 витамині (тиамин), мг

46

58

76

В2 витамині (рибофлавин), мг

48

64

87

В3 витамин (пантотен қышқылы), мг

54

102

123


В4 витамині (холин), мг

4532

4681

7600

РР витамині (ниацин), мг

182

245

276

В6 витамині (пиридоксин), мг

31

38

53

В12 витамин (цианокобаламин), мг

86

117

156

Вс витамині(фолий қышқылы),мг

18

27

36

Жылқының тұқымқуалаушылығын өзгерту және белгілі бағытта тәрбиелеу арқылы, олардың пайдалы қасиеттерін жақсарта беру жолындағы шаралар (селекция) республикада спорттық жылқы шаруашылығын құру мен көкпар, бәйге жарыс, қыз қуу, аударыспақ, жорға жарыс, тағы сол сияқты ұлттық ойындарды дамытуға байланысты жүргізіліп жатыр.



2.3.Буаз және құлынды биені азықтандыру

Дұрыс азықтандырылған бие күйлі-қонды болып, дер кезінде күйлейді, тез арада нәтижелі ұрықтанады. Нәтижелі ұрықтанған бие буаздығы 11 айға созылады. Бұл мерзімде олардың азықтандыруына жауапты қарап, дұрыс, төмендегі 10-кестеде келтірілген мұқтаждық нормасына сәйкестендіріп, бие өз организімімен қатар дамып келе жатқан ұрықты (құлынды) да жеткілікті көлемде қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету керек.



10-кесте.

Желіс және мініс тұқымды биені азықтандыру нормасы


Тірілей салмағы,

кг


Азық өлшемі

Қорыты-

латын


протеин, г

Кальций,

г


Фосфор,

г


Каротин,

мг


Ас тұзы,

г


Буаз биеге

400

6,8

750

50

35

150

25

450

7,7

810

55

40

170

28

500

8,5

900

60

45

190

30

550

9,3

990

65

50

205

33

Құлынды биеге

400

8,4

840

60

45

185

25

450

9,0

900

70

50

200

30

500

10,0

1000

75

55

220

35

550

11,0

1100

80

60

240

40

Сауылатын биеге

400-5*

7,1

750

55

30

160

30

400-10*

10,5

1100

80

50

235

35

500-10*

11,6

1220

90

50

260

40

500-15*

14,5

1520

107

62

327

45

Ескерту.* Биенің тәуліктік сүт сауымы.
Буаздығының алғашқы 5 айында буаз бие қысыр бие нормасының деңгейінде азықтандырылады да, 5 айлығынан бастап іштегі төлінің қалыпты өсіп-жетілуіне азықтандыру нормасы әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1 а.ө.-де 100-105 г қорытылатын протейні бар -1,6-1,7 а.ө. үстемелеп өсіріледі. Жеңіл жұмысқа пайдаланылған буаз бие азықтандыру нормасы жалпы қоректілігі,яғни а.ө. бойынша қосымша 30-35%-ға жоғарытылады.

Жаздыкүні бие азықтандыру нормасын шалғынды жайылым отымен қамтамасыз етуге болатын болса, жайылым аты тарылған жылдың басқа маусымында олардың рациондарын әр түрлі құнарлы жемшөппен құрастырады. Әсіресе буаз бие азықтандыру деңгейі мен сапасына жете көңіл бөліп, табиғы пішенмен қоса, астық және бұршақ тұқымдастар пішенін, қызылша мен сәбіз, сұлы, арпа, жүгері дәні мен араластыра бидай жармасы мен кебегін, күнжара енгізуге болады. Әр 100 кг т.с. берілетін ірі жемшөп мөлшерін буаздығының алғашқы жартысында – 2 кг, ал екінші жартысында -1,5 кг асырмай орнына құнарлы жем қоспасын молайтады. Құлындауына он күндей қалғанда биеге тек жеңіл қорытылатын жемшөп беріп, ал құлындар алдында –жылы суға шыланған 0,5 кг бидай жармасы мен кебегін жегізеді.

Қысыр биелерге азық рационы олардың тірілей салмағына, қондылығына және жұмысқа пайдалану шамасына қарай беріледі. Қыс маусымында азық рационы көлемді азықтардан құралуға тиіс. Буаз биелерді буаздығының екінші жартысынан бастап оларды жеңілдеу жұмысқа ауыстырады. Буаз биелерді буаздығының екінші жартысынан бастап оларды жеңілдеу жұмысқа ауыстырады. Құлындауына екі апта қалғанда және құлындағанның артынан 15 күндей биені жұмыстан мүлде босатады, әр күні шамалап серуендетіп алады.

Буаз биелерге ішінде белогі, кальцийі, фосфоры, витамині жеткілікті жақсы азықтың түр-түрін беру керек. Буаздық мерзімнің екінші жартысында азық рационындағы көлемді азықтарды және сулы азықтарды көп беруден сақтау керек. Тірілей салмағы 500 кг келетін буаз биелерге мынадай рацион беруге болады (кг есебімен): шалғын пішені және бұршақ тұқымдастардың пішені (50%) – 10, сұлы-1,5, кебек-0,5, күнбағыс күнжарасы -0,3, сәбіз -2-5 кг. Буаз биелерді алғашқы жеті айында тәулігіне үш рет, ал соңғы төрт айында төрт рет азықтандыру керек. Құлындауына 10 күн қалғанда биенің азық рационының көлемді азықтың мөлшерін кемітеді, бұршақ тұқымдастардың пішенін мүлде тоқтатады, тез сіңетін азықты береді. Құлындағанның артынан 5-6 сағаттан соң және алғашқы күндерде суға шыланған кебек, пішен береді жемді аздап беріп, бірте-бірте көбейтеді. Алғашқы күні сұлыны қоя тұрып, оны 3-4 күнге қарағанда бере бастайды. Пішенді 8-14 кг-ға дейін береді. Көктемде құлындаған биеге жаңа шабылған шөпті кіүніне 6-10 кг берген жөн.

Құлындаған биеге алғашқы күндері жеңіл қорытылып, ас қорытуына себептесетін бидай кебегі, сұлы жармасы, арпа мен жүгері ұнтағын беріп, біртіндеп сүттілігін арттыратын көкшөп, пішендеме мен тамыртүйнектер үлесін молайтады. Сөйтіп оны сүтейтіп, құлынын алғашқы кездегі негізгі қорегі ене сүтімен қамтамасыз етеді.

Кұлындаған биені 2-3 сағат өткізіп барып суарады, алғашқы күндері температурасы үйдегідей суды 8-10 л-ден ішкізу керек. Түрлі тұқымның биесі, лактация мерзіміне қарай күніне 10-20 л сүт береді. Қорада бағылған кезде тірілей салмағы 500-600 кг құлынды биеге тәулігіне 10-12 кг пішен, 3-4 кг сұлы, 1-2 кг кебек, 3-5 кг сәбіз, аздап күжара қосып ұсынады. Жазды күндері 35-50 кг көк шөп жей алады. Құлындағаннан кейін 2-3 күн биеге суға шыланған кебек пен аздаған майда, жұмсақ пішен беруден бастап, 5-6 күнде толық нормалы азықтандыруға көшіреді. Құнарлы жемді 3-4 күннен бере бастайды. Құлынды биенің әр 100 кг т.с. шаққанда рацион-азығымен – әр 1 а.ө. 100-105 г қорытылатын протеин болатын 2 а.ө. жеткізілуге тиіс. Егер құлынды бие жеңіл жұмысқа пайдаланылса, жоғарыдағы 1-кестеде келтірілген азықтандыру нормасы 30%-ға арттырылады. Құлынды бие отты жайылымда бағылып, оның оты жеткіліксіз жағдайда сапалы пішен, сұлы, кебек және кұнжарамен толықтырылады.



Сауын биені азықтандыру. Құлындағаннан кейінгі уақытта бие сүттілігі -10-12 л дейін, ал сүттілерінікі -15-20 л дейін жетеді. Бір сауым маусымында биеден 1500-2500 л сүт сауылады даодан шипалы сусын – қымыз дайындауға болады. Құлындаған биені қымызға байлап сауатын болса, организімінің мұқтаждығын жасына, тірілей салмағы мен қоңына, тәуліктік сүттіліген сәйкестіндірілген азықтандыру нормасы бойынша азықтандырады ( жоғарыдағы 1-кестені қарау керек).

Құлындағаннан кейінгі мерзімде биені сүтейтіп, сүттілігін арттыра түсетіндей есеппен, кестеде келтірілген негізгі азықтандыру нормасымен нақты сауымы бойынша қажеттігінен 15-20% арттырып, яғни үстемелеп азықтандырады. Үстемелеп азықтандыруды биенің күнделікті сауымы оған қарамай көбеймеген кезде тоқтатып, ары қарай нақты сауымы бойынша азықтандыруға көшеді. Сауылып жүріп буаз болған биенің азықтандыру деңгейін 5-10% көбейтеді. Сауын биені жабық қорада ұстағанда жазда көкшөпті турап беріп, қыста олардың рационына сапалы пішен мен құнарлы жем қоспасына қоса сүтейтетін азықтардан 5-10 кг қызылша мен сәбіз, 5-8 кг картоп, 10-20 кг жақсы сақталған сапалы сүрлем мен пішендеме енгізеді.



Құлынды азықтандыру. Туғаннан кейінгі бір сағаттың ішінде құлын енесінің емшегін іздей бастайды, ал әлсіз құлындардың ауыздануына көмектесу керек. Құлынның тез өсіп, жылдам жетілуі үшін ене сүтімен қоса басқа азықтарды жеуге ерте ұйреткен абзал. Бұл мәселеге әсіресе бие сауылатын шаруашылықтарда баса назар аудару қажет. Қажетті жағдайда құлынды сиыр сүтімен асырайды. Ондай жағдайда майлылығы бие сүтінікінен екі есе артық, белогы да жоғары, ал қанты кем сиыр сүтінің құрамын бие сүтінікіне жақындату үшін 1 л үшінші бөлігі сумен толықтырылып, үстіне 30 г қант қосады. Осындай қосынды сүтті жылытып құлынға алғашқы 3 күнде тәулігіне -12 рет, одан кейінгі 3-4 күнде -10 рет, 2-3 аптада – 7 рет, 4-10-шы аптада -4 рет, 10-16 аптада -3 рет бөліп ішкізеді. Қосынды сүт мөлшерін алғашқы күнднрі -3-5 л бере бастап, 2 аптаның аяғында -12-15 л жеткізеді. Бір жарым айлық құлындарды минералдық қосындылар мен жеңіл қорытылатын ұнтақталып қауызынан тазартылған сұлы мен арпа жармасының қосындысына үйретеді.

Құлынның дұрыс азықтандырылуын қалыпты өсіп-жетілуіне,яғни белгілі мерзімде қажетті салмақ қосымын бақылап біледі. Тұқымы ұсақ құлындар тәулігіне 0,7-0,8 кг, ал тұқымы ірілері -1,4-1,6 кг салмақ қосып отырады. Алтыайда құлын сақа жылқы салмағының –жартысына, ал бір жаста 3/1 жетіп, күнделікті -0,4-0,5 кг салмақ қосуы керек. Құлынды жақсы дамып, тәбеті ашылуы үшін үнемі далада таза ауада күн сәулесі астынада серуендетіп тұрады. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелерінің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелерінің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Ене сүтін құлын кемінде 5-6 ай емуі керек, өйткені енесінен тым ерте айыру күшті стресс беріп, басқа жемшөпке жақсы үйренбесе қатты жүдеп, өсуі тежеледі. Сондықтан құлынды әбден оттығып әлдегенше 7-8 айлығына шейін енесінен ажыратпаған жөн. Тоғыз айлық тұқымдық құлындарға енесінен айырғандағы алғашқы күндері тәулігіне 2-3 кг кебек пен жармаланған сұлының тең қоспасын араластырып беріп, 4-5 кг жақсы пішен, 3-5 кг сәбіз не қызылшаны үш бөліп жегізеді – алдымен суарып, пішен береді де, одан кейін шырынды азық жегізіп, ең соңынан жем салады. Жазда отты жайылымға жайып, қажетті жағдайда қосымша жемдейді.



2.4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары

Әрбір жылқысы бар шаруашылық жыл сайын мамыр айынан бастап қазан айына дейін қымыз фермаларында сауатын биелерді үйірден іріктеп таңдап алып, өз алдына үйір жасақтайды. Биелерді мұндай фермаларда күніне 6 рет сауады, ал кешендерде және арнаулы қымыз фермаларында 10 рет саууға болады.

Бие сүтінің мөлшерін есептеп отыру қиын емес.. Биені сауумен бірге, оның құлынының қанша сүт емгенін білу үшін, кейбір ретте тәулік бойы емізбей сауып анықтайды. Биенің тәулік бойына осылай сауу арқылы желіннің бір жартысынан алынған сүттің мөлшерін дәлме-дәл анықтап алуға болады. Ал келесі тәулікте желіннің 2-жартысындағы сүттің мөлшерін қанша екенін осындай жолмен анықтайды. Сөйтіп, желіннің екі жағынан алынған сүтті өлшеп, оларды қосу арқылы биенің бір тәулік ішіндегі беретін сүтінің мөлшерін дәл анықтауға болады, бірақ биені тәулік бойына сауу арқылы оның сүттілігін анықтау – қолайлы әдіс болғанымен, еңбекті тым көп керек ететін, уақыт алатын жұмыс. Сондықтан биенің сүттілігін анықтаудың бұдан гөрі жеңілдеу екі әдісі бар.

Біріншісі – құлынды енесінен бөліп басқа қораға қамайды немесе енесін еме алмайтындай етіп желіге қысқа байланады. Ал бие қақтап сауылады да, әр екі сағаттан кейін қайта сауылып отырады. Сауар алдында биені иіту үшін құлынын жіберіп біраз емізеді. Сауылған сүтті сүт өлшеуішпен немесе үлкен мензуркамен өлшейді. Тәжірибеде көбінесе 12 сағат бойына биені әрбір 2 сағат сайын 6 рет қайталап сауады. Іс жүзінде дәл 2 сағат сайын саууды мүлтіксіз сақтап отыруға әрдайым мүмкіндік бола бермейді. Сүттілікті дұрыс анықтау үшін бақылап саууды қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс.

Екіншісі – құлынның енесін емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағының айырмашылығын анықтап білуге негізделген. Бұл әдіс бойынша да құлын енесінен бөлек оңаша жерге байланып, енесін емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағы жазылып отырады. Құлынның енесін әрбір емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағының арасындағы айырмашылық биенің тәулігіне беретін сүттілік көрсеткіші болып саналады. Дұрыс нәтиже алу үшін сүттілікті анықтау жұмысын үзбей жүргізіп отыру керек, ал феермаға биелерді іріктеп алғанда, мұндай анықтау ісін 1-2 күн жүргізудің өзі жеткілікті. Жоғарыда айтылған әдістерді жүргізу үшін фермада құлындарды өлшеп отыратын арнайы таразы болу керек. Биенің сүттілігіне көптеген жағдайлар әсер етеді. Оларға малдың тұқымы, сауылып жүрген уақыты (жыл мезгілі), денсаулығы, азықтандыру, биені саууға әзірлеу, сауу әдісі, т.б. жатады. Бүгінгі танда Қазақстанда өсірілетін әр түрлі тұқым биелерінің өнімділігін анықтағанда, олардың сүтті болып келетіндігін көреміз.

Құлындаған кезенде қарай биелердің өнімділігі ауытқып отырады. Мысалы, қазақ жылқысының биелерінің ерте құлындағаны (наурыз-сәуір) 2846 л сүт береді, ал мамыр айында 2629 л сүт сауылады. Биенің сүттілігі жасына қарай да өзгеріп отырады. Мәселен, жылқы зауытының қымыз фермасында жүргізілген байқаулар ауыр жүк тартатын биелердің сүттілігі 10 жасқа дейін артып, сосын біртіндеп төмендей бастайтындығын көрсетті. Ал кейбір биелер сүттілігін, тіпті, 18 жасында да сақтайды.

Жаңа қырғыз жылқысының және олардан алынған будандардың сүттілігі 15 жасқа дейін артқан.

Қазіргі кезде сауын жылқы шаруашылығын ұйымдастырудың екі түрі бар. Оның бірі – кешенді арнайы ұйымдастырылған қымыз фермалары, екіншісі – жылқы өсіретін аудандардың маусымдық фермалары.

Маусымды қымыз фермалары жылқыны жайылымда бағатын аудандар үшін ғана емес, сонымен қатар жылқыны қолда және қора-жайылымда ұстайтын шаруашылықтар үшін де қолайлы. Мұндай фермаларда қымыз 4-5 ай бойы өндіріледі. Осы уақытқа арналып үйірлі жылқыдан сауын биелер іріктеп алынады, сауын аяқталғаннан кейін биелерді өз үйірлеріне қайта қосады. Биелер көбінесе жайылымда бағылады, бұл өнімнің өзіндік құнын кемітеді. Биелер құлындарымен түнде жайылымда болып, күндіз сауын кезінде суат маңайында немесе жаппа базаларда иіріледі. Бұл кезде құлындар бөлініп, аулада топ-тобымен бағылады немесе желіге байланады. Арнаулы бөлмелері жоқ фермаларда қымыз киіз үйде ашытылады. Өнімді дайындау орындарына тапсырған кезде сүт саумал күйінде болуы тиіс, оны дайындау орындары арнайы жабдықталған цехтарда қымыз етіп қайта өңдеу үшін сүт зауыттарына жөнелтеді.

Кешендер мен арнаулы қымыз фермаларын мүмкіндігінше ірі қалалар мен өндіріс орталықтарына жақын жерлерге орналастырған жөн. Мұндай қымыз фермаларында сауын биелер, айғырлар және құлындар тұратын арнайы қоралар мен қымыз ашытылып, әрі сақталатын үйлер болады. Сондай-ақ, биені саууға арналған сауын залы немесе арнаулы сауын алаңдары да осы жерге орналасады.

Жыл бойы сауылатын арнаулы фермаларда биенің сүттілігі 1000-1700 кг болды. Мұның өзі маусымды қымыз фермасындағы сүт өнімінен екі есе артық екенін байқаймыз.

Жылжымалы сауу әдісін маусымды қымыз фермаларында қолданып қана қоймай, сонымен бірге осы арнаулы фермалардың жайылымында бағылатын биелерді сауу үшін де пайдалануға болады, бұл қондырғыны тасымалдау да онша қиынға түспейді.

Х.Дүйсембиннің бақылауы бойынша, С витаминінің мөлшеріне табиғи жағдайлар (жайылым, жарық, ауа т.б.) әсер етеді екен. Сүттен қымыз ашытқанда А витаминінің мөлшері өзгермейді, ал С витамині біршама азая түседі, мұның өзі қымызды піскен кезде аудағы оттегінің әсерінен болуы мүмкін.

Көптеген зерттеушілер қымыздың дәрілік қасиетін, онда С витаминінің көп болуымен байланыстырады.

Бие сүті Д витаминіне бай. Бұл витамин күн сәулесінің ультракүлгін сәулелердің әсерінен түзеледі.

Бие сүтінде Е витаминінің мөлшері (Р.Давыдов пен Т.Ермакованың мәліметі бойынша) бір литрде 0,65-1,05 мг шамасында болады. Е витамині малдың қалыпты өсіп-жетілуі үшін қажет. Ол жеткіліксіз болса, малдың ұрықтану қабілеті жойылады.

Холестерин алмасуын реттеуге қатысатын Г витаминінің де маңызы зор. Мәселен, майдың физиологиялық құндылығы ең алдымен ондағы Г витаминінің (линол, линолен және арахидон қышқылдары) болуына байланысты.

Бие сүтінде, сонымен қатар В тобына жататын маңызды витаминдерден – тиамин, рибофлавин, никотин және пантотан қышқылдары, биотип, фолий қышқылы, В12 витамині және т.б. бар.



Қорытынды

Жылқыны пайдалану Қазақстанда жылқы шаруашылығы тарихи қалыптасқан төрт түліктің дәстүрлі саласы екенін қарастырып өттік. Қазақ халқының ғасырлар бойы жылқы өсірудегі тәжірибесі қазіргі нарық заманда бұл саланы жан-жақты дамытып, терең пайдалануға мүмкіндік береді. Көшпелі қазақтың өмірінде, тұрмысында жылқы көлік, жұмыс малы ретінде ғана емес, сондай-ақ ет-сүт өндірудің негізгі көзі болып келген. Жылқы малы жыл он екі ай жайлымда бағылып, соңын өзінде де адамға өнім беріп, көлік ретінде қызмет көрсетіп келеді.

Жылқы өсіруге Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Өңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Қостанай және Павлодар облыстарының оңтүстік аудандарында табиғи жайылымдар өте ыңғайлы.

Қазір республикадағы жылқы шаруашылығы бес бағытта дамуда: міністік, міністік-жегілетін, желісті, ауыр жегуге және енімділікті. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен 66 жеке және заңды түлғалар айналысады, оның 17 жылқы зауыты және 49 асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар. Оларда жылқының Ютұқы-мы және 3 типі өсіріледі: міністік (таза қанды міністі, араб және ахалтеке), міністік-жегілетін (қостанай, қарабайыр және дон), желісті (орыс желістісі), ауыр жегуге (орыс ауыр жүкті), өнімділік (көшім, мұғалжар, қазақ, қазақы жылқының адай түрі және қазақы жылқының жабы еттік типі).

Қазақстанның кең-байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінетін-жегілетін Қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы Көшім тұқымдары елімізге мәлім. 12 жылқы зауыты және 32 асыл тұқымды фермалар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тәжірибе стансалары жылқы тұқымын жақсартумен айналысады.

Сонымен бірге жылқы малының спорт және туризмде қолдану аясы әлі кеңейе түсуде. Бұл салаларда жылқының біздің елімізде қолданылуы әлі де де жетпей жатқаны жағы көп-ақ.

Ежелгі ұлттық ойындар: көкпар, бәйге, әртүрлі ат ойындары өте қызықты да, оны ұйымдастырған азаматтар үшін пайдалы. Сондықтан бұл салада жылқының қолданылуы әлі күшейе түсетініне сенімдіміз.

Қазақстанда әлі де болса ат спорты дамымай отырғаның мойындауымыз керек. Соның салдарынан дүниежүзілік олимпиада ат жарысы жөнінде біздің еліміз бірде-бір командамен қатыспай жүргендігі өте өкінішті. Бірақ бұл өнерді дамытуға мүмкіндік бар. Ол үшін қажетті сәгүлік-жүйріктер өсіріп шығаруға генетикалық қорымыз бар. Ол кешегі атақты Абсектің ұрпақтары, бұрынға Луговой, Дегерес, Томаровский, Панфиловский, Қостанай, т.б. жылқы зауыттарының іздері. Соларды жоғалтпай, аллтынның сынығындай сақтап, мәпелеп өсірсек, сөз жоқ, әлем деңгейіне жететін жылқы бапкерлеріміз де шығады.

Ендігі жылқының пайдалы жері ат туризмі. Ат үстінде жүріп өз елі, жерімен танысып, аралап білуге құштар жастар көп. Және бұны ұйымдастыруда қажет-ақ. Оның үстіне сырттан келіп жатқан туристерді көрнекті жер-суларымызды, тау, таудағы керемет табиғатты аралатып көрсету үлкен сұранысқа айналатыны рас.

Сонымен бірге жоғарыда айтып отырған жылқының кең жүйеде қолданыс аясы ат құралдарының (ер тоқым, айыл, жүген, арбаның, шананың түрлері), оларды жегі құралдары, атпен жер айдау, егін салу, шөп шабу, жинау сияқты жұмыстардың барлығы да әдейі құрал-жабдықтарды жасап шығаруды талап етеді. Оның өзі өнеркәсіп саласының жанданып, ұмыт болған шеберліктерді еске түсіруді қажет етеді.

Жылқы еті, сондай-ақ, қазы-қартасы, жал-жаясы – халықтың сүйікті тағамы. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, қан вакцинасы және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Әлібаев Е., Ермұхан Б. Мал өнімдерін өндіру технологиясы: Оқулық.-Астана.: Фолиант, 2010.-400 б.

2.Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Анықтамалық.-Алматы.: Бастау, 2006.

3.Калашникова А.П. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных.-М.: Агропромиздат, 1985.

4.Загаевский И.С., Жмурко Т.В. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства.-М.: Колос, 1983.

5.Федотов П.А. Коневодство.-М.: Колос, 1981.

6.Бозымов Қ.Қ. Жылқы және түйе шаруашылығы.-Алматы.: Қайнар, 1993.

7.Ставровский А.Е., Савич И.А. Мал шаруашылығы негіздері .-Алматы.: Қайнар, 1976.

8.Омарқожаев Н., Әкімбеков Б. Махмұтов С. Қолда мал өсіру.-Алматы.:Қайнар, 1976.

9.Әкімбеков Б.Р., Муслимов Б.М.,Әкімбеков А.Р., Дәленов Ш.Д. Жылқы шаруашылығы.- Қостанай, 2007.

10.Байжұманов Ә. Мал өсіру.-Алматы.: Қайнар, 1987.

11.Жолшыбек Т. Мал шаруашылығы: Оқулық.-Астана.:Фолиант, 2009.-360 б.

12.Шекенов Е., Қазықанов Р., Беққожин А, т.б. Зоотехния негіздері: Оқулық.-Астана:: Фолиант, 2007.-456 б.

13.Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә. Мал өсіру және селекция / Оқулық.-Алматы: Бастау, 2006.-592 б.

14.Дүйсембаев К.Ы., Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. т.б. Жылқы шаруашылығы. - Алматы. АЗМИ, 1995.

15.Левин А.Б. (Аудармашылар Ә.Ермаханов, Ә.Жұмашев) Мал шаруашылығы негіздері.-Алматы, 1985.

16.Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Р. Мал шаруашылығы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007.-424 б.

17.Омарқожаұлы Н.,Шуркин Р. Мал шаруашылығы практикумы.-Астана, 2007.

18. Красников С.С. Практикум по коневодству. - М.,Колос. 1977.

19. Свечин К.Б. и др. Коневодство.- М., Колос, 1984.

20. Зоотехния негіздері. Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.-456 б.

21.Красников А.С., Хотов В.Х. Коневодство.- М., МСХА, 1995

22. Гладенко В.Н. Книга о лошади.- М. 1999.

23.Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. Жылқы шаруашыылығы.- Алматы, Республикалық баспа орталығы, 2006.

24. Сабденов Қ. Төрт түлік.-Алматы.: Қайнар, 2002.-184 б.



25.Сыздықов А.Ә. Жылқы өсірушіге кеңес (Жөнделіп, толықтырылып екінші басылуы).-Алматы.:Қайнар, 1976.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет