1-кесте.
Жылқы денесінің құрамы
Жылқы тобы
|
Жасы, ай
|
Денедегі химиялық қосындылар, %
|
Су
|
Протеин
|
Май
|
Күл
|
Құлын
|
1
|
70,9
|
24,2
|
3,6
|
1,3
|
Құлын
|
6
|
66,0
|
19,6
|
13,2
|
1,2
|
Тай
|
18
|
65,2
|
19,5
|
14,2
|
1,1
|
Құнан
|
30
|
62,2
|
19,1
|
17,3
|
1,0
|
Бордақы
|
30
|
51,7
|
17,7
|
29,6
|
1,0
|
Сақа жылқы
|
60
|
61,9
|
17,8
|
19,3
|
0,9
|
Кесте дерегінен қай жаста болмасын жылқы денесінде судың көп болатынын көреміз. Оның атқаратын биологиялық қызметі өте зор. Судың қатысуымен организмдегі зат алмасуын қалыптастыратын бүкіл ассимиляциялық (катоболизм) және диссимиляциялық (анаболизм) тотығу-тотықсыздану реакциялары жүргізіліп, бір жағынан жаңа тканьдер мен қосындылар түзіліп жатса, екінші жағынан күрделі қосындылар ыдырауынан энергия (жылу) босатылады. Су сол жылудың денеде таратылып, қалыпты температураны қалыптастыруға, бір жерден екінші жерге заттардың тасымалдауына, соның арқасында қышқыл-сілтілік, иондық қатынастардың тұрақталуына, алмасудың қажетсіз өнімдерін сыртқа шығарылуына қатысады.
Жылқы денесінің құрғақ заты протеин, май мен күл түрінде анықталатын минералдық заттардан тұрады. Жас құлын денесінде протеин көп түзіліп, май аз болады да, өсе дене құрамындағы май үлесі артады. Содан барып жас ет қара, яғни таза бұлшық етті, протеинді болса, сақа, әсіресме, бордақыланған мал етінде май үлесі молаяды. Мал денесінің (бұлшық еттің) протеині (белогі) желінген азық протеинінің аминқышқылдарынан түзіліп, дене құрылысын қамтамасыз етсе, дене (ет) майы организм қажеттілігінен артылған энергияның қоры ретінде байланады.
Малдың энергиялық мұқтаждығы алдымен желінген азықтың қант, крахмал, клетчатка түріндегі көмірсуларымен (углеводтарымен) және майларымен қамтамасыз етіледі де, олардың азықпен жеткізілген көлемі жеткіліксіз болған жағдайда аминқышқылдарын ыдыратып энергиясын босатады. Демек, ыдыратылған аминқышқылдары өзінің тікелей функциясы – белок түзілуіне, яғни дене өсуіне пайдаланылмай қалады. Егерде организмнің биоэнергетикалық мұқтаждығы мұнымен де қамтамасыз етілмесе, дененің май түріндегі энергия қоры жұмсалып, мал арықтайды. 1 граммы тотыққанда 4-4,5 ккал энергия босататын көмірсуларға қарағанда, тотығып, ыдыраған 1 г майдан одан 2-2,5 (орташа 2,25) есе көп энергия босайды.
Жоғарыдағы кесте дерегі бойынша жылқы денесіндегі май мөлшері жасы мен қоңдылығына байланысты екенін көреміз. Сондықтан соғымға сақа жылқыны бордақылап, қалың (төртелі, табан) қазы өндіруге болады.
Дене күлінің құрамындағы минералды элементтер түрлі құрылымдар құрамына кірумен (мысалы, кальций мен магний – сүйектің, фосфор – аденозинфосфаттардың, темір – гемоглобиннің, кобальт – цианкобаламиннің, йод-тироксиннің, т.с.) қатар, организмдегі қышқыл-сілтілік, иондық теңдіктерді сақтауға, тотығу-тотықсыздану реакцияларын катилиздеу секілді маңызды биологиялық үрдістерге қатысады.
Кестеде көрсетілген жылқы денесінің құрамындағы химиялық қосындылар оларға қоректену барсында желінген азықпен (жемшөппен) жеткізіледі. Сондықтан жылқыға жегізілетін жемшөпте осыдене құрамына кіретін заттардың бәрі болып, мұқтаждығына сәйкес жеткізілуі керек. Азықтың ол заттарын қоректік заттар деп атайды. Олар қоректенудің бастапқы сатысы болып табылатын ас қорыту барысында қорытылып, организмдегі зат алмасуына пайдаланылады.
Желінген азықты қорытатын жылқының ас қорыту жүйесінің құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар ауыз қуысынан басталады жылқының күрек тістері өткір, жемшөпті мүйізді ірі қара малдай жалмамай қырқып жеп, түбелікті азу тістерімен түбегейлі мұқият шайнап, мол сілекейлеп, аумағы сиырдікінен 10 еседей тар бір бөлімді қарнына (асқазанға) жұтады. Қарын сөлі сіңіп, бөктірілген азық ішекке өткізіліп, ішек сөлінің ферменттерімен түбегейлі ... протеині – аминқышқылдарына, майы май қышөқылдарына, көмірсулары моноқанттарға ыдыратылады да,- соңғылары аш ішек түгімен қанға сіңіріледі (қорытылады). Сіңірілмеген, яғни қорытылып үлгермеген қоректік заттар қорытылмаған тезек (қи, нәжіспен) қалдықтармен сыртқа шығарылады.
Жылқы жайылым отын, шалғын шөбін, көп жылдық екпе шөптерден атқонақ, еркекшөп, беде және жоңышқа жақсы жеп, жұғымды пайдаланады. Бұл түліктің сазды, томарлы жердің шөбін, өлең, қоға, қырықбуын, мия сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді. Сұлы, арпа, тары сабаны мен топанын да жейді, бірақ оларды алдын ала булап, жұмсарып, жеммен араластырып берген жөн. Шырынды (балғын) азықтардан сәбіз, қызылша, турнепс, сапалы сүрлем мен картап берген пайдалы. Жылқы басына тәулігіне жуып тазартып қызылшаны -10-12 кг, атқаратын жұмысына қарай сүрлемді -8-12 кг беруге болады. Картопты пісіріп берген дұрыс.
Жылқының сүйсініп жейтін ең жұғымды жемі сұлы. Сұлыны жылқыға шектеусіз жегізуге болады. Оны жеңіл қорытып, ешбір зиян шекпейді, тек тісі мүжілген кәрі аттарға сұлы дәнін алдын-ала мыжып (плющение) беруге болады. Ас қорытуға оң ықпал ететін диеталық азық ретінде бидай кебегін жегізеді. Жүгері дәнін жармалап, басқа азықтармен қосып берген жөн. Протеинді азықтардан жылқыға күнбағыс пен зығыр күнжарысын, шротын енгізуге болады. Жазда жылқыны жайылым отына жаяды. Отты жайылымда бағылған жылқыны қосымша жемдемей-ақ жұмыс атқаруға болады. Жайылым ең арзан жемшөп көзі болғандықтан жылқы ұстау шығынын арзандату үшін маусымдық жайылымдарды жыл он екі ай пайдалануға тырысу қажет. Ол үшін әсіресе қазақы жылқының тебіндеуге бейімділігін жете қолдану қажет. Жайылым оты жетіспеген жағдайда ғана жылқының тұқымына, жасына, жынысына, өнімділігіне, физиологиялық ахуалы мен атқаратын жұмысына байланысты өзгеретін қоректік заттарға мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын, қосымша азықтармен толықтырады.
Желінген жемшөпті пайдалану тиімділігі алдымен қоректік заттарының қорытылымына, яғни ас қорыту жолында қарапайым қосындыларға дейін ыдыратылып сіңірілуіне байланысты болса, сайып келгенде сол сіңірілген заттарды алмасуда пайдаланып, игеріп, пайдамен жұмсауға, яғни конверсиялауға, тіреледі. Жылқының желінген азық энергиясын өз тіршілігінің дене жылыту, қимылдау, жұмыс атқару, өнім өндіру секілді пайдалы энергиясына конверсиялау деңгейі онша жоғары емес – өнім өндіруге азықпен енген энергияның небәрі 20-30% (нетто-энергия) пайдаланылады. Азықтың жалпы брутто-энергиясының 30-35% қорытылмаған тезек қалдықтарымен шығарылса, қалған 35-50% пайдасыз рәсуаланады.
Қорытылған қоректік заттар шығынын азайту үшін жылқының өз басының ерекшеліктерімен қоса олар атқаратын жұмыс, олардан өндірілетін өнім ерекшеліктерін де жете ескере отырып, жегізілетін азық түрі мен иөлшерін, өз ара қатынасын, олардағы түрлі қоректік, минералды және биологиялық пәрменді заттардың жеткіліктілігін ескере отырып, азықтандыру нормасын қамтамасыз ететін азықтандыру рационын құрастырады.
Құрастырылған рацион энергетикалық қуаттылығы, протеиндік, минералдық және витаминдік құнарлылығы жан-жақты қарастырылып, жұғымдылығы кешенді түрде бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |