2.Тақырыбы: Өт тас ауруы. Өт жолдарының дискенезиясы
1. Өт тас ауруындағы негізгі симптом:
а)асқазан тұсының ауырсынуы
б) оң қабырға тұсының толғақ тәріздес ауруы
в) оң қабырға тұсының ұйып ауырсынуы
г) ішек бойымен ауырсыну
2. Өт жолы тас ауруындағы негізгі диагностикалық тексеру:
а) рентгеноскопия
б) гастродуоденоскопия
в) УДЗ
г) ирригоскопия
3.Өт тас ауруының негізгі клиникалық белгілері:
а) оң қабырға тұсының толғақ тәріздес,ұстама түрде ауырсынуы
б) іш кебу,іш өту
в) ішек бойымен ауырсыну
г) дене қызуының көтерілуі
4.Өт тас ауруының «ауырсыну» симптомының сипаттамасы:
а) толғақ тәріздес,ұстама түрде ауырсыну
б) гипогастрия аймағының түйіп ауырсынуы
в) күйдіріп,қысып эпигастрий аймағының ауырсынуы
г) ішек бойымен бүріп ауруы
5.Өт тас ауруы «ауырсыну ұстамасы» кезінде дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету тактикасы, тек біреуінен басқалары:
а) жылытқыш қою
б) анальгетиктер енгізу
в) спазмолитиктер енгізу
г) антибиотиктер енгізу
6. Өт тас ауруының ұстамасы кезінде дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсетуге жатпайды:
а) оттегі беру
б) жылытқыш қою
в) анальгетиктер енгізу
г) спазмолитиктер енгізу
7. Өт тас ауруына әкелетін жағдайлар, тек біреуінен басқалары:
а) гемолитикалық анемия
б) ұйқы безінің қабынуы
в) жануар май тағамдарын жиі,көп қолдану
г) темір жетіспеушілік анемиясы
8.Өт тас ауруында жүргізілетін диагностикалық симптомдар, тек біреуінен басқалары :
а) Кера
б) Ортнер
в) Мерфи
г) Мебиус
9. Өт тас ауруының асқынуы:
a) өт жолында тас жиналуы
б) өт қабырғасының қабынуы
в) холецистит
г) өт жолының механикалық бітелуі
10. Өт тас ауруының асқынуына жатпайды:
а) өт қабының жарылуы
б) өт қабының іріңдеуі
в) өт жолының механикалық бітелуі
г) созылмалы гепатит
11.Өт тас ауруының алдын-алу үшін жүргізілетін іс-шара:
а) витаминдер енгізу
б) атропин сульфатын енгізу
в) тюбаж жасау
г) антибиотиктерді енгізу
12.Өт тас ауруына хирургиялық ем жүргізуге көрсеткіштер:
а) аз уақытта көп салмақ қосу
б) ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі
в) жиі ауырсыну ұстамасының қайталануы
г) хирургиялық ем жүргізілмейді
13. Өт тас ауруын анықтау үшін жүргізілетін аспаппен тексеру әдісі:
а) фиброгастроскопия
б) ултьтра дыбыспен зерттеу
в) дуоденалды зондтау
г) флюрография
14. Өт жолдары дискинезиясында өзгеріске ұшырайтын сфинктер:
а) Ортнер Кера
б) Образцов, Стражеского
в) Одди, Люткенс
г) сфиниктер өзгермейді
15. Өт жолдарының дискинезиясының жіктелуі, тек біреуінен басқалары:
а) гиперкинетикалық
б) гипокинетикалық
в) аралас
г) гипергликемиялық
16. Өт жолы дискинезиясының гиперкинетикалық түріне тән белгілер:
а) оң қабырға асты ашып,түйреп ұстамалы ауруы
в) ішек бойымен ауруы
б) оң қабырға тұсының сыздап ауруы
г) ауырсыну болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |