1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі



бет5/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Анат сессия (нерв система)

Іщкі құрылысы. Ортаңғы мидың қуысын ұзындығы шамамен 2см болатын тар өзек ортаңғы мидың су құбыры (aqueductus mesencephali) түзеді. Ортаңғы мидың бөліктерінің арасындағы шекара қара зат (substantia nigra) болып табылады.
Жолдары. Жамылғының ақ заты эфферентті (қызыл ядролы-жұлын жолынан, жамылғы жұлн жолынан), сонымен бірге афферентті (спиналды, медиалды, тригеминалды және латералды ілмектен) өткізгіш жолдардан, сонымен бірге тісті қызыл ядролы және алдыңғы жұлын мишық жолдарынан тұрады.
Ядролары. Ортаңғы мидың төбесінің сұр затын жоғарғы және төменгі төмпешіктердің ядролары құрайды.
Төменгі төмпешіктің ядросы (nucleus colliculi inferioris) біріншілік есту рефлекторының орталығы болады. Төменгі төмпешік ядроларының қатысуымен қозғалтқыш, бағдарлық рефлекстер жүзеге асады.
Жоғарғы төмпешіктердің ядролары (nucleus colliculi superioris) – көрудің біріншілік рефлекторлы орталығы болып табылады. Олар қозғалтқыш, бағдарлық рефлекстерді жүзеге асырады.
Орталық сұр заттың латералды бөлігінде үшкіл жүйкенің ортаңғы ми ядросы (nucleus mesencephalicus nervi trigemeni V) жатады. Оның вентралды бөлігінде көзқозғалтқыш нервтің ядросы(nucleus nervi oculamotorii) және оның тереңінде парасимпатикалық қосымша ядросы орналасқан. Бұдан басқа tegmentum mesencephali де қара заттың тереңінде жатқан қызыл ядро nucleus ruber орналасады. Бұл ядроның нейрондарынан қызыл ядроны жұлынның алдыңғы мүйіздерімен жалғастыратын маңызды жол tractus rubrospinalis басталады. Ми сабауының торлы түзілісімен бірге қызыл ядролар бұлшық ет тонустарының жұмыстарыын реттеп отырады, бұл жерде ми аяқшаларының негізінде орналасқан, қара ядро маңызды қызмет атқарады. Бұл зат түсі оны құрайтын жүйке жасушаларындағы қара пигмент меланинге байланысты.
Аралық ми.
Аралық ми (diencephalon) алдыңғы ми көпірінің, prosencephalon, артқы бөлімінен дамиды. Аралық мидың қуысы 3 қарынша ventriculus tertius cerebri болып табылады.
Аралық мида үш аймақты ажыратады. Меншікті көз төмпесі thalamus, төмпеүсті аймақ немесе таламус үсті epithalamus, және таламусарты аймақ metathalamus.
Таламус (thalamus) аралық мидың бүйір қабырғаларында сұр заттың жұмыртқа пішінді жұп жиынтығы болып табылады. Алдыңғы шеті tuberculum anterius thalami түрінде сүйірленгенде ал артқы шеті кеңейіп, жастық pulvinar thalami түрінде жуандаған болады. Оның латералды беті соңғы мидың ақ затымен ішкі қапшықпен capsula interna жанасып жатады. Оң жағынан гипоталамуспен ьайланысады, ал жоғарғы және медиалды беттері бүйір қарыншалар дың қабырғасының үштен бір бөлігін түзеді. Екі таламустыңда медиалды беттері таламус аралық өсіндімен байланысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет