1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі



бет3/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Анат сессия (нерв система)

Самай және шүйде үлестері
Латералды жүлгенің артында орналасқан төменгі бетінің бір бөлігі самай және шүйде үлестеріне жатады. Самай үлесінің сыртқы төменгі бетігде шүйде-самай жүлгесі орналасқан. Шүйде самай үлесінен медиалды және оған параллель жанама жүлге өтеді. Осы жүлгелер арасында латералды шүйде самай қатпары орналасқан.Жанама жүлгенің ішінде, ілмек түрінде аяқталатын, гиппокамп жанындағы қатпар жатады. Оны ішкі жағынан гиппокамптық жүлге шектейді. Гиппокамптық жүлгеде бүйір қарыншаныі төменгі мүйізі жағынан тісті қатпар жатады. Шүйде үлесінің төменгі бетіндегі топшылық жүлге және жанама жүлгелері арасында тілдік қатпар жатады. Тілдік қатпардың сыртында, алдыңғы жағынан латералды шүйде , төбе және төменгі самай қатпарларына ауысатын медиалды самай-шүйде қатпары орналасады.
Ми сыңарларының медиалды бетінің жүлгелері мен қатпарлары
Ми сыңарының медиалды бетінде сүйелді дене астында сүйелдң дененің жүлгесі өтеді. Сүйелді дененің жүлгесінің үстінен екінші доға тәрізді жүлге орналасады.Белдеулік жүлге және сүйелді дененің жүлгесі белдеулік қатпарды шектейді.
Маңдай үлесі
Белдеулік жүлге төменнен медиалды маңдай қатпарын шектейді.Орталық жүлге жанындағы бөлікті орталық жанындағы үлесше д.а.
Төбе үлесі
Орталық жүлге жанындағы үлесшенің артқы медиалды бетіндн сына алды деп аталатын төртбұрышты бет орналасады.
Шүйде үлесі
Сына алды артында шүйде үлесіне жататын cuneus орналасқан. Оның алдынан төбе-шүйде жүлгесі ал артынан топшылық жүлге шектейді.
Лимба үлесі
Лимба үлесі- ми сыңарларының төменгі және медиалды беттерінің тұтас анатомиялық құрылымының жиынтығы. Оны күмбездік қатпар д.а. Оған белдеулік қатпар қылтасымен бірге гиппокамп жанындағы қатпар қылтасымен ілмегімен бірге және таспалы иірімімен бәрге тісті қатпар кіреді.
Иіс сезу миы екі бөлікке бөліп қарастыруға болады. Шеткері бөліміне- бұл иіс сезу үлесі, lobus olfactorius. Мидың негізіндегі иіс сезу жүлгесінде. sul. olfactorius шеткері бөлімнің түзілістері орналасқан: иіс сезу буылтығы, bulbus olfactorius, иіс сезу жолы, tractus olfactorius, иіс сезу үшбұрышы, trigonum olfactorium, алдыңғы тесіктелген зат, substantia perforata anterior. Орталық бөлімі- бұл әрдайым ми қатпарлары: күмбезді қатпар, gyrus fornicatus, гиппокамп жанындағы қатпар, gyrus parahippocampalis, тістік қатпар, gyrus dentatus ілмек, uncus.
Базальді ядролар, nucleus basales болып ми сыңарлары ішіндегі жинақталған сұр зат саналады. Оларға жолақ дене, corpus striatum, бадамша тәрізді дене, corpus amygdaloideum және шарбақ, claustrum жатады. Жолақ дене құйрықты ядродан, nucl. caudatus және жасымық тәрізді ядродан, nucl. lentiformis тұрады, олар өзара байланысқан болы келеді. Құйрықты ядроның басы, денесі және құйрығы болады. Жасымық тәрізді дененің сырты қабықтан, putamen ал ішке қарай, латеральді орналасқан бозғылт шардан, globus pallidus lateralis тұрады, олар қыртыс асты қозғалыс орталықтары болып табылады. Жасымық тәрізді дененің сыртында жіңішке сұр заттан құралған табақша- шарбақ, ал самай үлесінің алдыңғы бөлімінде бадамша тәрізді дене орналасқан. Базальді ядролар мен көру төмпешігінің арасында ақ заттың қабатшасы бар, ол ішкі, сыртқы және ең сыртқы қапшықтарды(capsula interna, externa, extrema) түзеді. Ішкі қапшық арқылы өткізгіш жолдар өтеді.
Бүйір қарыншалар ми сыңарларының әрқайсысында соңғы мидың қуысы болып табылады, сүйелді дене деңгейінен төмен орналасып, III қарыншамен қарынша аралық тесік көмегімен байланысады. Бүйір қарыншасының пішіні дұрыс емес, оның алдыңғы(cornu frontale), артқы(cornu occipitale), төменгі мүйіздері (cornu temporale) және оларды байланыстырып тұратын орталық бөлігі. Алдыңғы мүйізі маңдай үлесінде жатыр, артқы жағында шекелік үлеске сай орталық бөлікке жалғасады. Орталық бөлік соңында шүйде мен самай үлестеріндегі артқы және төменгі мүйіздерге жалғасады. Төменгі мүйізде белдік- гиппокамп орналасады. Орталық бөліктің медиальді жағынан төменгі мүйізге жалғасатын тамырлы өрім енеді. Бүйір қарыншаларының қабырғалары ақ заттан және құйрықты ядролардан құралған. Орталық бөліктің астына таламус жанасып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет