1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі



бет14/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Анат сессия (нерв система)

Cегізкөз өрімі

Сегізкөз өрімі, plexus sacralis - ең маңыздысы, ол IV-ші (төменгі) және V- ші бел нервінің алдыңғы тармағынан және 4 сегізкөз нервтерінің (S1 –SIV) алдыңғы тармақтарынан құралады. Өрім  нервтері бір - бірімен қосылып, кіші шонданай тесігі арқылы жамбас астауы қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді. Сегізкөз өрімінен  шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді: қысқа тармақтар аяқ - бел аймағын, ал ұзын тармақтар бүкіл аяқтар нервтендіреді.


Қысқа тармақтар:
1)n.obturatorius internus,n.piriformis,n.quadratus femoris-Аттас бұлшықеттерді иннервациялайды.(Қозғалтқыш нерв)
2)n.glutus superior- m.glutus medius/minimus.(Қозғалтқыш нерв)
3)n.glutus inferior- m.glutus maximus. (Қозғалтқыш нерв)
4)n.pudentus-Жыныс нерві. Терінің беткі жыныс мүшелерді иннервациялайды және m.sphincter ani externus. (Аралас нерв)
Ұзын тармақтар:
1. Nervus. cutaneus femoris posterior- тер мен бұтаралық терілеріне баратын rami perincales тармақшаларын береді.Санда артқы бүлшықеттердің бетінде орналасып , төмен карай тақым шұңқырына жетіп,сан мен сирақты артқы жағы терісінде таралатын көптеген тармақтар береді. (Сезімтал нерв)
2. Жыныс нерві (nervus pudendus; S1–S4) Беретін тармақтары: төменгі артқы өтіс нервтері (nervi anales inferiores) артқы өтісті көтеріп тұратын бұлшықетке, және артқы өтістің сыртқы қысқышына, шатаралық нервтерді (nervi perineales) — ол осы төңіректің бұлшықеттері мен терісіне, сыртқы жыныс ағзаларына тармақтарын береді. m.scphincter ani externus

12.Бет және тіл-жұтқыншақ нерві
Бет жүйкесі(nervus facialis)- VII жұп ми нервсі. Ол қызметі бойынша:аралас.
3 ядросы бар:
-вегетативті парасимпатикалық ядро(nucleus salivatorius superior)
-сезімтал ядро(nucleus solitarius)
-қозғалтқыш ядро(nucleus motorius)
Мидың түбінде linea trigeminofacialis-тен, ал бас сүйектен foramen stylomastoideum арқылы шығады.
Бет жүйкесі көпірдің артқы аймағынан l.trigeminofacialis арқылы шығып, ішкі есту жолына өтеді де, canalis facialis-ке енеді. Содан кейін дабыл қуысына өтіп, иілім жасап, foramen stylomastoideum арқылы бас сүйектен шығады.
Одан шығып өзінің тармақтарын береді:
N.stapedius - m.stapedius жүйкелендіреді.
Әрі қарай шықшыт безіне жетпей тұрып екі тармақ береді:
1)артқы құлақ жүйкесі(nervus auricularis posterior). Ол біз-емізік тесігінен шығып, екі тармаққа бөлінеді:
-құлақ тармағы (ramus auricularis). Жүйкелендіреді: m.auricularis posterior, m. epicranius posterior
-шүйде тармағы (ramus occipitalis). Жүйкелендіреді: m.occipitalis
2)қос қарыншалы бұлшықет тармағы(ramus digastricus). Жүйкелендіреді: m.digastricus posterior, m.stylohyoideus.
Шықшыт безінен әрі қарай беретін тармақтар:
1)самай тармағы (ramus termporales) – m.corrugator supercilli/m.orbicularis oris/m.frontalis/m.auricularis superior et anterior
2)бет сүйек тармағы (ramus.zygomaticus) - m.orbicularis/m.zygomaticus
3)ұрт тармағы (ramus buccalis) - m.buccinator/m.risorius /m.orbicualris oris/m.levator anguli oris/m.zygomaticus major et minor
4)төменгі жақ сүйектің шеткі тармағы (ramus marginalis mandibulae) - m.mentalis . m.depressor labiі inferioris et anguli oris
5)мойын тармағы (ramus colli)- m.platysma

Үлкен тасты жүйке(n.petrosus major)-hiatus canalis nervi petrosis majoris арқылы шығады. Ол sulcus n.petrosi majoris арқылы canalis pterygoideus-ке өтеді. Сосын n.canalis pterygoideus түзіп, ganglion pterygopalatinum-ге жетеді. Оның тармақтары rami nasales posteriores-мұрын мен таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады, ал n.zygomaticus n.maxillaris-пен аностомозданып, көз жас безін жүйкелендіреді.


Дабыл шегі(chorda tympany)-бет өзегінен дабыл қуысына өтіп, fissura petrotympanica арқылы шығады, самай асты шұңқырында тіл жүйкесімен байланысады. Сезімтал бөлігі тілдің шырышты қабығына келіп, оның 2/3 бөлігін ж-ді. Секреттік бөлігі жақ асты және тіл асты сілекей бездерін секреттік талшықтармен жабдықтайды.

Тіл-жұтқыншақ жүйкесі


Тіл-жұтқыншақ жүйкесі(nervus glossopharyngeus) – IX жұп ми нервсі. Қызметі бойынша аралас нерв.
3 ядросы бар, олар ромб тәрізді шұңқырда орналасады:
1.қос ядро (nucleus ambiguus) - қозғалтқыш
2.жеке-дара жол ядросы (nucleus tractus solitarii) - сезімтал
3.төменгі сілекей бөлетін ядро (nucleus salivatorius inferior) - вегетативті
Мидың түбінде: sulcus posterolateralis
Бас сүйектен: foramen jugulare арқылы шығады.
Осы 3 ядродан шыққан тармақтары мойындырық тесіктен шықпас бұрын ganglion superior түзеді, ал шыққаннан кейін ganglion inferior түзеді.
Тармақтары:
1)Дабыл жүйкесі(nervus tympanicus)-құрамында парасимпатикалық және
сезімтал талшықтары болады. Ол төменгі түйіннен шығып, дабыл қуысына енеді, онда plexus tympanicus құрайды және сезімтал тармақтарын тастап кетеді. Ал парасимпатикалық тармақтары hiatus canalis nervi petrosi minoris арқылы кіші тастық нерв деген атпен foramen lacerum арқылы шығады да, ganglion oticum барады. Түйіннен кейінгі талшықтары шықшыт безін жүйкелендіреді.
2)біз-жұтқыншақ бұлшықетінің тармағы(r.stylopharyngei)- ол қозғалтқыш тармақ, m.stylopharyngei ж-ді.
3)ramus sinus carotici-сезімтал тармақ, ұйқы үшбұрышында тармақталады
4)бадамшалық тармақ(rami tonsillares)-таңдай бадамшасының шырышты қабығын жүйкелендіреді
5)жұтқыншақ тармақтары(rami pharyngeales)- кезбе жүйке және симпатикалық сабау тармақтарымен бірігіп, plexus pharyngealis түзеді, жұтқыншақтың шырышты қабығын ж-ді.
6)тілдің тармақ(rami linguales)-соңғы тармақ. Ол тілдің артқы 1/3 бөлігін ж-ді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет