1. Жоғары оқу орнындағы тəрбие жұмысының негізгі факторлары


Куратор келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс



бет3/3
Дата02.07.2016
өлшемі471.16 Kb.
#173088
1   2   3

Куратор келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:
- тəрбие жұмысының жоспары;

- есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық жəне жылдық.



Куратор академиялық кеңес беруді жүзеге асыра отырып, келесідей қызметтерді орындайды:
1. Білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастырудың тəртібімен, типтік жəне оқу жұмыс жоспарымен, элективті пəндер каталогымен, міндетті жəне таңдау пəндері тізімін құрастырудың талаптарымен, курстың пререквизиттерімен жəне постреквизиттерімен таныстырады.

2. Оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыру жəне оның қызмет етуінің негізін түсіндіреді.

3. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, студентке жеке оқу жоспарын құрастыруға жəне түзетуге ықпал етеді жəне көмек көрсетеді.

4. Студенттің білім алу барысының барлық кезеңінде ұйымдастырушылық-əдістемелік жəне кеңес беру жұмыстарын өткізеді.

5. Студенттерге жеке оқу траекториясын қалыптастыру жəне білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында көмек көрсетеді.

6. Студенттердің болашақ мансабы туралы мəселелерін шешуге, ғылыми зерттеу бағытын анықтауға, ғылыми жетекші таңдауға, бітіру жұмысының тақырыбын анықтауға, кəсіби практикадан өту мекемесін таңдауға көмек көрсетеді.

7. Студенттердің үлгерімін қадағалайды, өз институт/факультетінің оқу процесін тіркеуші офис әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

8. Студенттерді қолданыстағы нормативтік құқықтық бөлу жəне болашақ мамандарды жұмысқа орналастырудың (жеке өзі жəне арнайы мамандардың көмегімен) ережелерімен таныстырады.


Бірінші курстың куратор міндетті:
1. Студенттерді сабақ басталған соң бір айдың ішінде университеттің, институт/факультеттің Жарғысымен жəне құрылымымен, ішкі тəртіп ережелерімен таныстыруы жəне аталған міндеттерді студенттердің орындауын құжатпен рəсімдеуі тиіс.

2. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылу ерекшелігін көрсетуге, студенттерді оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерімен, рейтингпен жəне емтиханның қорытынды балдарымен таныстыруы тиіс (əсіресе студенттерді компьютерлік тестілеу барысында).

3. Екінші курста өткізілетін аралық мемлекеттік бақылау туралы жəне оның мазмұнымен, өткізілуімен таныстыруы тиіс.

4. Студенттерді өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жəне орындау (жеке өзі жəне арнайы мамандарды тарту арқылы), еңбек жəне демалыс тəртібі, интеллектуалдық еңбекті орындау ережелерімен таныстыруы тиіс.

5. Студенттерді университеттің жастар қоғамдық ұйымдарының қызметімен жəне олардың қоғамдық белсенділігін қалыптастырудағы рөлімен, студенттердің əлеуметтік қорғалуымен (жеке өзі жəне арнайы мамандарды тарту арқылы) таныстырылуы тиіс.

6. Университеттің, институт/факультеттің, кафедраның тарихымен, институт/факультеттің, кафедраның міндетімен жəне болашағымен, кафедраның жетекші оқытушыларымен, үздік студенттерімен таныстыруы тиіс.

7. Студенттерге жоғары оқу орнына, университеттің өміріне бейімделуіне, қоғамдық қызметтерге атсалысуға көмек көрсетуі тиіс.
Куратордың құқы
1. Университеттегі жəне институт/факультеттегі тəрбие жұмысының жоспарын, студенттердің мүдделері мен қызығушылықтарын ескере отырып, оқу тобындағы тəрбие жұмысының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың əдістері мен құралдарын, формасын өз бетінше таңдауға;

2. Университеттің жəне институт/факультеттің барлық əкімшілік жəне қоғамдық ұйымдарына студенттердің тұрмыстық-мəдени жағдайын, тəрбие, ғылыми-зерттеу жəне оқу жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;

3. Алдын ала оқытушылармен келісе отырып, топта өткізілетін дəрістерге, семинарларға, практикалық жəне басқа да сабақтарға қатысуға;

4. Барлық пəндер бойынша ағымдық, аралық жəне қорытынды бақылау өткізу тəртібінің қадағалануын тексеруге;

5. Топ студенттерінің ата-аналарымен жəне туыстарымен байланыс жасау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға;

6. Топтағы жəне жекелеген студенттерге қатысты барлық мəселелерді талқылауға қатысуға;

7. Əрбір студент туралы электронды базаға енгізілетін ақпараттың дұрыс толтырылуын қадағалауға;

8. Кафедралардан элективті пəндер саны жəне олардың сипаттамасы туралы толық ақпараттың өз уақытында берілуін талап етуге;

9. Студенттерді мадақтауға, жатақханаға орналастыруға жəне шығаруға ұсыныс жасауға;

10. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген студенттерге көмек беру үшін директорат/деканат пен кәсіподақ ұйымына ұсыныс жасауға;

11. Студенттерді оқу, педагогикалық және өндірістік тәжірибе жинақтау үшін мекемелермен байланыс жасауға;

12. Оқу тобында оқу-тәрбие процесінің бір қалыпты жүргізіліуне кедергі жасайтын студенттерге жан-жақты әсер етуге;

13. Өзінің практикалық жұмысында университет мұражайлары мен ғылыми-зерттеу лабораторияларымен тығыз байланыс жасап, әлеуметтік, педаогикалық және басқа да зерттеулер тәжірибелерін қолдануға;

14. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге, топ студенттерін аталған органдар жұмысына барынша белсенді тартуға, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау үшін студенттер кандидатурасын ұсынуға құқы бар.


Кураторлардың жауапкершілігі
Куратор институт директоры, факультет деканы бекіткен, директор мен деканның оқу жұмысы жəне тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен келісілген, оқу тобындағы оқу-тəрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ-ДЫҢ КУРАТОРЛАР КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер

1. Кураторлар Кеңесі – куратордың оқу-тəрбие жұмыстарына бағыт беретін, университет жəне факультет ішіндегі тəрбие жұмысы процесін басқару жүйесіне кіретін студенттік топтардың кураторларының қоғамдық бірлестігі.

2. Куратор Кеңесі – университтеттің студенттік топтарындағы тəрбие жұмыстарын реттеуші жəне бақылаушы орган.

3. Куратор Кеңесі өзінің қызметін атқару барысында Қазақстан Республикасының заңдарына, университет Жарғысын басшылыққа ала отырып өз қызметін жүзеге асырды.

4. Куратор Кеңесі құрамына: тəрбие жұмыстары жөніндегі проректор – Куратор Кеңесінің төрағасы (төрайымы); тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты басқармасының бастығы – төраға (төрайым) орынбасары; факультет декандарының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары кіреді.

Куратор Кеңесінің негізгі мақсаттары мен қызметтері

Куратор Кеңесінің негізгі мақсаттары:

1. Факультеттегі тəрбие жəне оқу процестерін реттеу.

2. Университеттің тəрбие процесіне басшылық жүргізу жəне ықпал ету.

3. Студенттерді тəрбиелеуде қағидатты бірыңғай жолдарымен жүзеге асуын қамтамасыз ету.

4. Студенттік ұжымда тəрбие жұмысының дамуы жүйесіне ықпал ету.

5. Студенттік топта тəрбиелік іс-шараларды жоспарлау жəне ұйымдастыруға бағдар беру.

6. Куратор жұмысының алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибесін зерделеу, қорытындылау жəне пайдалану.

Университеттің куратор Кеңесінің қызметтері

Университеттің куратор Кеңесі:

1.Факультеттердегі куратор Кеңесінің жұмысына бағыт береді жəне бақылайды.

2.Студенттік топтар жұмысын ұжымдық жоспарлау жəне ұжымдық саралауды ұйымдастырады.

3.Факультеттердегі куратор Кеңесінің, студенттік топ куратор жұмысының тəжірибе алмасуын ұйымдастырады жəне алдыңғы қатарлы тəжірибелерді куратор мектебі арқылы семинар-тренингтер ұйымдастыру жолымен таратады.

4.Куратор мектебінде кураторлар тəрбие жұмысының ғылыми-əдістемелік деңгейінің көтеру процестерін бақылайды.

5.Тəрбие қызметінің əлеуметтік-педагогикалық мəселелерін талқылайды.

6.Куратор мектебінде оқылатын тақырыптарға тапсырыс береді.

7.Жыл сайын өтетін студенттік топтар арасындағы тəрбие жұмыста ең үздік куратор конкурсын ұйымдастырады.

8.Студенттік өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп ең үздік студенттік топ конкурсын ұйымдастырады.

9.Куратор қызметін бағалаудың критерийлерін анықтайды.

Куратор Кеңесінің құқығы:

1.Ректоратқа жəне университеттің Ғылыми Кеңесіне студенттермен тəрбие жұмысын жүргізуді жетілдіреді жəне студенттердің оқу жəне демалуын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасайды.

2.Жұмысқа қоғамдық ұйымдарды, университет бөлімдерін, жалпыуниверситеттік кафедраларды жəне университеттің мəдениəлеуметтік орталықтарын тартады.

3.Ректоратқа жəне университеттің Ғылыми кеңесіне үздік студенттік топ

кураторларын, куратор Кеңесінің мүшелерін марапатату жөнінде ұсыныс жасайды.

4. Тұжырымдаманы жүзеге асыру ұстанымдары мен тетіктері

ҚМУ-дың жастар саясатының ұстанымы:

5.мазмұнның вариативті ұстанымы – жастардың кəсіби əлеуметінің көптүрлі мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарының, əртүрлі бағдарламалардың болуы;

6.əлеуметтік инновациялар ұстанымы – жастармен жұмыс инновациялық форматы, жаңа идеяларды, технологияларды өндіру, сапа бағасының механизмі мен жоба талаптарының қалыптасу ұстанымы;

7.ақпараттық ашықтық ұстанымы – ақпаратты барынша толық жеткізу, кері байланысқа шығуға жағдай жасау;

Тұжырымдама ережелерінің жүзеге асуын ұйымдастыру жəне бақылау

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жастар саясаты концепциясын ұйымдастыру жəне бақылау:

• Концепияны жүзеге асыру барысындағы іс-шаралар жоспарының

орындалуын талдау жəне оны түзетуге байланысты өзгертулер енгізу;

• Концепцияның жүзеге асуын ақпараттық жəне əдістемелік қамтамасыз ету;

• Концепция мен іс-шаралар жоспарына жауаптылардың жұмысын үйлестіру;

• Концепцияның жүзеге асуы жайлы жыл сайынғы сараптамалық ақпарат беру тəрбие жұмысы жөніндегі проректорға, тәрбие жұмысы жəне жастар саясаты басқармасына, Студент-жастар Одағына жүктелген.

5. Күтілетін нəтижелер

• ҚМУ-дың білім беру жүйесінде Жастар саясаты тұжырымдамасын тұтастай, мақсатты, жүйелі жүзеге асыру.

• Жастар ортасындағы жағымды тенденциялар – білім беру деңгейінің жоғарылауы, патриоттық сезімнің дамуы, жастардың ғылыми, оқуда жəне оқудан тыс қызметтерге белсенді қатысуы.

• Студент жастардың азаматтық-құқықтық мəдениетінің қалыптасуы.

• Жастардың рухани-адамгершілік, зияткерлік, мəдени-эстетикалық əлеуетін дамыту.

• Тəрбие үдерісі техологиясы жəне əдістер мазмұнының деңгейін жоғарылату.

• Жастарды тəрбиелеу жəне насихаттау инновациялық əдістерін қамтамасыз ететін, мамандарды даярлау жүйесін жасау жəне жүзеге асыру.

• Жастардың өмірге өз бетінше бейімделуі, оларға əлеуметтік жағдай жасау, жастарға бос уақыт пен демалыс ұйымдастыру, салауатты өмір салтына талпынуды қалыптастыру.

• Университет түлектерін жұмысқа орналасуына жəрдемдесу.

• Жастардың экономикалық жəне құқықтық қызығушылығын жүзеге асыруға шарттарды қамтамасыз ету.

ҚМУ-дың жастар саясатын табысты жүзеге асыру ҚМУ-дың тек классикалық университет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар жастар өміріндегі аса маңызды əлеуметтік-мəдени орталық ретінде студенттердің кəсіби жəне əлеуметтік дағдыларын қалыптастырады.



ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІ ТҰЛҒАСЫНЫҢ МОРАЛДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР ЕРЕЖЕСІ
Қоғамда және әртүрлі ортада қарым-қатынас жасау кезінде студент тұлғасының этика, мінез-құлық нормаларын, мәдени және саяси даму деңгейін, сондай-ақ адамның моральдық бейнесін сипаттайтын студенттердің бәріне бірдей міндетті Ережелер бар.

Университет қабырғасында қоғамдық мінез-құлық дағдыларын игеріп, этика мен эстетика негіздерін бойына сіңірген студент әрі қарай да өз жұмысын табысты жүргізіп, ұжыммен өзара қарым-қатынасын дамытады.

Университетте студент таңдаған мамандығы бойынша білім және тәжірибе қорын жинақтаумен қатар, ол өз бетінше білім алу қабілетін жетілдіреді. Сабақтарда, қоғамдық іс-шараларды орындау барысында және олардан тыс кезде студенттің бойында белгілі адами тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Бұл қасиеттер оның даму мен тәрбиелілік деңгейін сипаттайды. Оқу-тәрбие үдерісінде студенттің сапалы білім, саналы тәрбие алуының нәтижелі болуы әрбір студенттің негізгі этикалық ережелерді орындауына университет ұжымының тұрақты бақылау жасауына тікелей байланысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттері

- университеттің Сыр өңіріндегі білім, ғылым және мәдениеттің жетекші орталығы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің негізгі міндеті деп санай отырып;

- университетте студенттермен, қызметкерлермен жəне жоғары оқу орнының əкімдігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып;

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенті тұлғасының моралдық-этикалық нормалар ережесін қабылдайды жəне оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.

1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті:



  • Қазақстан Республикасының Конституциясына;

  • ҚР Білім туралы және Ғылым туралы заңына;

  • ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы (2004 ж. 7 шілде)

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жарғысына,

  • Университеттің ішкі тəртіп Ережесіне,

  • Жатақханада тұру Ережесіне жəне басқа да университеттің нормативті құжаттарына бағынады.

2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Қазақстан мемлекеті, Қызылорда облысының қалыптасу тарихын біледі жəне оларды қастерлейді, университетте сақталған дəстүрлерді кіршіксіз сақтайды жəне оларды құрметтейді.

3. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті ҚР және шетел азаматына, оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік дəрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарап, толеранттылық танытады.

4. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті жалпы және педагогикалық қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық танытады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті оқытушыдан бұрын дәрісханаға келіп, сабаққа дайын отыруы тиіс.

5. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті сабаққа мұқият дайындалып, кредиттік технология талаптарына сай сабақтарда шығармашылық пен интеллектуалды белсенділік танытуға міндетті.

6. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

- оқу-тәрбие үдерісінде плагиат; шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру жəне біреуден сұрау, ұялы телефонды пайдалану;

- білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;

- жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану, пара беру;

- оқытушыны алдау жəне оны сыйламау;

- сабақтарды жіберу жəне кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне белгісіз себептермен қатыспау, сабақта ұялы телефонды қосып қою. Дәлелсіз себеппен сабаққа кешігіп келу немесе сабаққа мүлдем келмеу өрескел тәртіп бұзушылыққа жатады. Сабаққа немесе мәдени-тәрбие жұмыстарына дәлелді себеппен қатыспау арнайы құжатпен расталу керек.

7. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті университет мүлкіне қамқорлықпен қарайды

8. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті университеттің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды жəне бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.

9. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық жəне эстетикалық нормаларға сəйкес келеді. Оқу ғимаратына кіргенде және оның ішінде жүргенде ер адамдар бас киімін шешіп, барлық студенттер сыртқы киімін киім ілетін орынға тапсырады.

10. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті саламатты өмір салтын ұстанады, өзінің мəдени, адамгершілік жəне тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, университеттің қоғамдық, мəдени, ғылыми жəне спорттық өміріне белсене атсалысады.

11. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті университетте жəне оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық əрекеттерге және қоғамға жат қылықтардың орын алуына жол бермейді.

12. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті тəртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермейді, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген діни және басқа іс-шараларға, жиналыстарға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға, шерулерге, қатыспайды.

13. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті сапалы білімі, интеллектуалдық және шығармашылық белсенділігі, парасатты тәрбиесі, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін марапатталады.Сондай-ақ, осы ережелерді сақтамаған, өрескел бұзған жағдайда ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс беріледі, университеттен шығарылады.



14. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті аталған Ереженің бұзылуын анықтаған сəтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай əрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе университет əкімдігіне хабарлауға міндетті.

15. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті университет мүддесіне қайшы келетін жəне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-əрекетке қатысудан бой тартады. Қорқыт Ата қалдырған тағылымды өмірлік қағида ретінде ұстанатын университет студенті деген құрметті атаққа лайық, ұлтжанды және патриот тұлға болуға міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет