1-жүргізуші: Армысыңдар, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. 2- жүргізуші



бет4/5
Дата10.04.2024
өлшемі27.26 Kb.
#498323
1   2   3   4   5
Қош келдің, Әз-Наурыз! (студенттер)

Құрдас табаққатоқпан жілік, омыртқа, сүбе, қабырға, қазы, құйрық салынады.


Аяқ табаққа – еттің басқа мүшелерінен жасалады. Бұл табақ ауыл адамдары мен көмекші адамдарға жасалады.


Бала табаққа – беломыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік, жылқы, сиыр, қой еттері салынады.


Әйелдер табағына кейбір ерекше жағдайларда болмаса, бас салына бермейді. Басты жасы үлкен, сол мал арнайы сойылған, қадірлі қонақ ұстайды немесе оның ұсынуы бойынша табақ басында отырған адамдардың ішіндегі басқа бір беделдісі ұстайды.
Бас табақтағы адамдар әуелі бас алынбай тұрып табаққа бас салмайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша бас ұстаған қонақ әуелі өзі бір кесіп ауыз тиеді де, содан кейін табақтастарына құйқа үлестіріп, тегіс ауыз тигізеді. Осыдан соң жарым жарты құйқасын сақтай отырып орта табақтағы жасы үлкен адамға ұсынады. Кейіннен басты мал иесінің өзіне ұсыну салты қалыптасқан.
1 Жүргізуші:
Бата дастархан Наурыз мерекесіне байланысты дәстүрлер туралы айтатын болсақ, бұл күні адамдар үйде көптеген қонақтарды қабылдап, оларды жайылған дастархан басында қарсы алады. Мейрамға қатысқан барлық қонақтар түске қарай дастарханға шақырылды, молда мерекелік дастарханға дейін және одан кейін ата-бабаларының құрметіне дұғалар оқиды. Аяқтағаннан кейін жиналғандардың ішіндегі жасы бойынша үлкені дастарқанға батасын беріп, жылдан-жылға отбасының әл-ауқатының артуын тілейді. Үй иесі де шетте қалмайды, ол барша адамдарға Наурызда үйіне келіп, осындай мейрамның қуанышымен бөліскендері үшін алғысын білдіреді.
2 Жүргізуші:
Ас қайыру Қонақтар тамақтан кейін үй иелері дайындаған асқа ризашылықтарын білдіреді. Олар үй иесіне және оның отбасына өз тілектері мен баталарын береді.
Ата ас қайырып бата береді.
Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.
Амандық берсін басыңа
Қадір келсін қасыңа
Бар екем деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа.
Әумин!
Апа: ал, қонақтар бұйымтайыңызды айтыңыздар.
Көрші келін: Апа, сүйіншілеріңізді дайындадыңыздар ма?
Ата: Айналайын, қарағым, сәби мен қатар туған ала сиырдың бұзауын өзіңе атадым, қорадан аяққа тұрған кезде ала ғой, шырағым.
Көрші келін: рахмет, ата,
Жеңгелері: Апа, ата, Мына тұрған ерке қыздар мен мырза жігіттермен алтыбақан тебуге бара жатқанбыз, жол- жөнекей сіздердегі қуанышты естіп, келіп қалдық. Айып етпеңіздер, Немерелеріңіздің бауы берік болсын! Елінің азаматы болсын!
Аумин!Аумин!
Мұрат: Әке, ауыл халқы қуанышты естіп, барлығы дерлік келеді. Мына немереңізге атын қойып, батеңізды беріп жіберіңіз. Ауыл тұрғындарына ұлан асыр той жасайық.
Ата: Ендеше шырағым, қолдарыңды жайыңдар!
 Я, жаратқан! Бүгінгі есім берген сәбиімізге ұзақ өмір нәсіп ете гөр. Енді сәбиімізге қол жайып, бата берейік!

Бақытты бала болсын,
Ақылды дана болсын.
Аман сау өсіп ер жетіп,
Ата - анасына пана болсын!
Пейілі кең болсын, айтқаны жөн болсын.
Қадамы оң болсын.
Бесігінің түбегі даңғыр қақсын,
Жөргегін сан құрғатсын.
Жаялығы аңқи берсін,
Уілдеп шалқи берсін.
Атына сай Ажарлы болсын,
Жүрген жері базарлы болсын!
Сәбиімізге жан тимесін.
Аман - сау болып ер жетсін,
Ақ әже болып төрлетсін!
Әумин!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет