103
орталықтандырылмаған қаржылар табылады. Өйткені
оларда мемлекеттің және
субъектілердің
қаржы ресурста-рының негізгі бөлігі шоғырландырылған және қоғамдық игіліктер
жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық субъектілерінің
қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері кіреді:
а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс
істейтін субъектілердің
қаржылары;
ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары;
б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары.
Сондай-ақ орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруа- шылықтарының
қаржылар жатады.
Қоғамда
жасалған
жиынтық
өнімді
бастапқы
бөлу
үдерісінде
үй
шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына келіп түсетін
қаржы
ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы бойынша қолданылады. Мұндай қаржылық
ресурстар банктік жүйе және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары арқылы әріқарай қайта
бөлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай қаржылардың қозғалысы нарықтық
келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі
бөлініп
шығады.
Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің
қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып
бюджеттік бағдарламалардың
заңдық негізде бекітілуі табылады.
Достарыңызбен бөлісу: