118
артатындығын және қандай фактордың тым аз қарқынмен дамитындығын немесе
өндірістің дамуына кедергі келтіретіндігін анықтай алады.
Ұлттық шаруашылықтың
экономикалық өсуі экстенсивті, интенсивті және
аралас жолдармен жүзеге асырылады.
Экономикалық өсудің экстенсивті типі өндіріс масштабын кеңейтуге негізделеді.
Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндірістің технологиясын өзгертпей өндіріске
тартылатын факторлардың санын арттыру есебінен орындалады.
Экономикалық өсудің
экстенсивті факторлары қолданылатын өндірістік ресурстардың көлемін арттыру есебінен
өндіріс көлемінің ұлғаюының сандық жағын сипаттайды.
Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылар санын арттыру, капитал
салымдарын көбейту, тұтынылатын шикізат көлемін арттыру, т.б.
Экономикалық өсудің интенсивті типі өндірістің аса тиімді құралдары мен
технологияларын қолдануға негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндіріс
факторларын қолдануды сапалық жағынан жақсарту есебінен орындалады. Экономикалық
өсудің интенсивті факторлары өндірістік ресурстарды қолданудың
тиімділі- гін арттыру
есебінен өндіріс көлемін ұлғайтудың сапалық жағын сипаттайды. Оларға мынадай
факторлар жатады: жұмысшылардың біліктілігін көтеру,
ғылыми-техникалық прогресс,
үнемдеу тәртібі, технологияны, еңбектің ұйымдастырылуы мен өндірісті жетілдіру,
өнімнің сапасын көтеру, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: