125
Сонымен, фритредерлік саясат сыртқы сауданың ешқандай
кедергілерін-сіз елдер
арасындағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуын жақтаса, ал протекционистік саясат
ұлттық өндірісті қолдау үшін елге шетелдік өнімнің келуін шектеуді қарастырады.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
тарифтік және
тарифтік
емес әдістер болып бөлінеді. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік құралдарына кедендік
баж салығы мен тарифтік квота жатады. Тарифтік емес құралдарға квоталау, лицензиялау,
еркін экспорттық шектеулер,
жасырын және қаржылық әдістер, экономикалық емес
әдістер жатады.
Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданы реттеуді және өндіріс факторларының
өзара қозғалысын қазіргі уақытта
Халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік сауда
ұйымы, Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асырады.
Сондай-ақ, сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу бір жақты,
екі жақты және көп
жақты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: