4 МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ Мақсаты: Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен
субъектілерін зерттеу және Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
бағыттарына кеңірек тоқталу Сұрақтар: 1. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
2. Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары
Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйым- дастырудың іргетасы
болып табылады. Меншік ұғымы тарихи категория ретінде алдымен, жермен, содан соң
өндіріс құрал- жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен
байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші адамның еңбегіне және
оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық
байлықтың және пайда табудың қайнар көзі ретінде саналады.
Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П.
Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты
қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен
меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді
құқықтарын анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік
құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара
пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша
келісе алатындығын сипаттайды.
Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің қатыстылығы
жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп түсінуге болады.
Меншік нысаны меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді.
Кейбір отандық әдебиеттерде, меншік құқығы деп белгілі бір тұлғаларға
материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілі- гін бекітетін және осы
құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығын айтады. Экономиканың негізгі үш
іргелі мәселесі – не, қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық
агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді болып табылады. Осыған
байланысты, кез келген меншік иесі болып табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік
объектісін иемденеді, пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:
• Иемдену– мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық тұрғыдан
қамтамасыз етілуі.
• Пайдалану – белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың және одан
пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
• Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.
35
Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің толыққанды кешенді
құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық» немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11
элементтен құралады: